Баспасөз хабарламалары

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы арасында KEGOC өндірістік қауіпсіздік саласындағы көшбасшы болып танылды

«KEGOC» АҚ 2023 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік қауіпсіздік саласындағы жетістіктері үшін «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниялары арасында бірінші орынды иеленді.

Марапаттау 2023 жылғы өндірістік қауіпсіздік саласындағы қызметтің нәтижелеріне арналған кеңес барысында өтті.

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың айтуынша, өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау, бұған қатысты талаптарды сақтамауға төзбеу Қордың барлық құрылымы үшін басымдық болып табылады.

- Қордың компаниялар тобында өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестері қабылданған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормаларын сақтау шеңберінен әлдеқашан шыққан. Біз мұны ең жоғары қағидатқа айналдырдық. Соның нәтижесінде компанияларда өндірістік қауіпсіздікті сақтау – барлығына ортақ мінез-құлық ережелерін белгілейтін нақты мәдениетке айналды. Бұл сөзімізге «KEGOC» АҚ айқын дәлел болып табылады, компания қызметі өндірістегі жоғары тәуекелдермен байланысты, - деді Н. Жақыпов.

KEGOC-та еңбекті қорғау саласындағы тиімді жүйе құрылды. Ол қауіпсіздік техникасы бойынша қажетті нормалар мен ережелерді енгізуден және бақылаудан бастап басшылардың Health & Safety саласындағы жеке міндеттемелерді қабылдауына дейін өндірісте қауіпсіз жұмысты қамтамасыз етудің кешенді тәсілін ұсынады.

- KEGOC үшін қызметкерлер, олардың қауіпсіздігі мен денсаулығы ең жоғары құндылық болып келді және болып қала береді. Сондықтан 2022 жылы компанияның барлық өндірістік филиалдарының басшылары Health & Safety саласындағы жеке міндеттемелерге қол қойды. Олар KEGOC-тың әрбір қызметкеріне қауіпті жағдайлар туындаған жағдайда жұмысты тоқтату құқығын береді, - деп атап өтті «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов.

KEGOC – «Vision Zero» қозғалысының қатысушысы. Оның қағидаттарына қауіпсіздік техникасын бұзуға «нөлдік төзімділік», жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін үздіксіз жетілдіру және еңбекті қорғау саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу кіреді. Компанияда 3 935 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 61 қызметкер «Health & Safety» шартына қол қойған, яғни бір «Health & Safety» қызметкер 64 қызметкерге тең келеді.

Компаниядағы жүйелік тәсілдің тиімділігіне 2023 жылдың қорытындылары дәлел бола алады. Компанияда уақытша еңбекке жарамсыздық жарақатын алу коэффициенті (LTIFR) 3 есеге қысқарды, ал өлім-жітім коэффициенті (FAR) нөлге дейін төмендеді. Жүргізілген қауіпсіздік аудиттерінің нәтижелері бойынша анықталған қауіпті әрекеттер саны 23%-ға, анықталған қауіпті жағдайлар саны 20%-ға азайған.

Жол қозғалысы ережелерін бұзу көрсеткіші 57%-ға төмендеді. Сонымен қатар, 2023 жылдың көлемінде жол-көлік оқиғасы тіркелген жоқ. Ал соңғы 15 жылда компания өндірісте өрт және өрт тұтану фактілерінсіз жұмыс істеп келеді.

Сонымен қатар, Компания қоршаған ортаны қорғау және табиғатты аялауды басты назарында ұстайды. Сонымен, 2023 жылы SCOPE 1 бойынша ластаушы заттардың шығарындылары 7 есеге қысқарды және Компания 6 500 шаршы метр (соңғы 3 жылда – 21 000 шаршы метр) болатын жасыл желектер отырғызды.

Өндірістегі қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында стандартты рәсімдерден бөлек, KEGOC және оның филиалдарында жыл сайын қауіпсіздік техникасы күндері, еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша үздік филиал байқаулары және өзге де мотивациялық іс-шаралар өткізіледі. Сондай-ақ, Компания жеткізушілер мен мердігерлік ұйымдарға қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша жоғары талаптар қояды.

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс