Электр энергетикасы саласындағы басқа да қызмет 

Электр энергетикасы нарығының субъектілері үшін энергия объектілерін, жекелеген энергия қондырғыларын салу және баптау жөніндегі қызметтерді және мамандандырылған жөндеу жөніндегі қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті құрылыс-монтаждау ұйымдары мен мамандандырылған жөндеу кәсіпорындары жүзеге асырады.

Энергия өндіру және тұтынушыларды энергиямен жабдықтау үшін жаңа тиімді энергия үнемдеуші және экологиялық таза технологияларды енгізу проблемаларын шешумен «ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ» институты» АҚ, «Энергия» институты, Алматыгидропроект, Казсельэнергопроект,  Қазэнергоэнергетика сияқты ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институттары айналысады.

Энергия өндіруші ұйымдар да,  тұтынушылар да мүшелері болып табылатын Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы Қазақстан Республикасы электр энергиясы және қуатының көтерме сауда нарығына қатысушысы болып табылады.

Қауымдастықтың негізгі міндеттері:

  • қызметі электр энергетикасы саласымен тікелей немесе басқа түрде байланысты барлық ұйымдарға қолдау көрсету;
  • электр энергетикасы саласына қатысты мемлекеттік бағдарламаларды, заңдар мен нормативтік актілерді әзірлеуге қатысу;
  • сала мүдделері үкіметтің, сот және басқа органдардың шешімдеріне тәуелді болатын мәселелерде өз мүшелерінің ұстанымдарын қолдау және қорғау.

«KazEnergy» қауымдастығы Қазақстан Республикасы мұнай-газ және энергетика кешенінің қарқынды және тұрақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру мақсатында құрылған ерікті, коммерциялық емес бірлестік болып табылады.

Қауымдастықтың мақсаттары:

  • Қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік органдарда қорғау, заңнамалық базаны үйлестіру;
  • жер қойнауын пайдаланушылар, электр энергиясын өндірушілер, энергетика секторы өнімдері мен қызметтерін тасымалдаушылар мен тұтынушылар үшін бірыңғай ақпараттық алаң құру;
  • жергілікті, өңірлік және халықаралық деңгейде салаішілік ынтымақтастық пен кәсіпкерлік жобаларын дамыту және қолдау;
  • қауымдастықтың, оның мүшелерінің және жалпы саланың оң имиджін өңірлік және жаһандық деңгейде тарату;
  • Қазақстандық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және ғылыми-техникалық белсенділігін ынталандыру.

Қазақстан электр қуаттарының резервтер ПУЛЫ (ПУЛЭҚР) мекемесін  Қазақстан Республикасы электр энергиясы нарығы субъектілері құрды, оның негізгі мақсаты  құрылтайшы-тұтынушыларды Қазақстан Республикасындағы генерацияланатын қуаттар мен электр жеткізу желілері күтпеген жерден істен шыққан кезде энергиямен үздіксіз қамтамасыз ету үшін  шарттық негізде қуат резервтерін ұсыну болып табылады.

ЭҚРПУЛына қатысушылар болып мыналар табылады:

  • өндіруші компаниялар;
  • ТЭКтер;
  • «KEGOC» АҚ;
  • көтерме нарық тұтынушылары.

Жедел желі

Кері байланыс