Баспасөз хабарламалары

KEGOC ҚР Энергетика министрлігінің алқалы отырысында 2023 жылғы жұмысы туралы есеп берді

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалық етуімен Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқалы отырысы өтті. Оған «KEGOC» АҚ өкілдері де қатысты. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов өз баяндамасында 2023 жылы жүйелік оператордың жұмысы туралы толық әңгімелеп, жақын келешекке белгіленген жоспарлары туралы баяндады.

2023 жылы электр энергиясын тұтыну 115,06 млрд.кВтсағатты құрады және 2022 жылмен салыстырғанда 1,9% - ке өсті. Бұл ретте электр энергиясын өндіру 2022 жылғы деңгейде қалып, 112,82 млрд.кВтсағатты құрады. 2023 жылы жүктеме өскен кезде Қазақстанның электр станцияларының генерациясының төмендеуі байқалады.

Тұтыну мен генерацияның осы көрсеткіштерімен электр қуатының тапшылығы 1 519 МВт-ты құрады, ол Ресей Федерациясынан алынған ағындармен қамтылды.

KEGOC басшысы «Рекордтық тұтыну жағдайында Қазақстанның ҰЭТ-ының сенімді жұмысы қамтамасыз етілді», - деп атап өтті.

2024-2030 жылдарға арналған электр қуатының болжамды теңгерімі 2030 жылға қарай электр қуатының айтарлықтай тапшылығымен 6,2 ГВт-қа дейін қалыптасады.

Алдағы күзгі-қысқы кезеңде 2024 жылғы қазаннан 2025 жылғы наурызға дейін болжамды жүктеме 17,4 ГВт және станцияларды генерациялау 16,4 ГВт болды, тапшылық шамамен 1,025 ГВт-ты құрайды, оны негізінен Ресей Федерациясынан импорттың көмегімен немесе Қазақстан тұтынушыларын шектеу арқылы қамтуға болады. Еліміздің оңтүстігі ең энергия тапшы аймақ болып табылатындығы өздеріңізге белгілі. 

«Оңтүстік өңірдің қажеттіліктерін толық қамту және шектеулердің енгізілуіне жол бермеу үшін Жамбыл ГРЭС-і 5 блоктық режимде жұмыс істеуі қажет», - деп атап өтті Н.Айтжанов.

Нәби Айтжанов электр энергиясының көтерме және теңгерімдеуші нарғына жеке тоқталды. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап енгізілген модель Қазақстанның барлық субъектілері үшін нарыққа тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге, электр энергиясының барлық өңірлердегі бағасын теңестіруге, сонымен қатар жасалған теңгерімсіздіктер үшін жауапкершілікті атаулы бөлуге мүмкіндік берді.

Бұл ретте, KEGOC Басқарма төрағасы атап өткендей, саланы автоматтандыру мәселелері бірінші орынға қойылады. Қазіргі уақытта энергия нарығы субъектілерін ЭКЕАЖ-бен жарақтандыру айтарлықтай төмен, объектілердің шамамен 40% - і ЭКЕАЖ-сыз жұмыс істейді. Бұл, өз кезегінде, теңгерімдеуші нарықта сағаттық есептеулерді жүргізуді қиындатады, электр энергиясын, әсіресе ең жоғары сағаттарда тұтынуға өтінімдердің дұрыс қалыптаспауын туындатады.

«Энергия нарығы субъектілерін ЭКЕАЖ-бен 100% жарақтандыруды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдау талап етіледі», –деді Нәби Айтжанов.

ҰЭТ-тың сенімділігін және тұтынушыларды электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында «KEGOC» АҚ-да инвестициялық жобалардың теңгерімделген портфелі қалыптастырылды, ол елде жаңа генерациялау көздерін күтілетін енгізуді ескере отырып, ҰЭТ-ты перспективалы дамытуды көздейді. 2023 жылы екі ауқымды жоба сәтті аяқталды.

Қараша айында «Қазақстан БЭЖ-і Батыс аймағының электр желісін күшейту» жобасы аясында «Батыс Қазақстан энергия торабы-Атырау – Маңғыстау» бағыты бойынша 220 кВ бес электр жеткізу желісі пайдалануға берілді. Электр желілерін реконструкциялау жобасы бойынша «KEGOC» АҚ-ның үш филиалында (Ақтөбе ЖЭТ, Сарыбай ЖЭТ және Батыс ЖЭТ) 220-500 кВ желілерін жаңғыртудың 1-кезеңі аяқталды.

Сонымен қатар есептік жылы компания «Қазақстан БЭЖ-і Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту» жобасын іске асыруға кірісті. Жоба Жамбыл және Түркістан облыстарының 500 кВ электр желілерін күшейту арқылы оңтүстік энергетикалық аймақтың тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға бағытталған. 

Ұлттық электр торабының үздіксіз және сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін «KEGOC» АҚ желілерін дамыту бойынша бірқатар ауқымды жобаларды 2035 жылға дейін іске асыру жоспарлануда. Олардың қатарында Қазақстан БЭЖ-і Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту, Батыс Қазақстан энергия жүйесін Қазақстан БЭЖ-імен біріктіру, «Солтүстік-Оңтүстік» тұрақты ток желісін салу бар.

Алқалы отырыстың қорытындысы бойынша Роман Скляр ҚР Энергетика министрлігі мен «KEGOC» АҚ қызметі бойынша тиісті нұсқаулар берді, атап айтқанда, 2024-2025 жж. күзгі-қысқы кезеңіне жоспарланған барлық жоспарларды орындау және жоспарлы дайындық қажеттігін көрсетті.

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс