Қалдықтарды басқару

Өндіріс қалдықтары жабдығын пайдалану, жөндеу және жаңарту кезінде қалыптасады. 

KEGOC» АҚ қауіпті және қауіпті емес қалдықтарының көлемі 

Көрсеткіш, тонна

2023

Қауіпті қалдықтар

462,002

Қауіпті емес қалдықтар

2 883,764

ЖИЫНЫ

3 345,765

2023 жылы кәдеге жаратуға, шеттетуге, жоюға жасалған шарттар бойынша Компания бөгде мамандандырылған ұйымдарға берген қалдықтардың жалпы көлемі 3 345,765 тоннаны құрады.

«KEGOC» АҚ қалдықтарының көлемі

 

2019

 2020 

 2021 

 2022

2023

Қалдықтар, тонна

2 757,00  

5 117,11  

4 326,09  

2 635,99  

3 345,77

Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен қауіпсіз жұмыс істеу үшін ЖЭТ филиалдарында оларды уақытша қауіпсіз және бөлек сақтауға арналған орындар анықталды, экспликациясы бар объектілердің аумағында қалдықтарды орналастырудың карта-схемалары әзірленді, кейіннен кәдеге жарату үшін уақтылы шығару қамтамасыз етіліп тұр.

Қалдықтардың қауіпті түрлерін бөгде ұйымға беру қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою жөніндегі жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) лицензия негізінде жүзеге асырылады.

 

Жедел желі

Кері байланыс