Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларының талаптарына сәйкес (ҚР ЭМ 2015 жылғы 30 наурыздағы № 248 бұйрығымен бекітілген және ҚР ӘМ 2015 жылы 6 мамырда № 10957 тіркелген).

ЭКЕАЖ-ні құру кезінде көтерме сауда нарығының субъектісі мыналарды қамтамасыз етеді:

  • белгіленген дәлдік сыныптарын өлшем құралдарын қолдану;
  • өлшеулерді белгіленген қателік нормаларымен атқару.

Өлшем құралдары «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының талаптарына жауап беруі тиіс, атап айтқанда:

  • Сериялық шығарылымды өлшем құралдары ҚР СТ 2.21 талаптарына сәйкес осы өлшем құралдарының түрін кейіннен бекіте отырып сыналуы тиіс;
  • Жеке данада дайындалған немесе әкелінетін өлшем құралдары ҚР СТ 2.30 талаптарына сәйкес метрологиялық аттестаттаудан өтеді;
  • олардың типі бекітілгеннен немесе метрологиялық аттестатталғаннан және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелгеннен кейін өндірістен немесе жөндеуден шығару, пайдалану және импорт бойынша әкелу кезінде ҚР СТ 2.4 талаптарына сәйкес тексерілуі тиіс;
  • Коммерциялық есепке алу нүктесінде орнатылатын электр энергиясын есепке алу кешендерінде (ЭЕК) РД 34.09.101 талаптарына сәйкес жасалған паспорт-хаттама болуы, сондай-ақ электр энергиясын есепке алу кешенін куәландыру қағидаларына сәйкес куәландырылуы тиіс.

ЭЕКАЖ шеңберінде жүзеге асырылатын өлшеулер көтерме сауда нарығы субъектілері әзірлеген және мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (ҚазИнМетр РМК) бекіткен өлшеулерді атқару әдістемелері бойынша ҚР СТ 2.18, МЕМСТ 8.010 талаптарына,сондай-ақ мыналарға сәйкес жүргізілуі тиіс:

  • ҚР СТ 2.121–2006 «ГСИ РК. Электр энергиясының өлшеулерін атқару әдістемелеріне талаптар»;
  • ҚР СТ 2.120–2006 «ГСИ РК. Электр қуатының өлшеулерін атқару әдістемелеріне талаптар»;
  • ҚР СТ 2.122–2006 «ГСИ РК. Энергия объектілерде электр энергиясы мен қуатының автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйесін пайдалана отырып электр энергиясы мен қуатының өлшеулерін атқару әдістемелеріне талаптар».

Нұсқаулықтарды әзірлеу қажет, соның ішінде:

  • Тоқ, кернеу трансформаторларындағы екінші тізбек жүктемелері мен кернеу трансформаторларынан электр есептеуіштерінің клеммалық қыспағына дейінгі кернеу ысыраптарын өлшеуді атқару бойынша;
  • кернеу трансформаторларынан электресептеуіштерінің клеммалық қыспағына дейінгі кернеу түсуін айқындау бойынша;
  • қателіктерді айқындау үшін өлшеу трансформаторларының вольтамперлік сипаттамаларын алу бойынша.

 

Жедел желі

Кері байланыс