Инвестициялық жобалар

Сұрыптау:

Батыс Қазақстанның энергия жүйесін Қазақстан БЭЖ-імен біріктіру жобасы.

Жобаның мақсаты: Батыс аймақты республика аумағы бойынша Қазақстан Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) негізгі бөлігімен біріктіру, Қазақстанның батыс облыстарының энергия қауіпсіздігі мен энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз ету, БЭЖ Батыс аймағының тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру, БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтарының электр энергиясы мен қуатының теңгерімсіздігін өтеу үшін БЭЖ Батыс аймағының маневрлік генерациясын пайдалануға мүмкіндік береді.

Негіздеме: жоба Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалары негізінде, сонымен қатар ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес бастамашылық жасалған.

Жобаның сипаты: Электр желілік объектілерді сала отырып, ұзындығы 604,3 шақырым Қарабатан ТП - Өлке ҚС 500 кВ ӘЖ салу.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2023-2027 жж

Жобаның құны: ҚҚС-мен 201,8 млрд. теңге (іске қосу-реттеу жұмыстарына, тарихи-мәдени сараптамаға арналған шығыстарды қоса алғанда).

Ағымдағы дәрежесі: жобаның әзірленген ТЭН-не 2024 жылғы ақпанда «Мемсараптама» РМК қорытындысы алынды.  «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен сәуір айында жобаның негізгі көрсеткіштері және жобаны іске асыру кезеңіне көшу бекітілді. Ағымдағы жылы ЖСҚ әзірлеуге, жабдықтарды жеткізуге және құрылыс-монтаждау жұмыстарына ЕРС-байланыстар жасау жоспарлануда.

Жобаны қаржыландыру меншік қаражат (30%)  және Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің қарыздық қаржыландыруын  (70%) тарту есебінен жоспарлануда.

2024 жылғы 8 мамырда Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі өз сайтында «Сатып алу туралы жалпы хабарлама» жариялады, онымен KEGOC Integration of the West Zone (ebrd.com) (https://www.ebrd.com/work-with-us/procurement/p-pn240508.html) сілтемесі арқылы танысуға болады.

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс