Ақмола ЖЭТ

«KEGOC» АҚ «Ақмола жүйеаралық электр тораптары» филиалы 1997 жылы қыркүйекте құрылды.


Филиал директоры - Рамазан Қайроллаұлы Дөдешев.  

Филиалдың қызметінің негізгі мақсаты мыналар:

  • ЖО ҰДО беретін режимдер мен белгіленген көлемде қосалқы станциялары мен қосалқы электр станциялары шиналарынан электр тораптары арқылы электр энергиясы мен қуатын беруді жүзеге асыру; 
  • Сенімділік пен үнемділік тұрғысында электр тораптарының тиімді схемаларын қалыптастыру.

«Ақмола ЖЭТ» филиалы (Астана) Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан. Филиал желілері Қазақстан БЭЖ-дің құрамдас бөлігі болып табылады және «Сарыбай ЖЭТ», «Солтүстік ЖЭТ», «Орталық ЖЭТ» филиалдарымен жүйеаралық ЭЖЖ арқылы, Ресей Федерациясының іргелес энергия жүйелерімен мемлекетаралық ЭЖЖ арқылы байланысқан.

Филиалдың электр желілері арқылы «KEGOC» АҚ «Сарыбай ЖЭТ», «Солтүстік ЖЭТ» және «Орталық ЖЭТ» филиалдарына, сонымен қатар Ресей Федерациясының іргелес энергия жүйелеріне (Орал БДБ және Сібір БДБ) электр энергиясының транзиті жүзеге асырылады. 

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 4230,431 км (тізбек бойынша) 10-1150 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 8136,6 МВА кернеуі 220-1150 кВ 10 қосалқы станциялары кіреді.

Энергия көздері: аймақтық маңызы бар электр станциялары (Ақмола ЖЭО-2, Петропавл ЖЭО-2, Ерейментау ЖЭС-1, «Астана EXPO-2017» ЖЭС, «Нұра» КЭС) және жергілікті маңызы бар электр станциялары (Ақмола ЖЭО-1, Степногорская ЖЭО, Сергеевская ГЭС, Зенченко ЖЭС, «Golden Energy» ЖЭС, «Красный яр» ЖЭС, ЖЭС «Борей», ЖЭС "EnergoTrust", ЖЭС «Восток Ветер», ЖЭС «Alcor Energy», ЖЭС «Аркалыкская – 1», ЖЭС «Аркалыкская – 2», ЖЭС «Елікті», ЖЭС «Jasil Jel Energy-1», ЖЭС «Jasil Jel Energy-2», ЖЭС «Софиевская», ЖЭС «ПФ Электрсетьстрой») 

Персонал саны: 574 адам.

Байланыс деректері:

Астана қ., Байқоңыр ауд., Өндіріс т/а, Үшқоңыр көш., 3/2-ғимарат

тел.: +7(7172) 69-33-59 қабылдау бөлмесі.

тел.: +7(7172) 69-33-00 кеңсе.

тел.: +7(7172) 69-33-52 АДО кезекші диспетчері.

Электр беру желілері мен шағын станциялардың өткізу қабілеті жөніндегі ақпарат

Ақтөбе ЖЭТ

«КЕGОС» АҚ «Ақтөбе жүйеаралық электр тораптары» филиалы 1997 жылғы қазан айында құрылды.


Филиалдың директоры - Серік Қуанышбайұлы Ташубаев.

Филиал қызметінің негізгі мақсаты мыналар:

  • ЖО ҰДО беретін режимдер мен белгіленген көлемде қосалқы станциялары мен қосалқы электр станциялары шиналарынан электр тораптары арқылы электр энергиясы мен қуатын беруді жүзеге асыру;  
  • Сенімділік пен үнемділік тұрғысында электр тораптарының тиімді схемаларын қалыптастыру.

«Ақтөбе ЖЭТ» филиалы (Ақтөбе) Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында орналасқан және Қазақстан БЭЖ-мен 500кВ Л-5740 «Жітіқара-Өлке» ӘЖ бойымен жүйеаралық ЭЖЖ арқылы байланысқан. Орал энергия торабы  «Батыс ЖЭТ» филиалының электр тораптарымен байланысты. Ақтөбе мен Орал энергия торабы арасында байланыс жоқ.

Энергия көздері:

  • ҚР БЭЖ Солтүстік аймағының электр станциялары;
  • Жергілікті маңызы бар электр станциялары (Ақтөбе ЖЭО, АФЗ ЭЖ, Жаңажол ГТЭС, ГТЭС-200, ГТЭС-КПК, ОГТЭС-54, Орал ЖЭО);
  • Ресей Федерациясының электр станциялары (резерв).

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 1216,874 км (тізбек бойынша) 10-500 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 2425,5 МВА кернеуі 220-500 кВ 7 қосалқы станциялары кіреді.  

Персонал саны: 257 адам.

Байланыс деректері:

030000, Ақтөбе қ., 312-Атқыштар дивизиясы даңғ., 44

Тел.: +7 (7132) 70-03-59

Факс: +7 (7132) 77-39-74

Электр беру желілері мен шағын станциялардың өткізу қабілеті жөніндегі ақпарат

Алматы ЖЭТ

«КЕGОС» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалы 1997 жылдың қыркүйегінде құрылған.


Филиал директоры - Арман Жаңабайұлы Шайханов.

  Филиалдың негізгі мақсаты мыналар болып табылады:

ЖО ҰДО берілетін режимдер мен белгіленген көлемде қосалқы станциялар мен электр станцияларының шиналарынан электр тораптары арқылы электр энергиясы мен қуатын жеткізуді жүзеге асыру;

Сенімділік пен үнемділік тұрғысынан электр тораптарының тиімді схемасын қалыптастыру.

«Алматы ЖЭТ» (Алматы) филиалы Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында орналасқан. Филиал желілері Қазақстан БЭЖ-дің құрамдас бөліктері болып табылады және «Орталық ЖЭТ», «Шығыс ЖЭТ» пен «Оңтүстік ЖЭТ» филиалдарының электр тораптарымен жүйеаралық ЭЖЖ арқылы, Қырғызстанның электр желілік кәсіпорындарымен мемлекетаралық ЭЖЖ арқылы байланысқан. Энергия көздері: жергілікті маңызы бар электр станциялары (Алматы ЖЭО-1, Алматы ЖЭО-3 (МАЭС), Текелі ЖЭО, Алматы ГЭС, Антоновская ГЭС, Қаратал ГЭС, Успенская ГЭС каскадтары).

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 4216,900 км (тізбек бойынша) 0,4-500 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 4957,2 МВА кернеуі 35-500 кВ 12 қосалқы станциялары кіреді.  

Персонал саны: 468 адам.

Байланыс деректері:

050008, Алматы қ., Шевченко көш., 162/7

Тел.: +7 (727) 332-42-59

Электрондық почта: officeAlm@kegoc.kz

Электр беру желілері мен шағын станциялардың өткізу қабілеті жөніндегі ақпарат

Шығыс ЖЭТ

КЕGОС АҚ «Шығыс жүйеаралық электр тораптары» филиалы 1997 жылдың желтоқсан айында құрылған.


Филиалдың директоры — Қайрат Манапұлы Уражанов.

Филиалдың негізгі мақсаты болып табылатындар:

  • ҰДО ЖО белгілеген көлемде және режимде электр станцияларынан және қосалқы станция шиналарынан электр тораптары бойынша электр энергиясын және қуатын жеткізуді жүзеге асырады; 
  • Сенімділік және үнемділік көзқарасымен электр желілерінің тиімді сұлбасын қалыптасыру.  

«Шығыс ЖЭТ» (Өскемен) Шығыс Қазақстан және Абай облысында орналасқан. Филиал желілері Қазақстанның БЭЖ-нің құрамдас бөлігі болып табылады және «Солтүстік ЖЭТ», «Алматы» ЖЭТ филиалдарының электр желілерінің жүйеаралық ЭБЖ-мен, Ресей Федерациясы электр желілік кәсіпорнының мемлекетаралық ЭЖЖ-мен байланысты.

Энергия көздері: ұлттық маңызы бар гидроэлектр станциялары (Бұқтырма ГЭС, Өскемен ГЭС, Шүлбі ГЭС), өңірлік маңызы бар электр станциялары (Өскемен ЖЭО) және жергілікті маңызы бар электр станциялары (Риддер ЖЭО, Согра ЖЭО, Семей ЖЭО,Ульбі ГЭС, Тишинск ГЭС, Хариузов ГЭС, Зайсан ГЭС, Тұрғұсын ГЭС). Сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерінен станциялар (ЖЭС Абай 1, ЖЭС Абай 2, КЭС Жангиз-Solar, ЖЭС Жангиз-төбе).

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 1974,590 км (тізбектер бойынша) габариті 0,4-500 кВ әуе электр беру желілері, сондай-ақ кернеуі 220-500 кВ, жалпы қуаты 4362,5 МВА 7 қосалқы станция кіреді.

Персонал саны: 294 адам.

Байланыс

070018, Өскемен қ., Бажов көш., 67

«Шығыс ЖЭТ» қабылдау бөлмесі

Тел.:. +7 (7232) 406-359

Қабылдау бөлмесінің электрондық мекенжайы –priemnayaVMES@kegoc.kz

Электр беру желілері мен шағын станциялардың өткізу қабілеті жөніндегі ақпарат

Батыс ЖЭТ

"КЕGОС" АҚ Батыс жүйеаралық электр тораптары филиалы 1998 жылдың шілдесінде құрылған.


Филиал директоры - Константин Петрович Чернохаев.

Филиал қызметінің негізгі мақсаты:

  • ЖО ҰДО беретін белгіленген көлемдер мен режимдерде электр станциялар мен қосалқы станцияларының шиналарынан электр желілері бойынша қуат пен электр энергиясын беруді жүзеге асыру;
  • Сенімділік және үнемділік тұрғысынан электр желілерінің оңтайлы схемасын қалыптастыру

"Батыс ЖЭТ" (Атырау қ.) Атырау және Маңғыстау облыстарында орналасқан және Қазақстан БЭЖ-мен байланысты емес.  Энергия көздері: Ақтау ЖЭО-1, ЖЭО-2 және ЖЭС-3 кіретін «Маңғыстау атом энергия комбинаты» (МАЭК),  «Атырау ЖЭО» өңірлік маңызы бар  электр станциясы, ТШО (ГТЭС-1, 2, 3), "Қашаған" NCOC, "Атырау мұнай өңдеу зауыты" АҚ ЖЭО, «ҚазАзот» АҚ ГПЭС, "Маңғыстаумұнайгаз" «Қаламқас»  ГТЭС,  "KUS" (Karabatan Utility Solutions) өнеркәсіптік кешендерінің электр станциялары,жаңартылатын энергия көздері "Group Independet" КЭС, "РМК" ЖЭС, "Желэнерготехнологиясы" ЖЭС, Тайман ЖЭС, Сервис ЖЭС, Жаңғыз ЖЭС, «ӨзенМұнайПром» ЖШС-нің «Жаңаөзен» ГПЭС.

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 2 281,069 км (тізбек бойынша) 6-330 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 1450 МВА кернеуі 220 кВ 7 қосалқы станциялары кіреді.

Персонал саны: 258 адам.

Байланыс үшін

060002 (E02E5D9), Атырау қаласы, Махамбет Өтемісұлы көшесі, 110А

Жұмыс тел.: +7 (7122) 552-359, +7 (7122) 327-475

Факс: +7 (7122) 327-475

Қабылдау бөлмесінің электрондық мекенжайы – Priem_zmes@kegoc.kz

Электр беру желілері мен шағын станциялардың өткізу қабілеті жөніндегі ақпарат

Сарыбай ЖЭТ

«КЕGОС» АҚ «Сарыбай жүйеаралық электр тораптары» филиалы 1997 жылдың қыркүйегінде құрылған.


Филиалдың директоры - Берік Бағдатұлы Адамов. 

Филиалдың негізгі мақсаты мыналар болып табылады:

ЖО ҰДО тапсырып белгіленген көлемдер мен түзімдерде қосалқы станциялар және электр станциялар шиналарынан қуат пен электр энергиясының электр тораптары бойынша жеткізілуін жүзеге асыру;

Сенімділік және үнемділік тұрғысынан электр тораптарының оңтайлы тораптарын түзілдіру.

«Сарыбай ЖЭТ» (Рудный) Қостанай облысында орналасқан. Филиал тораптары Қазақстан БЭЖ-нің құрамдас бөлігі болып табылады және жүйеаралық ЭЖЖ арқылы «Ақмола ЖЭТ» филиалының тораптарымен, мемлекетаралық ЭЖЖ арқылы Ресей Федерациясының жапсарлас энергожүйелерімен байланысқан.

Энергия көздері: жергілікті мәндегі электр станциялары (Рудный, Қостанай және Арқалық ЖЭО).

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 2 440,222 км (тізбек бойынша) 6-1150 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 6569,9 МВА кернеуі 220-1150 кВ 8 қосалқы станциялары кіреді.

Персонал саны: 425 адам

Байланыс деректері:

111500, Рудный қ., Топорков көш., 31.

тел.: +7 (7143) 159-270

Электр жүктемелерін көтеру бөлігінде электр жеткізу желілерін пайдалану 

Солтүстік ЖЭТ

«КЕGОС» АҚ «Солтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалы 1997 жылғы қыркүйекте құрылды.


Филиал директоры — Азамат Маратұлы Әмренов.

Филиал қызметінің негізгі мақсаты Филиалдың оперативтік басқару және иелік ету аймағында жүйелік қызмет көрсету болып табылады.

«КЕGОС» АҚ «Солтүстік ЖЭТ» филиалы (Екібастұз) Павлодар облысында орналасқан. Филиалдың желілері Қазақстан БЭЖ-дің құрамдас бөлігі болып табылады және «Шығыс ЖЭТ», «Ақмола ЖЭТ» және «Орталық ЖЭТ» филиалдарының электр тораптарымен жүйеаралық ЭЖЖ арқылы; Ресей Федерациясының шектес энергия жүйелерімен мемлекетаралық ЭЖЖ арқылы байланысты.  

Энергия көздері:

1.  Ұлттық маңызы бар электр станциялары:

  • «ЕЭК» АҚ ЭС, (Ақсу МАЭС); 
  • «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС (Екібастұз МАЭС-1); 
  • «ЕМАЭС-2» АҚ (Екібастұз МАЭС-2);

2. Өңірлік маңызы бар электр станциялары:

  • «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ: Павлодар ЖЭО-3, Павлодар ЖЭО-2;
  • «Қазақстан алюминиі» АҚ: Павлодар ЖЭО-1

3. жергілікті маңызы бар электр станциялары:

  • «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ: Екібастұз ЖЭО.

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 3687,438 км (тізбек бойынша) 0,4-1150 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 3833,6 МВА кернеуі 220-1150 кВ 8 қосалқы станциялары кіреді.

Персонал саны: 372 адам.

Байланыс деректері:

141208, Павлодар облысы, Екібастұз қ., Мұхтар Әуезов көш., 126  

Тел.: +7 (7187) 34-86-59,

Факс: +7 (7187) 34-09-78

Электр беру желілері мен шағын станциялардың өткізу қабілеті жөніндегі ақпарат

Орталық ЖЭТ

«КЕGОС» АҚ-ның «Орталық жүйеаралық электр тораптары» филиалы 1997 жылдың қыркүйегінде құрылған.


Филиалдың директоры - Қайрат Ізбасарұлы Қаракесеков.

Филиалдың негізгі мақсаты мыналар болып табылады:

•ЖО ҰДО тапсырып белгіленген көлемдер мен түзімдерде қосалқы станциялар және электр станциялар шиналарынан қуат пен электр энергиясының электр тораптары бойынша жеткізілуін жүзеге асыру;

•Сенімділік және үнемділік тұрғысынан электр тораптарының оңтайлы тораптарын түзілдіру.

«Орталық ЖЭТ» (Қарағанды) Қарағанды облысында орналасқан. Филиал тораптары Қазақстан БЭЖ-нің құрамдас бөлігі болып табылады және жүйеаралық ЭЖЖ арқылы «Ақмола ЖЭТ», «Солтүстік ЖЭТ», «Алматы ЖЭТ» пен «Оңтүстік ЖЭТ» филиалдарының электр тораптарымен байланысқан.

Энергия көздері: Ұлттық мәндегі электр станциялары (Қарағанды МАЭС-2), аймақтық мәндегі электр станциялары (Қарағанды МАЭС-1 және ЖЭО-3, Жезқазған мен Балқаш ЖЭО), жергілікті мәндегі электр станциялары (Қарағанды ЖЭО-1, Қарағанды ЖЭО-2, АҚ «АрселорМиттал Темиртау», «Шахтинсктеплоэнерго», ГТЭС «Кумколь», ГТЭС «Акшабулак», күн электр станциялары «Сарань», «Гульшат», «Ағадыр-1», «Ағадыр-2» «Кенгир»).

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 3496,690 км (тізбек бойынша) 10-500 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 3741,6 МВА кернеуі 220-500 кВ 10 қосалқы станциялары кіреді.

Персонал саны: 425 адам.

Байланыс телефон: +7 (7212) 421-365, + 7 (7212) 550-359 факс: +7 (7212) 421-370,  

100014, Қарағанды қ., Камская көш., 4.

Электр беру желілері мен шағын станциялардың өткізу қабілеті жөніндегі ақпарат

Оңтүстік ЖЭТ

КЕGОС АҚ «Оңтүстік жүйеаралық электр желілері» филиалы 1997 жылғы қыркүйекте құрылды.


Филиал директоры — Қанат Мерекеұлы Аяпбергенов.

Филиал қызметінің негізгі мақсаты мыналар:

  • ЖО ҰДО белгілейтін көлемдер мен режимдерде қосалқы станциялар мен электр станциялары шиналарынан электр желілері арқылы электр энергиясы мен қуатын жеткізуді жүзеге асыру;
  • Электр желілерінің тиімді схемасын сенімділік пен үнемділік тұрғысынан құру.

«Оңтүстік ЖЭТ» филиалы (Шымкент) Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында орналасқан. Филиалдың желілері Қазақстан БЭЖ-інің құрамдас бөлігі болып табылады және «Орталық ЖЭТ» пен «Алматы ЖЭТ» филиалдарының электр желілерімен жүйеаралық ЭЖЖ арқылы; Қырғызстан мен Өзбекстанның электр желілік кәсіпорындарымен мемлекетаралық ЭЖЖ арқылы байланысты.   

Филиалдың электр желілері арқылы Қазақстан БЭЖ-дің Орта Азия БЭЖ-імен қатарлас жұмысы жүзеге асырылады.  

Энергия көздері:

  • Т.И. Батуров атындағы «Жамбыл МАЭС» АҚ;
  • «Шардара ГЭС» АҚ;
  • «3-Энергоорталық» АҚ;
  • «Южполиметалл» ӨК АҚ;
  • «Қызылордажылуэлектрорталығы» МҚК;
  • «Таразэнергоорталық» АҚ.
  • «Байқоңырэнерго» ӨЭБ  МБК «Объекта К» ЖЭО
  • «СКЗ-U» ЖШС
  • «Кентау сервис» МКК
  • «Burnoye Solar-1»  ЖШС ("Бурное Солар-1" КЭС)
  • «Burnoye Solar-2» ЖШС ("Бурное Солар-2" КЭС)
  • «Ветро Инвест» ЖШС 
  • «Vista International» ЖШС 
  • «EcoProTech-Astana» ЖШС (СЭС «Жилга»)
  • «Baikonyr Solar» ЖШС («Байқоңыр Солар»)
  • «Аксу-Энерго» ЖШС (СЭС "Акбай")
  • «Аксу-Энерго» ЖШС (СЭС "Очистной")
  • «Аксу-Энерго» ЖШС (МГЭС "Манкент")
  • «Salem Consulting» ЖШС ("Достык" МГЭС)
  • «Жамбылские ГЭС» ЖШС
  • «Гидроэнергетическая компания» ЖШС
  • «РемКоммСтрой» ЖШС
  • «Изен-Су» ЖШС
  • «КазЭкоВатт» ЖШС 
  • «Компания A&T-энерго» ЖШС
  • «KazGreenTekSolar» ЖШС ("Задарья" КЭС)
  • «Ак-Су Куат» ЖШС ("Кенес" МГЭС)
  • «СКЗ-U» ЖШС КЭС
  • «Байкен-U» ЖШС
  • «Номад Солар» ЖШС ("Жалағаш" КЭС)

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 4263,240 км (тізбек бойынша) 220-500 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 3635,7 МВА кернеуі 220-500 кВ 14 қосалқы станциялары кіреді.   

Персонал саны: 428 адам.

Байланыс деректері:

160012, Шымкент қ., Б. Момышұлы көш., 27

Тел.: +7 (7252) 243-359

Факс: +7 (7252) 545-452

Электр беру желілері мен шағын станциялардың өткізу қабілеті жөніндегі ақпарат

Жедел желі

Кері байланыс