Баспасөз хабарламалары

KEGOC күзгі-қысқы кезеңнен жоғары дайындықпен өтті

2023-2024 жылдардағы күзгі-қысқы кезең электр энергиясын тұтынудың рекордтық көрсеткішімен өтті. «KEGOC» АҚ максималды жүктеме кезеңінің өтуін қорытындылады.

2022-2023 күзгі-қысқы кезең қатысты жүктеме максимумының ұлғаюы 167 МВт немесе 1,0% құрады. Бұл ретте максимумның ең жоғары өсімі оңтүстік аймақта 354 МВт-қа 8,9%-ға және батыс аймақта 172 МВт-қа 8,7%-ға өсу байқалды. Солтүстік аймақ бойынша жүктеме максимумының 3,4%-ға төмендеуі байқалды, бұл 359 МВт құрады.

Өткен қыста электр қуатын максималды тұтынудың рекордтық көрсеткіші 2023 жылдың 13 желтоқсанында болды және 15,1 ГВт генерациялау кезінде 16,6 ГВт-қа жетті, оның ішінде: Солтүстік – 10131 МВт; Оңтүстік – 4350 МВт; батыс-2145 МВт.

Рекордтық тұтыну жағдайында Қазақстанның ұлттық электр жүйесінің жұмысы сенімді қамтамасыз етілді. KEGOC электр желілері ақаусыз жұмыс істеді. 2023 жылдың күзінде жылыту маусымы басталғанға дейін компания максималды жүктемелерге толық дайындық паспортын алды. Компания жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеге 574 нысанда барлық жоспарланған жөндеу-пайдалану жұмыстарын жүргізді.

«Байқалған теңгерімсіздіктер мен электр энергиясының тапшылығына қарамастан, КЕGОС күзгі-қысқы кезеңнен сәтті өтіп, ұлттық электр желісінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті. Компания жүктемелердің қысқы максимумына электр желілері объектілерін тиісті дайындықпен өткізді. Жөндеу науқаны сапалы және уақытылы жүргізілді.

2023 жылдың қараша айында компания «Батыс Қазақстан энергожолы-Атырау – Маңғыстау» бағыты бойынша 220 кВ жаңа желісін енгізді. Оның іске қосылуымен Батыс энергия торабы желілерінің өткізу қабілеттілігі екі есеге артты, бұл сонымен қатар күзгі-қысқы кезеңдегі ұлттық электр желісі жұмысының тиімділігін арттырды», - деп атап өтті пайдалану және күрделі құрылыс жөніндегі Басқарушы директор Ермаханбет Атақұлов.

         Сондай-ақ, орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған энергия жүйесінің теңгерімді жұмысын қамтамасыз ету үшін жаңа генерацияны енгізу, сондай-ақ қолданыстағы электр станцияларын кеңейту, реконструкциялау және жаңғырту қажет екендігі атап өтілді.

Айта кетейік, «КЕGОС» АҚ алдағы 2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңнен өтуге электр желілік объектілерді дайындауға кірісті. Жөндеу науқаны сәуірден қазанға дейін жалғасады. Осы кезеңде ұзындығы шамамен 1600 км болатын 91 электр беру желісін және қосалқы станциялардың 30 бірлігін, оның ішінде: 500 кВ шунттаушы реакторларды, автотрансформаторлар мен трансформаторларды жөндеу жоспарлануда 110 - 220 - 500 кВ, меншікті мұқтаж трансформаторлар, 500 кВ ажыратқыштар және 220 кВ ажыратқыштар.

Бұдан басқа, ғимараттар, құрылыстар мен автотехника, өзге де негізгі құралдар жөнделеді, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, жанар-жағармай материалдарының авариялық қоры толықтырылады.

 

 

Анықтама: «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің жүйелік операторының функцияларын орындайды, Ұлттық электр желісінің (ҰЭЖ) активтерін иеленеді және басқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополия саласына жатады. Компанияның балансында ұзындығы шамамен 27 000 км кернеуі 220-1150 кВ электр беру желілері және ҰЭЖ құрайтын 38,99 ГВА трансформаторлардың белгіленген қуаты бар 83 электр қосалқы станциялары бар. Компания туралы толығырақ ақпарат оның корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған: www.kegoc.kz.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс