Қазақстан Республикасының электр энергетикасы жүйесі

Қазақ

Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикасы жүйесі (ҚР БЭЖ) республика тұтынушыларын сенімді әрі сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр жеткізу желілері мен қосалқы станциялардың жиынтығын құрайды.

Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:

  • энергия қуатын тұтынушылардың сұранысын жоғары-деңгейде қанағаттандыру және тұтынушылардың ішкі нарықта электр мен жылу энергиясын жеткізушілерді таңдау құқығына кепілдік беретін бәсекелестік жағдай тудыру жолымен электр және жылу энергиясы қатысушыларының құқықтарын қорғау;
  • Қазақстан Республикасы электр энергетикасы кешенінің сенімді де тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
  • еліміздің шаруашылық-экономикалық және әлеуметтік кешенінде тіршілікті қамтамасыз етудің маңызды  құралы саналатын Қазақстан Республикасы электр энергетикасы кешенін басқарудың тұтастығы.

Электр энергетикасы саласында бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі  болып табылады.Төмендегідей негізгі мәселелерді шешу министрлік құзыретіне жатады:

  • электр энергетикасы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
  • электр энергетикасын дамыту бағдарламаларын әзірлеу және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
  • электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
  • электр энергетикасы саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
  • өз құзыретінің шегінде электр және жылу энергиясын өндіру, жеткізу және пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және бекіту;
  • техникалық пайдалану және қауіпсіздік техникасы саласындағы техникалық регламенттерді, жабдықтарды пайдалану сипаттамасын, энергия өндіруші, энергия жеткізуші, энергиямен  жабдықтаушы ұйымдардың технологиялық қажеттіліктеріне  электр және жылу энергиясының шығыс нормаларын қоспағанда, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
  • жобалау, салу, техникалық пайдалану және электр энергетикасы объектілерінің қауіпсіздік техникасы, жабдықтарды пайдалану және техникалық-экономикалық сипаттамаларын, табиғи монополиялардың субъектісі болып табылмайтын энергия өндіруші ұйымдардың технологиялық қажеттіліктеріне электр және жылу энергиясының шығыс нормалары салаларындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу және бекіту;
  • инвестициялық бағдарламаны әзірлеуге техникалық тапсырманы  бекіту;
  • энергия өндіруші ұйымдармен келісімдер мен инвестициялық шарттар жасасу;
  • энергия өндіруші  ұйымдармен келісімдерде, инвестициялық бағдарламаларда, инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық міндеттемелердің орындалу  мониторингі;
  • энергия өндіруші  ұйымдардың тобын құру;
  •  кепіл беруші жеткізуші мен оның жауапкершілік аймағын анықтау тәртібін бекіту;
  • энергетикалық сараптама жүргізу әдістемесін, тәртібін және мерзімдерін анықтау;
  • электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін құру тәртібін белгілеу;
  • жүйелік оператор мен электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық операторын анықтау;
  • Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесімен электрлік байланысы жоқ өңірлер үшін электр энергиясы көтерме нарығын ұйымдастыру және жұмыс ерекшеліктерін анықтау;
  • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды орындайды

Электр энергетикасы саласындағы қадағалау мен бақылауды мемлекеттік энергетиканы қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган-Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетиканы қадағалау комитеті жүзеге асырады.

Мемлекеттік энергетиканы қадағалау комитеті мыналарды қадағалау мен  бақылауды жүзеге асырады:

  • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің техникалық талаптарының электр энергиясы саласында орындалуы;
  • электр станцияларының, электр және жылу тораптарының энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың электрлік және жылу пайдаланылатын қондырғыларының және техникалық жай-күйі;
  • электр және жылу энергиясы сапасы бойынша техникалық шарттар талаптарының сақталуы;
  • электр және жылу энергиясын ұтымды және үнемді пайдалану, өндіріс режимдерін оңтайландыру, жеткізу, тұтыну;
  • электр станцияларының, электр және жылу тораптарының күзгі-қысқы жағдайларға әзірлігі.

Мемлекеттік энергетиканы қадағалау комитеті мынадай функциялар мен міндеттерді орындайды:

  • электр энергетикалық кәсіпорындардың объектілер мен жабдықтардың қысқы жағдайларға әзірлігін бағалау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады; 
  • электр станцияларының, жылу және электр тораптарының Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесінің бірнеше бөлікке бөлінуіне, электр және жылу энергиясы бойынша тұтынушыларды жаппай шектеуге, ірі энергетикалық жабдықтың зақымдануына  алып келетін ірі технологиялық бұзылыстарды тексеруді есепке алады;
  • электр және энергия жабдықтарына рұқсаты бар; 
  • электр станцияларының, электр және жылу тораптарының энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдығының техникалық жай-күйін кезең-кезеңмен тексеруді жүзеге асырады; 
  • электр және жылу қондырғыларының техникалық жай-күйі мен пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, жеткізу мен  таратуды және оларды сатуды жүзеге асыратын ұйым басшыларының  пайдалану техникасы мен қауіпсіздік техникасы ережелері жөніндегі білімдерін біліктілік тексеруді ұйымдастырады;
  • энергетика объектілерінде электр және жылу энергиясын қауіпсіз және тиімді өндіру, жеткізу, тарату және пайдалану жөнінде энергетикалық сараптама жүргізуді, энергия үемдеу саясатының орындалуын бақылауды, заңды тұлғалардың энергетикалық тиімділігін зерттеуді ұйымдастырады;  
  • Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады; 
  • Энергия үнемдеу бағдарламаларын, нормативтік әдістемелік актілерді, құқықтық және экономикалық тетіктерді әзірлеуді ұйымдастырады; 
  • ұйымдардың меншік иелеріне аварияларға, оқыс оқиғаларға және электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің техникалық талаптарының өзге де  өрескел бұзылуына жол беруге кінәлі адамдарды тәртіптік жазалауға тарту туралы ұсыныстар енгізеді  немесе тиісті мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының бұзылуына кінәлі адамдарды әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы материалдарды жібереді.    

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (ТМРА) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықта (оның жүзеге асыратын реттеуші орган болып табылады.

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігі нарық субъектілерінің қызметін бақылау және реттеу, бәсекелестікті дамытуды қорғау және үйлестіру аясындағы қызметтерді, сондай-ақ белгілі бір тауар нарығында (соның ішінде электр энергиясы нарығында) басымдыққа ие нарық субъектілерінің қызметін жүзеге асыру барысында тұтынушылар құқығын қорғау қызметтерін жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері:

  • «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы;   
  • «Энергия үнемдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 25 желтоқсандағы Заңы;   
  • «Қазақстан Республикасының электр энергетикасында нарық қатынастарын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 ақпандағы № 190 қаулысы; 
  • Қазақстан Республикасының электр энергетикасының көтерме нарығын ұйымдастыру және қалыптастыру ережесі; 
  • Жүйелік  оператордың қызмет көрсету,  жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және құру ережесі; 
  • Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын қалыптастыру ережесі;
  • Қазақстан Республикасының электр энергиясын орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру және қалыптастыру ережесі; 
  • Электр энергиясының  бөлшек нарығын ұйымдастыру және қалыптастыру, сондай-ақ осы нарықта рұқсат ету мен қызмет көрсету ережесі; 
  • Электр тораптық ережелер.

Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларын басқарудың қолданыстағы моделін жетілдіру  және  мемлекеттік активтерді тиімді басқару мақсатында Президенттің Жарлығымен 2008 жылғы қазанда «Самұрық» «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ мен «Қазына»  мемлекеттік тұрақты даму қорын біріктіру жолымен  «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы құрылды.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ –энергетика, телекоммуникацияны, көлік салаларын және даму институттарын қоса алғанда, экономиканың түрлі саласындағы ұлттық компанияларға иелік ететін және оларды басқаратын   мемлекеттік холдинг компаниясы.   

Сала үрдісіне шолу 

Жүктеменің жылдық максимумы

2018 жылғы жүктеменің жылдық максимумы 25 желтоқсан сағ. 19:00-де тіркелді және 14 823МВт құрады. 2017 жылғы максимуммен салыстырғанда (2017ж. 13 желтоқсан сағ. 19-00) жүктеменің максимумы 629МВт немесе 4,4%-ға артты.

Генерация 14555МВт-ты құрады, бұл 2017 жылғы ұқсас көрсеткіштен 339МВт-ға немесе 2,4%-ға жоғары.

Соған қоса қуаттың сыртқы сальдоланған ағыны (тапшылық) 268МВт-ты құрады. Соның ішінде Ресейден қабылдау – 108МВт, Орталық Азиядан қабылдау – 160МВт.

Электр энергиясын өндіру

2018ж. есеп беру кезеңі бойынша электр энергиясын өндіру Қазақстан бойынша 106797,1 млн.кВтсағ-ты құрады, соның ішінде: 

жылу электр станциялары

86795,1 млн.кВтсағ

гидроэлектр станциялары

10343,0 млн.кВтсағ

газ турбиналы электр станциялар

9119,3 млн.кВтсағ

КЭС, АЭС жәнеБГҚ

539,7 млн.кВтсағ

2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда электр энергиясының өндірісі 4413,5 млн.кВтсағ-қа немесе 4,3 %-ға артты.

Соған қоса өндірудің артуы мына ірі электр станцияларда болды:

Екібастұз ГРЭС-1

- 4324,6 млн.кВтсағ немесе29,2%-ға;

"3-Энергорталық" АҚ (Шым.ЖЭО-3)

- 244,8 млн.кВтсағ немесе116,6%-ға;

"АлЭС" АҚ АлматыЖЭО-3

- 191,5 млн.кВтсағ немесе19,2%-ға;

ЖЭО-2 "Арселор Миттал Теміртау"АҚ

- 17,3 млн.кВтсағ немесе1,0%-ға;

"ЕЭК" АҚ

- 418,9 млн.кВтсағнемесе 2,9%-ға;

Балқаш ЖЭО "KazakhmysEnergy" ЖШС

- 39,7 млн.кВтсағ немесе 3,7%-ға;

 "АлЭС" АҚ АлматыЖЭО-2

- 12,9 млн.кВтсағ немесе0,5%-ға;

Жезқаз. ЖЭО "Kazakhmys Energy" ЖШС

- на 37,5 млн.кВтсағ немесе3,2%-ға.

 Электр энергиясын өндіруді азайтты:

"Жамбыл ГРЭС" АҚ

- 759,9 млн.кВтсағ немесе29,8%-ға;

ГРЭС-2 "KazakhmysEnergy" ЖШС

- 396,5 млн. кВтсағ немесе8,8%-ға;

"СевКазЭнергоПетропавловск" АҚ

- 15,0 млн. кВтсағ немесе0,5%-ға;

ЖЭО-3 "Павлодарэнерго" АҚ

- 182,8 млн. кВтсағ немесе5,6%-ға;

ЖЭО-1 «Қазақстан алюминийі» АҚ

- 187,8 млн. кВтсағ немесе8,1%-ға;

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ

- 59,0 млн. кВтсағ немесе1,1%-ға.

 

Газ жеткізілімі болмаған соң «Жамбыл ГРЭС-і» 26 маусымнан бастап 8 қазан аралығында тоқтатылды. 9 қазаннан бастап станцияны 1 блокпен қосты, ал 17 қазаннан 2 блок жұмыс істейді.

Қазақстан ГЭС-те электр энергиясын өндіру 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 814,9 млн.кВтсағ-қа (7,3%) азайды. Станциялардың жұмыс режимі су шаруашылық балансы және гидрологиялық жағдаймен анықталады.

Қазақстан ЖЭС және ГТЭС-те электр энергиясын өндіру 4370,3 млн.кВтсағ (5,3%) және сәйкесінше 746,7 млн.кВтсағ-қа (8,9%) артты.

2017 жылмен салыстырғанда Қазақстан бойынша электр энергиясын өндіру құрылымы:

 

2017ж., %

(есептік кезең)

2018ж., %

(есептік кезең)

Барлығы

100,0

100,0

с.і.     ЖЭС

80,5

81,3

          ГЭС

10,9

9,7

          ГТЭС

8,2

8,5

КЭС, ЖЭС жәнеБГҚ

0,4

0,5

Электр энергиясын тұтыну

Қазақстанның электр энергиясын тұтынуы 2018 ж. есептік кезең бойынша 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5371,7млн.кВтсағ-қа (5,5%) артты және 103228,3 млн.кВтсағ-ты құрады. Қазақстанның Оңтүстік аймағында тұтыну 1388,9 млн.кВтсағ-қа (6,8%) артты, Солтүстік аймақтағы электр энергиясы 2975,0 млн.кВтсағ-қа (4,6%) өсті және Батыс аймақта электр энергиясының тұтынуы 1007,8 млн.кВтсағ-қа (8,1%) өсті.

 

 Тұтынуды арттырды:

«Қазфосфат» ЖШС

- 399,2 млн.кВтсағ немесе 23,5%-ға;

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС 

- 400,2 млн.кВтсағ немесе 129,9%-ға;

«Қазхром» ТҰК» АҚ «Ақтөб. ЗФ»

- 279,4 млн. кВтсағ немесе9,9%-ға;

«ӨТМК» АҚ

- 238,9 млн. кВтсағ немесе54,2%-ға;

«Қазхром» ТҰК» АҚ «Ақсу. ЗФ»

- 156,5 млн. кВтсағ немесе2,9%-ға;

«Соколов-Сарыбай ТКО» АҚ

- 77,4 млн. кВтсағ немесе4,5%-ға;

«Қазақстан электролиз зауыты» АҚ

- 79,5 млн. кВтсағ немесе2,2 %-ға;

«Қазцинк» АҚ

- 46,5 млн. кВтсағ немесе1,7%-ға;

«Қазақмыс  корпорациясы» ЖШС

- 15,4 млн. кВтсағ немесе7,9%-ға.


2017 жылмен салыстырғанда электр энергиясын тұтынуды азайтты:

«KazakhmysSmelting» ЖШС

- 35,2 млн. кВтсағ немесе3,3%-ға;

«Арселор МитталТеміртау» АҚ

- 165,9 млн. кВтсағ немесе4,1%-ға;

«Қазақмыс  корпорациясы» ЖШС(ЖЦМ)»

- 33,9 млн. кВтсағ немесе3,2%-ға.

«Қазақстан алюминийі» АҚ

- 1,2 млн. кВтсағ немесе0,1%-ға.

2018 ж. есептік кезең бойынша 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда электр энергиясын максималды тұтынудың өсуі Алматы облысы бойынша 531,7 млн.кВтсағ (5,1%), Жамбыл облысы бойынша 518,5 млн.кВтсағ (13,6%), Павлодар облысы бойынша 779,0 млн.кВтсағ (4,2%), Қарағанды облысы бойынша 620,5 млн.кВтсағ (3,7%).

Қазақстан аймақтары бойынша электр энергиясын тұтыну құрылымы мынандай: 

- Қазақстан

103228,3 млн.кВт.сағ немесе 100,0%

- Солтүстік аймақ

67856,3 млн.кВт. сағ немесе 65,7%

- Оңтүстік аймақ

21940,1 млн.кВт. сағ немесе 21,3%

- Батыс аймақ

13431,9 млн.кВт. сағ немесе 13,0%

Электр энергиясының ағындары

Есептік кезең бойынша Ресейге электр энергиясының сальдо-ағымы  3566,0 млн.кВтсағ (2017ж. Ресейде 4528,2 млн.кВтсағ). Соған қоса электр энергиясының Ресейге экспорты 4876,2 млн.кВтсағ-ты құрады (2017ж. – 5788,1 млн.кВтсағ), 2017 жылмен салыстырғанда 911,9 млн.кВтсағ-қа (15,8%) азайды. Ресейден электр энергиясының импорты - 1310,2 млн.кВтсағ (2017ж. – 1259,9 млн.кВтсағ), 50,3 млн.кВтсағ (4,0%) азайды. Экспорт және импорт РФ-пен теңгерімдеуші электр энергиясының көлемдерін есепке ала отырып көрсетілген.

Орталық Азияға сальдо-ағым - 2,8 млн.кВтсағ. Сонымен қатар электр энергиясының экспорты 18,3 млн.кВтсағ, импорт – 15,4 млн. кВтсағ.