Мәмілелер туралы ақпарат

Қазақ

Қоғамның ipi мәмілелері және жасалуында «KEGOC» АҚ-ның мүдделілігі бар 

мәмілелер туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2017 жылғы 27 ақпандағы № 49-VІ ҚРЗ Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 25-тармағының 12)-тармақшасына сәйкес  Қоғамның ipi мәмілелері және жасалуында «KEGOC» АҚ-ның мүдделілігі бар мәмілелер туралы ақпарат жария етілу шарттары өзгертілді.

Аталған өзгерістерге сәйкес Қоғам қаржылық есептеме дипозитариінің, қазақстан қор биржасының және Қоғамның интернет-ресурстарында қоғамның ipi мәмілелері және бір мезгілде мынадай талаптарға жауап беретін: жасалуында Қоғамның мүдделілігі бар болып табылатын және Қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің он және одан да көп пайызын құрайтын мүлікті иеленуге немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелерді жасасуы туралы ақпаратты жария етуге міндетті.

«KEGOC» АҚ Жарғысының 38-бабы 3-тармағына сәйкес ірі мәміле ретінде: 

1) құны Қоғам активтерінің теңгерімдік құнының жалпы мөлшерінен он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті Қоғамның сатып алуы немесе иеліктен шығаруы (сатып алынуы немесе иеліктен шығарылуы мүмкін) нәтижесінде жасалған мәміле немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығы;

2) нәтижесінде Қоғам өзі орналастырған бағалы қағаздарын сатып алуы немесе бір түрінде орналастырылған бағалы қағаздардың жалпы санының жиырма бес және одан көп пайыз мөлшерінде Қоғам өзі сатып алған бағалы қағаздарын сатуы мүмкін мәміле немесе өара байланысты мәмілелер жиынтығы танылады.

Жасалуында мүдделілігі бар мәмілелерге, Қазақстан Республикасы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 71 бабына сәйкес, Қоғамның аффилиирленген тұлғаларымен жасалатын мәмілелері жатады.