Ұтымгерлік және өнертапқыштық қызметі

«KEGOC» АҚ-дағы ұтымгерлік және өнертапқыштық қызмет (бұдан әрі – ҰӨҚ) «KEGOC» АҚ Даму стратегиясына және «KEGOC» АҚ Инновациялық-технологиялық саясатына сәйкес Қоғамның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.

ҰӨҚ басты артықшылығы - әрбір қызметкердің осы процеске қатысу мүмкіндігі, бұл өз кезегінде идеяны туғаннан жүзеге асыруға дейінгі уақытты барынша азайтуға және Компания қызметкерлерінің максималды санын қамтуға мүмкіндік береді.

ҰӨҚ шеңберінде идеялар Компанияның басқа бөлімшелерінде қолдану мүмкіндігімен айқындалады және ұсынысты кеңейту шарттары қарастырылған. 

ҰӨҚ ұйымдастырудағы негізгі мақсаттар:

1) ҰӨҚ-ін белсендіру және Қоғам мен еншілес ұйымдар қызметкерлерінің жаппай техникалық шығармашылығын одан әрі дамыту;

2) Қоғам мен еншілес ұйымдар қызметкерлерінің өз жұмысының нәтижелеріне қызығушылығын ҰӨҚ үшін моральдық және материалдық ынталандыру арқылы арттыру.

Ұтымгерлік ұсыныстардың статистикасы

2013-2023 жылдар аралығына 262 өтініш ұтымгерлік ұсыныс деп танылды.

Rac_zayavki_1kv2024_KAZ.PNG

Ескерту:

ЖО ҰДО – жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы;

ЖЭТ – жүйеаралық электр тораптары.

Сыйақы түрлері

ҰӨҚ материалдық ынталандыру адами капиталдың әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Компания қызметкерлері жұмыс процестерін жақсартуға, өндірістік мәселелерді шешудің оңтайлы нұсқаларын табуға ынталы.

Іске асырылған ұтымгерлік ұсыныс үшін материалдық сыйақы мөлшері екі санат бойынша айқындалады:

1) бірінші санат – шағын экономикалық әсері бар ұтымгерлік ұсыныстар. Бұл экономикалық тиімділік күтілмейтін немесе экономикалық тиімділік 5 000 000 (бес миллион) теңгеге дейін болатын ұтымгерлік ұсыныстар. Бірінші санат бойынша ұтымгерлік ұсыныстар үшін сыйақылардың мөлшері Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес есептеледі және 520 АЕК-тен аспауы тиіс.

2) екінші санат – экономикалық әсері бар ұтымгерлік ұсыныстар. Бұл ұтымгерлік ұсыныстар, оларды енгізуден экономикалық тиімділік 5 000 000 (бес миллион) теңгеден асады. Екінші санат бойынша ұтымгерлік ұсыныстар үшін сыйақы мөлшері нақты жылдық кіріс/жинақ сомасының 20% құрайды, бірақ 10 000 000 теңгеден аспайды.

2019-2023 жылдар кезеңінде ұтымгерлік ұсыныстар үшін сыйақы мөлшері:

Voznagr_1kv_2024_KAZ.png

«Қостанай энергия торабын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру» ұтымгерлік ұсынысын іске асыру үшін 2023 жылы 10 миллион теңге сыйақының ең жоғары мөлшері «Сарыбай ЖЭТ» «KEGOC» АҚ филиалына төленді.Осы ұтымгерлік ұсыныс шеңберінде аварияға қарсы басқару автоматикасын қайта конфигурациялау және жөндеу және авариялық ажыратулар кезінде қосымша желілерді автоматты түрде іске қосуды ұйымдастыру бойынша техникалық шешімі әзірленді. Осы ұтымгерлік ұсынысты енгізудің экономикалық әсері 68 млн. теңгені құрайды.

«Үздік ұтымгерлік ұсыныс» байқауы

Байқау Компанияның және еншілес ұйымдардың ұтымгерлер ынталандыру және қызметкерлерді ҰӨҚ-қа тарту мақсатында өткізіледі. Байқау жыл сайын өткізіледі және байқаудың негізгі міндеті – ең тиімді ұтымгерлік ұсыныстарды анықтау және ұтымгерлік ұсыныстардың ерекше авторларын ынталандыру.

2023 жылдың қорытындысы бойынша келесі ұтымгерлік ұсыныстар Байқау жеңімпаздары болып анықталды:

Гран-при Gold – Қостанай энергия торабын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру (серіктес авторлар: Владимир Ковалёв, Вячеслав Кузнецов, Сергей Баишев және Нұржан Керімқұлов – «KEGOC» АҚ «Сарыбай ЖЭТ» филиалы).

1-орын – ЖҚАР ОЖ-ның ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы - РФ БЭЖ қимасының жиілігі бойынша түзете отырып, қуат ағынын автоматты реттеу (АЖАР 1) функциясын автоматты басқару жүйесінің (АБЖ) реттеу сапасын арттыру (серіктес авторлар: Елдос Өтегенов және Ақниет Жазықбаев - «KEGOC» АҚ «ЖО ҰДО» филиалы).

2-орын:

- СТС релені тексеру құрылғысы (авторы Денис Мещеряков – «KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ» филиалы).

- Торнадо-КП-ның 0,4 кВ РҚА (авторы Елік Жүсіпов және серіктес авторы Денис Мещеряков – «KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ» филиалы).

3-орын: 

- ЖҚАР ОЖ-ның екіншілік қуат тапсырмаларын өтеу бөлігінде алгоритмін пысықтау (серіктес авторлар: Жанат Сапарғалиев, Мәдина Кенжина және Елдос Өтегенов – «KEGOC» АҚ «ЖО ҰДО» филиалы).

- Sicam PAS логикасы арқылы команданы өңдейтін WinCC экранындағы сиренаны тексеруге арналған қосымша батырма (авторы Дастан Сармұрзанов – «KEGOC» АҚ «Шығыс ЖЭТ» филиалы).

- МТ-100/8У1 типті центрден тепкіш трансформаторлық электр сорғыларының герметикалығын анықтауға арналған қондырғы (авторы Жанат Қанапин, серіктес авторлар: Ерлан Елубаев және Юрий Глухарев – «KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ» филиалы).

Компания мен еншілес ұйымдардың 315-тен астам қызметкерлері ұтымгер болып табылады. Ең белсенді ұтымгерлер:

Raz_deyat2kv2024KAZ2.png

Жедел желі

Кері байланыс