Отырыстар

2024 жылғы 29 наурызда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1.   Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

2.   Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Аға тәуелсіз директор.

3.   Дұлқайыров Марат Тұрғанбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4.   Сүентаев Дамир Серкбайұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.   Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

6.   Жәмиев Алмат Күнжолұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

7.   Айтжанов Нәби Еркінұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

 

Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 29 наурыздағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 7 (жеті) мәселе қаралды.

 

1.   2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін «KEGOC» АҚ қаржылық есептемесін алдын ала бекіту туралы, «KEGOC» АҚ таза кірісін бөлу тәртібі және 2023 жылғы екінші жартыжылдықтағы «KEGOC» АҚ бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшері туралы ұсыныс.

Директорлар кеңесі төмендегі шешімді қабылдады:

1. Осы шешімнің қосымшасына сай, қоса беріліп отырған 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін «KEGOC» АҚ қаржылық есептемесі алдын ала бекітілсін.

2. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына «KEGOC» АҚ 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдағы қаржылық есептемесін, таза кірісті бөлу тәртібін бекіту, 2023 жылғы екінші жартыжылдық үшін жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және «KEGOC» АҚ бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы» мәселе шығарылсын.

3. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына 2023 жылғы таза кірістің 97,0082183966965% - і (2023 жылғы бірінші жартыжылдықтың нәтижелері бойынша төленген дивидендтерді шегергенде) 21 885 771 876,00 (жиырма бір миллиард сегіз жүз сексен бес миллион жеті жүз жетпіс бір мың сегіз жүз жетпіс алты) теңге мөлшерінде «KEGOC» АҚ барлық жай акцияларын ұстаушыларға бөлу ұсынылсын, бір жай акцияға есептегенде 79,50 теңгені (жетпіс тоғыз теңге 50 тиын) құрайды.

4. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына:

- 2024 жылғы 24 мамырда 00 сағат 00 минутқа 2023 жылдың екінші жартыжылдығында «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар «KEGOC» АҚ акционерлерінің тізімін бекіту;

- 2023 жылдың екінші жартыжылдығында «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеудің басталу күні 2024 жылдың 30 мамырына белгілеу ұсынылсын.

5. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

        «ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

2.   «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына «KEGOC» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымға қатысты ұсынымдар беру және қаржылық есептеме аудиті үшін аудиторлық ұйымның қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін айқындау туралы.

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына 40 942 003,00 (қырық миллион тоғыз жүз қырық екі мың үш) көлемінде қызмет құны бар (ҚҚС-сыз) «KEGOC» АҚ-ның 2024 жылға арналған аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым ретінде «RSM Qazaqstan» ЖШС айқындауды мақұлдау және ұсыну туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

        «ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

3.   Акционерлердің «KEGOC» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы мәселені алдын ала қарау туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің өтініштерінің жоқтығы туралы ақпарат назарға алынсын.

2. Бұл мәселе «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қарауына енгізілсін.

3. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімді іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

4. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы.

1. Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59 ғимарат мекенжайы бойынша 2024 жылғы 2 мамырда «KEGOC» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы сағат 11: 30-да шақырылсын;

2. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық қайталама жалпы жиналысының күні («KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының бірінші отырысында кворум болмаған жағдайда) 2024 жылғы 3 мамырда осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша 11 сағат 30 минутқа белгіленсін.

3. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы отырысының күн тәртібіне мәселелер енгізілсін:

- «KEGOC» АҚ 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылғы қаржылық есептемесін, таза кірісті бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және 2023 жылдың екінші жартыжылдығындағы «KEGOC» АҚ-ның бір жай акциясына есептегенде дивидендтер мөлшерін бекіту туралы»;

- «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелері мен «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасын сайлау, сонымен қатар «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақылар мен шығыстарды өтеу мөлшері мен шарттарын белгілеу туралы»;

- «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту туралы»;

- «Акционерлердің «KEGOC» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы»;

- «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының есеп комиссиясының сандық құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

- «KEGOC» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды және оның қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін айқындау туралы».

4. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні 2024 жылғы 8 сәуір болып белгіленсін.

5. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

5. 2023 жылғы 4-тоқсандағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі есепті назарға алу туралы.

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ-ның 2023 жылғы 4-тоқсандағы ірі инвестициялық жобаларын іске асыру туралы есепті назарға алу туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

6. «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысының өкілеттік мерзімін белгілеу туралы.

Директорлар кеңесі корпоративтік хатшы Имятов Олжас Жанатұлының өкілеттік мерзімін 2024 жылғы 27 сәуірден бастап 2027 жылғы 27 сәуірге дейін тұтастай алғанда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзіміне белгілеу туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

7. «KEGOC» АҚ Комплаенс қызметінің өкілеттігін тоқтату және басшысын тағайындау, оның өкілеттік мерзімін және лауазымдық қызметақысының мөлшерін белгілеу туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. 2023 жылғы 31 желтоқсаннан бастап «KEGOC» АҚ Комплаенс қызметінің басшысы Асқар Нұрланұлы Әміровтің өкілеттігі тоқтатылсын.

2. Сергей Павлович Жернаков «KEGOC» АҚ Комплаенс қызметінің басшысы болып тағайындалсын және оның өкілеттік мерзімі 2024 жылғы                             27 сәуірден 2026 жылғы 27 сәуірге дейін белгіленсін.

3. «KEGOC» АҚ Комплаенс қызметінің басшысына осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ішкі аудит қызметі, Комплаенс қызметі, Омбудсмен, «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысы қызметкерлерінің лауазымдық қызметақыларының схемасына сәйкес мөлшерде лауазымдық қызметақы белгіленсін.

4. С. П. Жернаковқа тағайындалған сәттен бастап бір жыл ішінде ICA сертификатын алу тапсырылсын.

5. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Айтжанов) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс