«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Доминик Фаш «Ғаламдық энергия» сыйлығын беру жөніндегі Халықаралық комитеттің құрамына енді

Қазақ

«Ғаламдық энергия» қауымдастығы алмастыруды жүргізді және сыйлық беру жөніндегі Халықаралық комитет мүшелерінің жаңа құрамын бекітті. Осылайша, Халықаралық комитеттің жаңа құрамына әлемнің 14 елінен 20 атақты ғалым енді. 

Қауымдастықтың қызметі туралы ережеге сәйкес «Ғаламдық энергия» төрт жылда бір рет Халықаралық комитеттің жаңа мүшелерін құрады және бекітеді. Оның құрамына беделді ғылыми ұйымдардың басшылары, энергетика саласында халықаралық танылымға ие болған көрнекі ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері кіре алады. Атап айтқанда, Халықаралық комитет «Ғаламдық энергия» сыйлығының лауреаттарын ағымдағы жылдың номинанттар есебінен анықтау бойынша соңғы шешімді қабылдайды.

«Сименстің» Ресейдегі вице-президенті Дитрих Меллер, Compagnia di San Paolo Президенті Франческо Профумо, «МЭИ» ҰЗУ ректоры Николай Рогалев, Халықаралық энергетикалық форумның (IEF) Бас хатшысы Сяньшень Сунь, Sasakawa Peace Foundation Басқарма төрағасы Нобуо Танака, Fondation Sophia-Antipolis директорлар кеңесінің төрағасы, KEGOC директорлар кеңесінің мүшесі Доминик Фаш сияқты көрнекі қайраткерлер Халықаралық комитеттің жаңа мүшелері болды. 

Халықаралық комитеттің жаңа мүшелерінің бекітілуіне түсінік бере отырып, «Ғаламдық энергия» қауымдастығының президентінің м.а. Александр Игнатов: «Біздің команда лауреаттарды таңдау рәсіміне тікелей қатысы бар мамандардың сараптамалық базасын кеңейту бағытында жұмыс істейді. Біз бұрыннан Халықаралық комитеттің жаңа мүшелерімен келіссөздер жүргіздік және олардың қызметінің, кәсіби сараптамасының және ауқымды тәжірибесінің «Ғаламдық энергияның» дамуына оң әсерін тигізетіндігіне көз жеткізіп үлгердік» деп атап өтті. 

Анықтама: «Жаһандық энергия» халықаралық энергетикалық сыйлығы  жыл сайын күллі адамзаттың өте өзекті және күрделі энергетикалық мәселелерін шешуге көмектесетін озық ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді атап өтеді. Сыйлық 2002 жылы бекітіліп, әлемнің жетекші ғалымдарына тапсырылады. Жыл сайын лауреаттар сыйлық Ресей президентінің қолынан алады, сыйлықтың ақша бөлігі 39 миллион рубльді құрайды.