Биоәртүрлілікке әсері

«KEGOC» АҚ электр желілік компаниясы және жүйелік операторы бола отырып, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне айтарлықтай әсер етпейді.

Электр желілік объектілерді жобалау сатысында экологиялық тәуекелдерді басқару үшін елді мекендердің жерлері мен аумақтары алаңдарынан, оның ішінде ауылдар, кенттер, қалаларды перспективалы дамытуға арналған, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірістер, табиғи қаумалдар, орман шаруашылықтар, су қорғау аймақтар, суармалы егістіктер, ерекше қорғалатын аумақтарды дамытуға көзделген, мәдени мұра нысандары мен тарихи ескерткіштер арқылы ӘЖ-і трассалары мен ҚС өтілуіне жол берілмейді.  ӘЖ-і трассалары негізінен дала және шөлейт жерлер арқылы өтеді.

Кез келген құрылыс және қайта құру жобаларын қарау кезеңінен өткен кезде міндетті кезең қоғамдық тыңдаулар немесе ҚОӘБ жобаларын талқылау болып табылады. ҚОӘБ өту кезінде көзделіп отырған қызметті іске асыру кезінде қоршаған ортаға ықтимал елеулі әсер етудің барлық процестері ескеріледі, оған мыналар кіреді: атмосфералық ауаға, су айдындары мен жер асты суларына, жер бедеріне, биоәртүрліліктің сақталуына, жануарлар дүниесіне әсер етуі. Жобалардың тәуекелдерін сәйкестендіру және бағалау тұрақты негізде және жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады. Жобаларды іске асыру тәуекелдерін талдау үшін әлеуметтік және экологиялық тәуекелдерді талдауды қамтитын PESTEL-талдау қолданылады. Қоршаған ортаға, оның ішінде биоәртүрлілікке әсерін бағалаудың нәтижелері ескеріледі және қоршаған ортаға ең аз зиян келтіретін нұсқа қабылданады.

«KEGOC» АҚ-ның биоәртүрлілікке оң әсері электр жеткізу желілерінің бөліну жолақтарында, сонымен қатар қосалқы станциялардың айналасындағы санитарлық аймақтарда дәстүрлі мекендеу орындарын сақтауға жәрдемдесу болып табылады.

Әлемдік зерттеулердің нәтижелері бойынша кернеуі 0,4-10 кВ электр жеткізу желілері жерге тұйықталған траверс немесе тіректің басқа жерге тұйықталған бөліктері мен кернеудегі сымдар арасындағы қысқа қашықтыққа байланысты құстарға қауіп төндіреді. Ұшу немесе жақындап ұшу кезінде құстар жерге тұйықталған траверске және ток өткізгіш сымға бір уақытта тиген кезде олар үшін өлімге әкелетін қысқа тұйықталуды тудыруы мүмкін.

«KEGOC» АҚ-ға тиесілі әуе желілерінің 99,4% - ы кернеуі 110 кВ және одан жоғары вольтты желілерді құрайды, онда тіректердің жерге тұйықталған бөліктері мен ӘЖ-нің тоқ өткізгіш бөліктері арасындағы ең аз қашықтық кемінде 1,5 метрді құрайды. Демек, құстардың қанаттарының серпілуі «сым – желінің жерге тұйықталған бөлігі» тізбегін жабуға мүмкіндік бермейді және бұл сызықтар құстар мен жарғанаттар үшін электр тоғының соғу қаупін тудырмайды. Дегенмен, «KEGOC» АҚ АТҚ-ның траверсалары мен порталдарына құстардың қонуы мүмкін жерлерде желілер мен қосалқы станциялардың элементтеріне құстардың қонуына жол бермейтін 11 мыңнан астам құстан қорғау қауіпсіз құрылғылары, соның ішінде құстар ӘЖ темірбетонды тіректерінің траверсаларының шетіне қонуға әрекеттенгенде айналатын, жел әсерінен іске қосылатын және құстар үшін тәуекелдерді азайтатын шуыл құралдары секілді филиалдарда ұтымгерлік ұсыныстарды енгізу нәтижесінде қондырылған құрылғылар орнатылған.

 Компания биоәртүрлілікті сақтау саласындағы даму нарығын үнемі зерттейді, ұқсас компаниялардың тәжірибесімен танысады және табиғатты қорғау ұйымдарымен байланыста болады. Мысалы, 2023 жылдың қыркүйегінде құстар қауіпсіздігі мәселесін шешудегі тәжірибе алмасу мақсатында жойылып бара жатқан экожүйелерді сақтау жөніндегі ынтымақтастық қорының (CEPF), LIFE EС, VGP FOUNDATION табиғат қорының қолдауымен «Биоалуантүрлілікті зерттеу және сақтау орталығы» Қоғамдық қоры (BRCC Research & Conservation), Қазақстанның, Венгрияның, Германияның Құстарды қорғау одақтары және басқа да қауымдастықтар ұйымдастырған «Палеарктика қырандары; зерттеу және қорғау» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы шеңберінде «Жыртқыш құстар және энергетика» ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысты.

Биологиялық әртүрлілік саясаты

Жедел желі

Кері байланыс