«KEGOC» АҚ-дағы (бұдан әрі – Қоғам) Омбудсмен инситуты Қоғам Акционерлерінің жалпы жиналысы, Директорлар кеңесі мен Басқармасы қолданған бастамалар, шаралар мен іс-қимылдар шеңберінде мына мақсатта құрылды:
еңбек дауларының, мүдделер қайшылығының алдын алу және оларды реттеу бойынша іс-шараларды күшейту;
Қоғамның имиджін жақсарту;
корпоративтік мәдениет, іскери этика жүйесін жетілдіру.
Омбудсмен өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Жарғысына, Ұжымдық шартқа, Мінез-құлық (іскери этика) кодексіне, Корпоративтік басқару кодексіне, «KEGOC» АҚ Омбудсмені туралы ережеге және Қоғамның басқа да ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
Омбудсмен тікелей Қоғамның Директорлар кеңесіне есеп береді, Директорлар кеңесінің төрағасына бағынады және өз қызметін Қоғамның ішкі құрылымдарынан тәуелсіз түрде жүзеге асырады.
Омбудсменнің қызметіне Директорлар кеңесі мүшелерінің, Қоғамның лауазымды тұлғалары мен басқа да қызметкерлерінің араласуына рұқсат етілмейді.
Омбудсмен жұмысының негізгі қағидаттары бұл тәуелсіздік, бейтараптық және риясыздық, құпиялылық және бейресмилік болып табылады.
Тәуелсіздік.
Омбудсмен өз қызметінде тәуелсіз және өзінің пайымдауында тәуелсіз;
Омбудсмен Қоғамда өзінің тәуелсіздігі мен бейтараптығына қысым түсіретін басқа лауазымды атқара алмайды.
Тәуелсіздігі және бейтараптығы.
Омбудсмен өтініштерді қараған кезде бейтарап, риясыз және тәуелсіз;
Омбудсмен жанжалдасушы (дауласушы) тараптардың ешбірінің жағына шықпайды;
Омбудсменнің өтініштерді қарау нәтижесінен алатын жеке материалдық және (немесе) материалдық емес мүдделері жоқ.
Құпиялылық.
Омбудсмен өтініш берген адамнан рұқсат алмаса, ақпаратты ашпайды және тіпті бұл жағдайда да өз қарауы бойынша дербес шешім қабылдайды. Қолданыстағы заңнамамен белгіленген жағдайлар ғана ерекше болып табылады;
Омбудсмен негізгі үрдістер, айқындалған проблемалар, қолданыстағы саясат және қалыптасқан тәжірибе туралы ұсынымдар берген кезде, оған өтініш білдірген тұлғалардың аттарын ашып айтпайды.
Бейресмилік.
Омбудсмен өзінің қызметін бейресми негізде жүзеге асырады, көбінесе ақпаратты, материалдарды және қажетті түсіндірмелерді тыңдайды, ұсынады және алады, сонымен қатар өз қарауы бойынша мүдделі тұлғаларды бейресми негізде қатысуға тартады;
Омбудсмен міндеттейтін сипаттағы шешімдерді қабылдамайды және Қоғамның лауазымды тұлғалары атынан (үшін) ресми шешімдер қабылдамайды;
Омбудсмен тек жанжалды (даулы) жағдайларды шешудің қалыпты көздерін толықтырады, бірақ қандай да бір жағдайда оларды өзі ауыстырмайды;
Омбудсменге өтініш білдіру өз еркімен, бірақ міндетті емес болып табылады.
Қоғамның Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 26 мамырдағы шешімімен Макин Ербол Мелсұлы «KEGOC» АҚ омбудсмені болып тағайындалды.