Қазақстан Республикасының электр энергетикасы мына секторлардан тұрады:
Электр энергиясын өндіру секторы
Қазақстанда әртүрлі меншік нысанындағы 233 электр станциясы электр энергиясын өндіреді. 01.01.2025 жылғы жай-күй бойынша Қазақстанның электр станцияларының жалпы белгіленген қуаты 25314,2 МВт-ты, иелік қуаты 21034,6 МВт-ты құрайды.
Электр станциялары ұлттық маңызы бар электр станциялары, өнеркәсіптік электр станциялары және аймақтық электр станциялары болып бөлінеді.
Ұлттық маңызы бар электр станцияларына Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығында тұтынушыларға электр энергиясын өндіруді және сатуды қамтамасыз ететін ірі жылу электр станциялары жатады:
Сондай-ақ қосымша және ҚР БЭЖ жүктеме кестесін реттеу үшін пайдаланылатын қуаты жоғары гидравликалық электр станциялары:
Өнеркәсіптік маңызы бар электр станцияларына ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жақын маңдағы елді мекендерді электрмен, жылумен жабдықтауға қызмет ететін электр және жылу энергиясын аралас өндіретін ЖЭО жатады:
Өңірлік маңызы бар электр станциялары – өңірлік электр желілік компаниялар мен энергия жеткізуші ұйымдардың желілері арқылы электр энергиясын өткізуді, сондай-ақ жақын маңдағы қалаларды жылумен жабдықтауды жүзеге асыратын аумақтармен интеграцияланған ЖЭО.
Электр энергиясын жеткізу секторы
Қазақстан Республикасының электр желілері электр энергиясын жеткізуге және (немесе) таратуға арналған қосалқы станциялардың, тарату құрылғыларының және оларды қосатын кернеуі 0,4 –1150 кВ электр жеткізу желілерінің жиынтығын білдіреді.
Қазақстан Республикасының БЭЖ-інде жүйе құраушы желінің рөлін республиканың өңірлері мен іргелес мемлекеттердің (Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы) энергия жүйелері арасындағы электр байланыстарын, сондай-ақ электр станцияларының электр энергиясын жеткізуін және оны көтерме сауда тұтынушыларға жеткізуді қамтамасыз ететін Ұлттық электр торабы (ҰЭТ) орындайды. ҰЭТ құрамына кіретін, қосалқы станциялар, тарату құрылғылары, өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр жеткізу желілері және кернеуі 220 кВ және одан жоғары электр станцияларының электр энергиясын жеткізетін электр жеткізу желілері «КЕGОС» АҚ балансында болады.
Өңірлік деңгейдегі электр желілері өңірлер ішіндегі электр байланыстарын, сондай-ақ электр энергиясын бөлшек сауда тұтынушыларына жеткізуді қамтамасыз етеді. Өңірлік деңгейдегі электр желілері өңірлік электр желілік компаниялардың (ӨЭК) балансында және пайдалануында болады.
Энергия жеткізуші ұйымдар (ЭЖҰ) шарттар негізінде электр энергиясын көтерме және бөлшек сауда нарығының тұтынушыларына немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға меншікті немесе пайдаланылатын (жалдау, лизинг, сенімгерлік басқару және пайдаланудың өзге де түрлері) электр желілері арқылы жеткізеді.
Электрмен жабдықтау секторы
Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығының бөлшек сауда тұтынушыларын энергиямен жабдықтауды 2024 жылғы 1 сәуірге дейін реттелетін және реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдар (ЭЖҰ) жүзеге асырды. 2024 жылғы сәуірдің 1-і мен желтоқсанның 31-і аралығында реттелмейтін ЭЖҰ жұмысын тоқтатып, тұтынушыларын реттелетіндерге берді. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап энергиямен жабдықтау жөніндегі барлық функциялар энергиямен жабдықтауға лицензия алған энергия жеткізуші ұйымдарға берілді. 21 лицензия алған энергия жеткізуші ұйым электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан, электр энергиясының жаңартылатын көздерінен және (немесе) нетто-тұтынушылардан сатып алуды және оны кейіннен түпкілікті бөлшек тұтынушыларға сатуды жүзеге асырады, сондай-ақ электр энергиясын «кепілдік беруші өнім беруші» функцияларын орындайды.
Қазақстан Республикасы электр энергиясы нарығы
Қазақстандағы электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығы электр энергиясының көтерме сауда нарығынан, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығынан, электр қуаты нарығынан және жүйелік және қосалқы қызметтер нарығынан тұрады.
Электр энергиясының көтерме сауда нарығы жүйелік оператор бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне енгізілген электр энергиясының жоспарлы көлемдерін сатып алу-сату негізінде жұмыс істейді.
Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы нақты уақыт режимінде электр энергиясының нақты және жоспарлы көлемі арасындағы операциялық тәулікте туындайтын сағаттық теңгерімсіздіктерді физикалық және кейінгі қаржылық реттеу мақсатында жұмыс істейді.
Жүйелік және қосалқы қызметтер нарығы көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы қызметтерді сатып алу, сондай-ақ жүйелік оператордың Қазақстан Республикасы БЭЖ жұмысының Ұлттық стандарттарында белгіленген сенімділігін және электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету үшін көтерме сауда нарығы субъектілеріне жүйелік қызметтер көрсету негізінде жұмыс істейді.
Электр қуаты нарығы электр қуатына сұранысты жабу үшін Қазақстан Республикасы БЭЖ-інде қолданыстағы электр қуатын ұстап тұру және жаңа электр қуатын іске қосу үшін инвестициялар тарту мақсатында жұмыс істейді.
Электр энергиясының орталықтандырылған саудасы - энергия өндіруші ұйымдар мен Бірыңғай сатып алушы арасында, сондай-ақ электрондық сауда жүйесіндегі бірыңғай сатып алушы мен цифрлық майнерлер арасында жүзеге асырылатын электр энергиясын сатып алу-сату мәмілелері.
Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне Тізбеге енгізілген (Жүйелік оператор қалыптастыратын) субъектілер жатады:
Көрсетілген тізбеге енгізу үшін заңды тұлға төмендегі шарттарды жасауы тиіс:
Бұл ретте жүйелік қызметтер көрсетуге арналған шарттар мыналармен жасалады:
-орташа тәуліктік (базалық) қуаты кемінде 1 МВт көлемде электр энергиясын тұтыну шартымен электр энергиясын тұтынушы;
- электр энергиясын энергиямен жабдықтау жөніндегі талаптарды орындау кезінде орташа тәуліктік (базалық) қуаты кемінде 1 МВт көлемде электр энергиясын тұтыну шартымен энергиямен жабдықтаушы ұйыммен (энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу құқығына лицензия болған кезде).
Жүйелік оператор, орталықтандырылған сауда нарығының операторы және электр энергиясын бірыңғай сатып алушы электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылады.
Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы және Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығы
2023 жылғы 1 шілдеден бастап «Электр энергетикасы туралы» Заңға электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын нақты уақыт режимінде енгізе отырып, электр энергиясының көтерме нарығы жұмысының механизмін регламенттейтін өзгерістер күшіне енді.
Нарықтың нысаналы моделі электр энергиясының жоспарлы көлемдерін орталықтандырылған сатып алу-сатуға көшуді көздейді. Бұл энергия өндіруші ұйымдар өндірген барлық электр энергиясы электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сатылатындығын білдіреді. Тұтынушылардың бір тобына кіретін тұтынушылар мен энергия өндіруші ұйымдар арасында электр энергиясын сатып алу-сату жағдайы бұған кірмейді.
Электр энергиясы отандық электр станцияларынан бір тәулік бұрын келесі тәртіппен (басымдылықпен) орталықтан сатып алынады:
Бұл ретте, тәуліктік кестені отандық электр станциялары жаппаған жағдайда электр энергиясының жоспарлы импорты жүзеге асырылады.
Өз кезегінде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы нақты уақыт режимінде Қазақстан БЭЖ-індегі теңгерімсіздіктерді реттеуді қамтамасыз етеді. Бұл теңгерімсіздіктерді ауытқуға жол берген нарық субъектілеріне бөлуге мүмкіндік береді.
Көтерме сауда нарығының барлық субъектілері теңгерімдеуші нарыққа қатысуға міндетті.
Теңгерімсіздіктерді реттеу үшін ЭТН-де электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу-сатуды теңгерімсіздік нарығының есеп айырысу орталығы жүзеге асырады.
Энергетика министрлігінің 2023 жылғы 6 маусымдағы бұйрықтарымен «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС және «ЭҚРҚО» АҚ сәйкесінше электр энергиясын бірыңғай сатып алушы және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығы болып белгіленді.
Нарықтың жаңа моделінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында «Электр энергетикасы туралы» Заңға сәйкес тиісті шарттар негізінде Жүйелік оператор нарық субъектілеріне ҰЭТ-ты пайдалану бойынша қызмет, сондай-ақ ҰЭТ арқылы электр энергиясын жеткізу бойынша қызметтер көрсетеді.
ҰЭТ-ты пайдалану бойынша қызмет көтерме сауда нарығының субъектілеріне электр энергиясының көтерме және теңгерімдеуші нарықтарында электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде көрсетіледі. Бұл электр энергиясын таратудың «атаулылығының» болмауына байланысты (өндірушіден тұтынушыға беру бағытын анықтау мүмкін емес).
Өз кезегінде, ҰЭТ арқылы электр энергиясын жеткізу бойынша қызметті Жүйелік оператор мыналарға көрсететін болады:
Жаңа модельге көшкеннен бері KEGOC нарықтағы басты рөлдердің біріне иелік етуін жалғастыруда және келесі негізгі функцияларды орындайды:
- жүйелік қызметтер көрсетеді, оның ішінде ҰЭТ-ты пайдалану бойынша «жаңа» қызмет;
- «Бірыңғай сатып алушы» және «Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы» модульдерін қоса отырып, көтерме сауда нарығының жұмыс істеуінің және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын басқарудың негізгі құралы болып табылатын теңгерімдеуші нарық жүйесінің жаңғыртылған аппараттық – бағдарламалық кешенінің ұстаушысы болып табылады;
- рейтингтік тізімнен ішкі нарық субъектілерінің баға өтінімдерін қолдану арқылы және Ресей Федерациясымен және Орталық Азия елдерімен ауытқуларды реттеу жөніндегі шарттық қатынастар шеңберінде энергия жүйесіндегі теңгерімсіздіктерді физикалық реттеуді жүзеге асырады.
Электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері үшін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы жүйесінің сайтына сілтеме: https://bems.kegoc.kz/