Баспасөз хабарламалары

Fitch KEGOC рейтингін «Тұрақты» болжамымен «BBB» деңгейіне көтерді

01.02.2024 жылы Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі KEGOC-тың ұзақ мерзімді рейтингтерін «Тұрақты» болжамымен «BBB –» деңгейінен «BBB» деңгейіне көтерді.  Бұл Fitch Ratings растаған Қазақстанның тәуелсіз/елдік рейтингінің деңгейіне сәйкес келеді.

«KEGOC» АҚ рейтингін қайта қарау Компанияның қаржылық профилінің күшеюі және 2023 жылғы шілдеде енгізілген нарықтық реформадан кейін нормативтік-құқықтық базаның жақсаруына байланысты болды. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы механизмін және нақты уақыт режиміндегі теңгерімдеуші нарықты енгізу кірістерді арттырып, шығыстарды қысқартады.

Fitch Ratings Компанияның мықты жақтарының қатарында KEGOC-тың монополиялық жағдайын, ұзақ мерзімді тарифтерді бекітуді, тұрақты қаржылық бейінді және қазақстандық өзге ұқсас компаниялармен салыстырғанда KEGOC-тың ауқымдылығын атап өтеді.

2029 жылға қарай жаңа генерацияның іске қосылуына байланысты электр энергиясын өндіру көлемі 118 млрд. кВтсағат болған 2023 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 146 млрд.кВт сағатқа дейін  24%-ке өсуі күтілуде. Осыған байланысты Компания көрсететін қызметтердің артуы болжануда.

2023 жылғы қызметтің алдын ала нәтижелері бойынша KEGOC 42,7 млрд теңге мөлшерінде таза пайда алды. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 15,9 млрд теңгеге немесе 60% -ке жоғары (2022 жылғы таза пайда-26,7 млрд теңге) екендігін естеріңізге саламыз.

 



Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс