Халық ІРО

«Халықтық IPO» - Қазақстан азаматтарына ірі ұлттық компаниялардың акцияларын сатып алуға және осылайша олардың ықтимал табыстарының бөлігін иеленіп қана қоймай, дамуына қатысуға мүмкіндік беретін бағдарлама. 

IPO (Initial Public Offering) – «бастапқы жария ұсыныс» ретінде аударылады. Бұл термин компания алғаш рет жалпы көпшілікке өз акцияларын сатып алуды ұсынатын қаржылық операцияны білдіреді. 

ХАЛЫҚТЫҚ – акциялардың ең алдымен жеке тұлғаларға  - Қазақстан азаматтарына сатылатындығын білдіреді.  

«Халықтық IPO» қатысушы компанияларға несімен тиімді?

Өндірісін кеңейту шешімін қабылдаған белгілі бір компанияға қаражат керек деп есептейік. 

Банктен кредит алу тиімсіз, себебі пайыздары бойынша артық төлем төлеу және мүлкін кепілге салу қажет. Соған қоса банк белгілейтін төлемдер күнтізбесі іс жүргізуге кедергі келтіреді.

Бірақ, қуанышқа орай, әлемдік қаржы саясатында банктік кредиттің баламасы бар – инвестор жұмылдыру. 

«Халықтық IPO» Қазақстан азаматтарына несімен тиімді?

Акцияларға иелік ету қазақстандықтарға компанияның дамуы және өсуі есебінен табыс табуға мүмкіндік береді және бұл табыстан ай сайын ақы төлеу -дивиденттерден, сонымен қатар акцияларға бағаның өсуі есебінен жүзеге асады. 

«Акциялардың бағасы неге өседі?» деген сұрақ жиі туындайды. Бұл өте күрделі процесс, есептеулер үшін арнайы математикалық модельдер де құрылады. Бірақ жалпы алғанда акциялардың құны сұраныстан туындайды. 

«Халықтық IPO» бағдарламасына қатысу үшін табысын мемлекет ішіндегі қызметі есебінен табатын, яғни әлемдік нарықтағы жағдайларға тәуелсіз, тұрақты компаниялар іріктеледі. 

Тұрақтылық инвесторларды жұмылдырады, ал бұл өз кезегінде оларға деген сұранысты, яғни бағаны да ұстап тұрады.

«Халықтық IPO» мемлекетке не үшін қажет?

Біріншіден,  «Халықтық IPO» - мемлекет үшін халықтың қаражатын ел экономикасының дамуына жұмылдырудың тәсілі. 

Қазіргі уақытта халықтың жиналған қорының көп бөлігі банктік депозиттерде жатыр және Қазақстанның дамуына тікелей қатыспайды. Жағдайды өзгерту үшін Қазақстан азаматтарына балама ұсыну кажет екені анық. 

Оларда таңдау мүмкіндігі болуы тиіс: ақшаны депозитке немесе акцияларға салу. Сонымен қатар қазақстандықтар мұндай қаржы құралдарының ерекшеліктерін анық білуі тиіс.

Екіншіден, «Халықтық IPO» қор нарығын дамыту мәселесін шешуге көмектеседі. Халықтың бағалы қағаздарды сатып алудағы белсенділігі нарыққа ақша әкелетін ірі инвесторларды жұмылдырады. Бұл біздің экономика үшін маңызды. 

Үшіншіден, Мемлекет бағдарлама көмегімен ұлттық байлықты азаматтар арасында үлестіреді. Капиталды арттырудың жаңа қаржы құралы олардың әлеуетінің өсуіне, яғни барлық мемлекеттің әл-ауқатының өсуіне септігін тигізуі тиіс. Бұл Қазақстан азаматтарына инвестициялау болып табылады.

2011 жылғы қаңтар - Компания Халык IPO жобасы қатысушыларының құрамына алғаш рет енгізілді. 

2014 жылғы 18 желтоқсан - «Халықтық IPO» бағдарламасының шеңберінде жазылу жолымен қазақстан қор нарығында  «KEGOC» АҚ  жай акцияларының бастапқы орналастыруы жүргізілді. Қазақстандық ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында «KEGOC» АҚ  орналастырылған жай акцияларының саны - 25 999 999 дана. 

Компанияның бір акциясы минус 10 % көлеміндегі пакетті орналастыру туралы жарияланды. Бұл әр акция үшін 505 теңге бағасы бойынша 25, 9 млн жай акцияны құрайды. 

Акционерлер үшін акцияларды орналастырған сәттен бастап кірістілік 316%-ды құрады. 

2019 жылғы жай-күй бойынша акциялар орналастырылған сәттен бастап 100 450 522 090,2 тенге дивиденттер төленді. 

https://kase.kz/kz/shares/show/KEGC/

Жедел желі

Кері байланыс