1.        Шекаралас елдермен қатарлас жұмыс шеңберінде

Энергия жүйелерінің қатарлас жұмысқа кіруі кезінде мемлекеттер мен шаруашылық субъектілердің өзара іс-қимылының құқықтық негіздерін қалаған алғашқы құқықтық құжат, 1998 жылғы 25 қарашада ТМД елдері басшылары кеңесінің отырысында қол қойылған ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмысын қамтамасыз ету туралы шарт болды.

Достастыққа қатысушы-мемлекеттердің энергия жүйелерінің қатарлас жұмысы және мемлекеттердің энергия жүйелерінің Ұлттық жүйелік операторларының келісілген өзара іс-қимылын қамтамасыз ету электр энергиясының ортақ нарығы үшін технологиялық негіз болып табылады. Қазіргі уақытта ТМД елдерінің энергия бірлестігінде қатарлас жұмыспен ТМД-ға қатысушы-мемлекеттері энергия бірлестіктерінде қатарлас жұмыспен 11 энергия жүйесі, сондай-ақ Балтық елдері энергия жүйелері біріктірілді.  

«KEGOC» АҚ, Қазақстан Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы бола отырып, қатарлас жұмыс режимдерінің орнықтылығын басқару және қамтамасыз ету бойынша ірегелес мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара іс-қимыл бойынша функцияларды атқарады.

Қазіргі таңда Қазақстан БЭЖ Ресей БЭЖ-мен және Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанның энергия жүйелерін қамтитын ОА БЭЖ-мен қатарлас жұмыс істейді.

Бұның негізі үкіметаралық келісімдер болып саналады, оларға сәйкес елдер электр энергиясының мемлекетаралық жеткізілімдерін жүзеге асырып, қызметтер көрсете алады (транзит, қуатты реттеу).

Компания Қазақстанның жүргізіп отырған «тату көршілік» саясатын толығымен қолдайды және осының арқасында, көршілес мемлекеттердің энергия жүйелерімен біздің серіктестік өзара қатынасымыз достық сипатқа ие. Әлбетте, бүкіл әлемдегідей, энергия жүйелері арасындағы өзара қатынастарды біз өзара тиімділік және ешбір Тарапқа зиян келтірмеу принциптерінде құруға тырысамыз.

1.1.     Қазақстанның БЭЖ-нің Орталық Азия БЭЖ-мен қатарлас жұмысы

Орталық Азия энергия жүйелері арасындағы өзара қатынастарды Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Үкіметтері арасындағы Энергия жүйелерінің қатарлас жұмысы туралы 1999 жылғы 17 маусымдағы келісімі (Бішкек қ.) реттейді, оған сәйкес тараптар электр энергиясының мемлекетаралық жеткізілімдерін жүзеге асырып, қызметтер көрсете алады. Орталық Азияның Үйлестіруші электр энергетикалық кеңесі (ОА ҮЭК) жұмысын атқарып отыр, Қазақстан атынан оның қатысушысы «KEGOC» АҚ. Кеңес тараптардың шаруашылық субъектілерінің бастамасымен құрылды және бүгінгі таңда энергия жүйелерінің қатарлас жұмысы шеңберіндегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша тараптардың конструктивті диалог жүргізулері үшін маңызды «алаң» болып табылады.

1.2.     Қазақстан мен Ресей энергия жүйелерінің қатарлас жұмысы

Қазақстан мен Ресей Үкіметтерінің арасындағы Қазақстандық және ресейлік энергия жүйелерінің қатарлас жұмысын қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы 2009 жылғы 20 қарашадағы келісімге сәйкес, 2010 жылдан бастап «KEGOC» АҚ мен энергия жүйелерінің қатарлас жұмысы кезінде тараптардың негізгі техникалық және қаржылық міндеттемелерін реттейтін, ресейлік шаруашылық субъектілері арасындағы шарттар күшіне енді:

  •  Қазақстан мен Ресей энергия жүйелерінің қатарлас жұмысы туралы шарт («ФТК» ЖАҚ және «БЭЖ ЖО» АҚ).
  •  «ФТК» ЖАҚ-пен Қазақстанның ҰЭТ-ы арқылы электр энергиясын жеткізу бойынша қызмет көрсету шарты.
  •  «Интер РАО» ЖАҚ-пен электр энергиясын Қазақстан мен Ресей шекарасы арқылы өткізген кезде туындайтын ауытқулардың сағаттық көлемдерін өтеу мақсатындағы электр энергиясын сатып алу және сату шарттары.  

2.        Интеграциялық бірігулер шеңберінде

Шектес елдермен өзара іс-қимыл жасау кезінде «KEGOC» АҚ шектес мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерімен қатарлас жұмыстың артықшылықтарын пайдаланып және ТМД мен Еуразияда ортақ электр энергетикалық нарықты құру арқылы электр энергетика саласы дамуының үйлестірілген стратегиясын қалыптастыру, электр энергетикалық жүйенің тиімді жұмыс істеуін арттыру, тұтынушыларды электрмен сенімді жабдықтау мақсатында халықаралық интеграциялық бірлестіктер жұмысына қатысады. Мұндай ұйымдарға ТМД Электр энергетикалық кеңесі (ТМД ЭЭК), Еуразиялық  экономикалық комиссия (ЕЭК), Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО), Орталық Азияның  Үйлестіруші электр энергетикалық кеңесі (ОА ҮЭК) кіреді.

«КЕGОС» АҚ Жүйелік оператор ретінде, 2022-2023 жылдарға арналған ТМД мен Балтық елдері энергия жүйелерінің бірлескен жұмысын жедел-технологиялық үйлестіру жөніндегі комиссияның (ЖТҮК) Жұмыс жоспарына сәйкес, құжаттар пакетін әзірлеу және мақұлдау бөлігінде ЖТҮК-ның отырыстарға қатысуын назарда ұстайды. ТМД, Балтық жағалауы мемлекеттері мен Грузияның энергетикалық бірлестігінде 2022-2023 жылдарға арналған белсенді қуаттың жиілігі мен ағынын реттеу және нормаланған бастапқы реттеу қуатының қажетті мәндерінің параметрлері бекітілді. ТМД мен Балтық жағалауы елдерінің энергия жүйелерінің диспетчерлік орталықтары арасында жиіліктің ауытқуы жағдайында жиілікті реттеу мен белсенді қуат ағындарының сапасын бақылау, сондай-ақ өзгеруге байланысты емес белсенді қуат ағындарын бақылау мақсатында ақпарат алмасу туралы ереже әзірленді.

ЕЭО-ның электр энергетикасы саласындағы қызметінің басты бағыты ортақ энергетикалық нарықты кезең-кезеңмен қалыптастыру болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыс ЕЭК шеңберінде жүзеге асырылды. ЕЭК – Еуразиялық экономикалық одақтың тұрақты жұмыс істейтін реттеуші органы. 2012 жылғы 2 ақпаннан бастап жұмыс істей бастады. Еуразиялық экономикалық комиссияның негізгі міндеті – ЕЭО-ның жұмыс істеу және даму шарттарын қамтамасыз ету, біріктіруді одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

«KEGOC» АҚ өкілдері жұмыс топтарының, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы жанындағы Электр энергетика жөніндегі консультациялық комитеттің, ЕАО-ның ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру жөніндегі кіші комитеттің отырыстарына қатысады.

ОА ҮЭК шеңберінде «KEGOC» АҚ өкілдері ОА ҮЭК-тің Үйлестіруші комиссияларының отырыстарына қатысады. Отырыстарда талқыланатын негізгі мәселелер, олар: қатарлас жұмыс кезіндегі өзара іс-қимыл мәселелері, ОА ҮЭК-тің вегетациялық кезеңдегі және КҚК-дегі жұмыс қорытындылары, ОА ҮЭК пен Қазақстанның Оңтүстік аймағының перспективалық схемасын әзірлеу, энергия жүйелері арасында Қатарлас жұмысты қамтамасыз ету туралы шарттар жасау, соның ішінде электр энергиясының жоспардан тыс ағындарын реттеуге арналған, жиілікті (қуатты) реттеу бойынша өзара қызметтерге арналған шарттар жасау мәселелері.

3.        Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық

2004 жылдан бастап «KEGOC» АҚ Еуропа электр энергетикалық өнеркәсібі одағының (EURELECTRIC) халықаралық қауымдастырылған мүшесі болып табылады.

EURELECTRIC - 1999 жылы негізі қаланған, халықаралық үкіметтік емес ұйым. EURELECTRIC-тің негізі міндеттері ол Еуропаның электр энергетикалық секторының мүдделері үшін тұжырымдамаларды, идеяларды және стратегиялық позицияларды әзірлеу.

Сонымен қатар, «KEGOC» АҚ келесі ұйымдарға қатысады:     

  • Дүниежүзілік Энергетикалық Одақ (ДЭО) жұмысына — 1923 жылы негізі қаланған, жетекші ғаламдық энергетикалық ұйым. Коммерциялық емес, БҰҰ-да ресми түрде тіркелген. ДЭО мақсаты — энергия қажеттілігін барынша қанағаттандыру үшін энергиямен тұрақты жабдықтауды және энергия ресурстарын пайдалануды қамтамасыз етуге жәрдемдесу. ДЭО-ге мүшелік әлемнің 93 еліндегі ұлттық комитеттер арқылы жүзеге асырылады.
  • Әлемдік Энергетикалық Кеңес (WEC) жанындағы Атқарушы Ассамблея жұмысына – Кеңестің даму перспективаларын, оның стратегиясы мен саясатын қалыптастыру үшін жыл сайын шақыртылады.
  • Энергетикалық Хартия бойынша сессияларға. 1991 жылғы 17 желтоқсанда Гаагада Еуропалық Энергетикалық хартияға қол қойылды. Хартия Батыс және Шығыс Еуропа арасындағы энергетикалық мәселелер бойынша ынтымақтастық механизмі ретінде құрылды. Хартияның негізгі мақсаттары энергетикалық қауіпсіздікті нығайту, энергия тиімділігіне жәрдемдесу, қоршаған ортаға келетін зиянды барынша азайту, тиімді энергетикалық нарықтарды дамыту және қолайлы инвестициялық климат құру болып табылады. 
  • БҰҰ-ның Еуропалық Экономикалық Комиссия отырыстарына қатысады.

2016 жылғы шілдеде «KEGOC» АҚ Жоғары кернеудегі үлкен электр жүйелері жөніндегі халықаралық кеңестің (Conseil International des Grands Réseaux Électriques – CIGRE) ұжымдық мүшесі атанды. Бүгінгі таңда CIGRE әлемнің көптеген елдерінде саланың даму стратегиясын қалыптастыруға елеулі әсер ететін, энергетика саласындағы ең беделді және маңызды халықаралық ғылыми-техникалық қауымдастықтың бірі болып табылады.

Бұдан бөлек, қолданыстағы объктілерді жаңғырту және жаңаларын салу бойынша бірқатар ірі жобаларды іске асыру барысында, «KEGOC» АҚ Халықаралық Қайта құру және Даму банкінен (ХҚДБ) және Еуропа Қайта құру және Даму банкінен (ЕҚДБ) қарыз қаражат тарту арқылы халықаралық қаржы институттарымен жұмыс жасайды.




Жедел желі

Кері байланыс