Негізгі ережелер
ЭКЕАЖ — ЭКН субъектілері арасында өндірілген, жеткізілген, бөлінген және тұтынылған электр энергиясы үшін есеп айырысу үшін өлшеу деректерін жинау, өңдеу, сақтау, деректерді беру және деректерді әзірлеуге арналған өлшеу құралдары мен аппараттық-бағдарламалық кешеннің жиынтығы.
Электр желілік компаниялардың ЭКЕАЖ-ні құру мақсаттары:
- Компания торпатарындағы электр энергиясы ысыраптарын есепке алу және есептесулер үші нарық субъектілерімен бірге электр энергиясын алмасу (тұтыну немесе беру) туралы ақпаратпен дер кезінде сенімді қамтамасыз ету.
- Ысыраптар ошақтарын оларды жою мақсатында анықтау.
- Электр энергиясының теңгерімдерін айқындау (электр энергиясының ысыраптарын дәл есепке алу).
- ЭКН субъектілерімен бірге электр энергиясын есепке алу жөнінде келісілген ақпаратпен өзара алмасу.
Тұтынушылардың ЭКЕАЖ-ні құру мақсаттары:
- Сатып алынатын электр энергиясының құнын оңтайландыру.
- Электрді тұтыну режимдерін оңтайландыру.
- Тұтынылған электр энергиясының нақты құнын тоғыспалы субсидиялаусыз төлеу.
- Электр энергиясы құнының жоспарлы мезгілге болжамдығы.
- Сенімді электрмен жабдықтау.
- Электр энергиясының теңгерімдерін айқындау (электр энергиясының ысыраптарын дәл есепке алу).
- Электр энергиясының ЭКН субъектілерімен есепке алу жөніндегі келісілген ақпаратпен өзара алмасу.
Энергия көздерінің ЭКЕАЖ-ні құру мақсаттары:
- Кірістердің болжамдылығы.
- Электр энергиясының жеткізілімдерін төлеу кепілдіктері.
- Электр энергиясының өндірісіне оралымды бақылау жасау.
- Электр энергиясының теңгерімдерін айқындау (электр энергиясының ысыраптарын дәл есепке алу).
- Кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін айқындау.
- Электр энергиясының ЭКН субъектілерімен есепке алу жөніндегі келісілген ақпаратпен өзара алмасу.
ЭКН-ні ЭКЕАЖ-ні құру мақсаттары:
- Электр энергиясын шынайы, уақтылы және заңды өлшеулерінің деректер базасын оны өндіру, жеткізу, тарқату мен электр энергиясының көтерме сауда және теңгерімдеуші нарығында тұтыну кезінде құру.
- Электр техникалық есептеулердің кешенін орындау.
- Электр энергиясының көтерме сауда және теңгерімдеуші нарығында өзара есептесулер үшін бастапқы деректерді әзірлеу.
- Электр энергиясының ЭТН субъектілерімен есепке алу жөніндегі келісілген ақпаратпен өзара алмасу.