Баспасөз хабарламалары

Орталық Азия елдері мен Ресейдің жетекші энергетиктері саланы дамыту өзекті мәселелерін талқылады

Бүгін Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей энергожүйелері басшыларының ұлттық электр жүйелерін дамыту мәселелері жөніндегі кеңесі өтті.
Кеңес қазақстандық тараптың бастамасымен Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азияның тарихи орталығы саналатын Түркістан қаласында ұйымдастырылды.
Кеңестің жұмысын ресми түрде ашқан «KEGOC» АҚ басшысы Нәби Айтжанов өзекті мәселелерді талқылауда және шешімін табуда көршілес елдердің энергожүйелерінің мүмкіндіктерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.
«Мәселен, Қазақстанда 2023 жылы ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі 30 пайызға артты. Орталық Азия елдерінде тұрақсыз генерацияның өсуі энергия жүйесіндегі теңгерімсіздікке әкелуі мүмкін және энергетиктер үшін жаңа сын-қатерлер туғызады. Қалыптасқан жағдайға байланысты қажетті шаралар қабылдауды және ерекше мән беруді талап етеді. Әріптестерімізбен біріге отырып, ортақ мәселені шешу үшін барлық мүмкіндіктерімізді пайдалануға шақырамын», - деді Нәби Айтжанов.
KEGOC жүйедегі «жасыл» энергияны реттеуде генерацияның маневрлік қабілетін арттыруды, энергияны сақтау жүйелерін енгізуді, тұтынушыларды қуатты реттеуге тарту шараларын ұсынады. Сондай-ақ, желілердің жеткілікті деңгейде өткізу қабілетін қамтамасыз ету және энергия жүйесінің тиімділігін арттыру үшін заманауи цифрлық технологияларды енгізу қажет.
Қырғызстан энергетиктері өз сөзінде ЖЭК объектілерін шектен тыс енгізу энергия жүйесі үшін қауіпті екенін атап өтті, себебі жел энергетикасы, күн энергетикасы және қуаттағышсыз толқын энергетикасы зиян және шегінен асқан жағдайда бірыңғай энергия жүйесі үшін қауіпті болып табылады. Оның шектен асып кетуі электр желісін бұзады немесе оны пайдалану өте қымбатқа түседі.
Қатысушылар жалпы энергия теңгеріміне ЖЭК-тің «экологиялық» түрде енгізілуін қамтамасыз етудегі тағы бір маңызды аспект ретінде мемлекетаралық электр байланыстарды күшейту және әрбір энергия жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану қажеттілігін атап өтті.
«Барки Точик» ААҚ (Тәжікстан Республикасы) өкілінің айтуынша, ОА БЭЖ-мен бірігу әрбір энергожүйеге гидро және отын ресурстарын өзара ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.
«Шынында да, әрбір энергия жүйесі басқа энергия жүйелеріне қажетті уақытта көмектеседі және ОА БЭЖ бірлескен жұмысты ұйымдастырудағы жетістіктерімен мақтана алады. Осы бірлескен жұмыстың қорытындысы бойынша алдағы жылдарда да, ұзақ мерзімді перспективада да ОА БЭЖ құрамында Өзбекстан Республикасының энергия жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша іс-шараларды айқындаймыз», - деп атап өтті «Өзбекстан Ұлттық электр желілері» АҚ өкілдері.

Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс