Баспасөз хабарламалары

2023 ЖЫЛЫ KEGOC «АҚТӨБЕ ЖЭТ» ФИЛИАЛЫ ӨНДІРІСТІК ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ БОЙЫНША ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

«Ақтөбе ЖЭТ» филиалы тоғыз өндірістік филиал арасында өткен «2023 жылы Өндірістік қауіпсіздікті сақтау бойынша үздік филиал» байқау-конкурсының қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылды.

Жыл сайын арнайы комиссия әрбір филиалға кешенді бағалау жүргізіп, 21 критерий бойынша өндірістік қауіпсіздік деңгейін айқындайды. Яғни ұпай саны бойынша үздік филиал айқындалады. Өндірістегі жазатайым оқиғалар, жұмыс барысында сырқаттану, өндірістік және технологиялық тәртіпті сақтаудың маңыздылығына баса назар аударылады.

Конкурстық комиссия жеңімпаз филиалдың әлді жақтарын атап өтті, ол келесі параметрлер бойынша үздік нәтижелерді көрсетті:

  • әрбір қызметкерге қауіпсіздік бойынша жүргізілген тексерулер саны;
  • сатып алуды уақтылы орындау және санитарлық-тұрмыстық жағдайларды жақсарту үшін материалдармен сапалы жабдықтау;
  • жол қозғалысы ережелерін сақтау;
  • Өндірісте жазатайым оқиғалардың болмауы, мемлекеттік тексерулер бойынша айыппұлдар және басқа да бірқатар тексеру критерийлері.

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бақытхан Жазықбаевтың айтуынша, аталмыш байқау еңбекті қорғау саласында үлкен практикалық маңызға ие және қызметкерлерді үздік нәтижелерге ынталандыруға мүмкіндік береді.

- Байқау өндірістік қауіпсіздікке қойылатын критерийлердің үлкен тізімін қамтиды. Қарау қорытындысы бойынша филиалдар тәуекелдердің әртүрлі деңгейлері бойынша бөлінеді. Бұл уақтылы алдын алу шараларын жүргізуге және бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл бақылаудың жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Себебі, біздің басты мақсатымыз – әрбір қызметкердің үйге аман-есен оралуы, - деді Бақытхан Жазықбаев.

Байқауда екінші және үшінші орынды «Орталық ЖЭТ» филиалы екінші орынға ал «Ақмола ЖЭТ» филиалы үшінші орынға ие болды. Олар сондай-ақ соңғы жылдары жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ өндірістік қауіпсіздік саласындағы жетістіктері үшін «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниялары арасында I орынға ие болды.

«KEGOC» АҚ – Vision Zero – халықаралық нөлдік жарақаттану қозғалысының қатысушысы. Бұл тұжырымдама бүкіл әлем бойынша 2500-ден астам компанияны біріктіреді.

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс