Баспасөз хабарламалары

Степногорск энергия торабында 2024 жылғы 10 ақпанда болған авариялық бұзылыстар туралы баспасөз хабарламасы

2024 жылғы 10 ақпанда сағат 13:22-де (Астана уақыты бойынша) ауа райының қолайсыздығына байланысты 220 кВ «KEGOC» АҚ – Ж-2671 «Макинск – Степная» электр жеткізу желісі авариялық түрде ажырады.

Сағат 13:27-де «Кокшетауэнерго» АҚ-ның 220 кВ «Степная» қосалқы станциясындағы ажыратып қосу кезінде екінші 220 кВ «KEGOC» АҚ - Ж-2661 «Степная-ОБТҚ» электр жеткізу желісі ажырады. Бұл тұтынушыларды шектеп, Степногорск ЖЭО-ның тоқтауына, соның ішінде жылу беру бұзылып, Степногорск энергия торабының өшуіне әкелді.

«KEGOC» АҚ жедел персоналы өңірлік желілер арқылы энергия торабын электрмен жабдықтауды жедел қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдады. Сағат 15:25-те Степногорск ЖЭО-ға кернеу берілді. Осылайша оның қалыпты жұмысын қалпына келтіру үшін жағдайлар жасалды, сондай-ақ энергия торабының тұтынушыларын электрмен жабдықтау ішінара қалпына келтірілді. Сағат 16:16-да Степная ҚС-ға кернеу берілді. Бұл барлық ажыратылған тұтынушыларды электрмен жабдықтауды толық қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ авариялық бригадаларының 220 кВ Ж-2671 «Макинск – Степная» және Ж-2661 «Степная-ОБТҚ» электр жеткізу желілеріне баруы ұйымдастырылды.

Степногорск ЖЭО персоналы жылу мен электр энергиясын беруді қалпына келтіру үшін іске қосу операцияларына кірісті.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс