Баспасөз хабарламалары

Moody's «KEGOC» АҚ-ның рейтингін BAA2 деңгейінде «ПОЗИТИВТІ» болжамын растады

Moody's Investors Service рейтингтік агенттігі «KEGOC» АҚ рейтингін Baa2 деңгейінде растады, рейтинг бойынша болжам позитивті болып қала береді және Қазақстан Үкіметінің рейтингіне сәйкес келеді (Baa2 позитивті).

Сонымен қатар ағымдағы жылғы қаңтарда Moody's-тің эмитенттер бойынша мемлекеттік қатысумен (GRI) жаңартылған әдістемесі жарияланғаннан кейін рейтингтік агенттік KEGOC компаниясына BCA-рейтингті (кредитке қабілеттілікті базалық бағалау) Baa3 деңгейінде берді.

KEGOC рейтингтері KEGOC пен Қазақстан Үкіметі арасындағы дефолтқа орташа тәуелділікті, сондай-ақ компанияның ірі акционер тарапынан қолдаудың ықтималдығының жоғарылығын ескереді.

Сонымен қатар BCA рейтингі Қазақстандағы ұлттық электр энергетикалық инфрақұрылымның иесі және операторы ретінде KEGOC-тың монополиялық жағдайын көрсетеді, ал күшті қаржылық бейін тарифтерді белгілеудің жеткілікті қолайлы механизміне, тарихи консервативті қаржы саясатымен және инвестициялық бағдарламаның икемділігіне негізделген. Сондай-ақ, Moody's-тің пікірі бойынша 2023 жылдың шілдесінде енгізілген жаңа нарықтық модель компанияның нарықтағы позициясын одан әрі нығайтады және KEGOC-тың кірісін арттырады.

 

Moody's баспасөз хабарламасы https://www.moodys.com/research/Moodys-affirms-the-ratings-of-six-Kazakhstani-corporates-and-assigns-Rating-Action--PR_485541

 

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс