Компания тарихы

14 желтоқсан

«KEGOC» АҚ 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында жай акциялар бойынша дивидендтер төледі

4 желтоқсан

Пекин қаласында «KEGOC» АҚ мен «China Power International Development Limited» компаниясы арасында Қазақстан Республикасы БЭЖ-інде электр энергиясын сақтау жүйесін енгізу бойынша пилотты жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойылды

30 қараша

Moody's Investors Service (Moody's) «KEGOC» АҚ-ның рейтингін «Baa2» деңгейінде растап, болжамды «тұрақтыдан» «позитивтіге» дейін арттырды

29 қараша

Атырау облысында Қазақстан Республикасының Батыс аймағының электр желісін күшейту мақсатында салынған жаңа ЭЖЖ-ні іске қосу рәсімі өтті

24 қараша

«KEGOC» АҚ Москва қаласындағы Жүйелік оператор персоналы құрамын оқыту орталығында диспетчерлерді халықаралық жүйеаралық аварияға қарсы жаттықтыруға қатысты

20 қараша

«KEGOC» АҚ-да Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Альберт Рау басшылық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің мүшелерінің көшпелі отырысы өтті.

10 қараша

AIX биржасында SPO аясында орналастырылған «KEGOC» АҚ акцияларының қайталама саудасын іске қосудың салтанатты рәсімі өтті.

9 қараша

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша Дүниежүзілік банктің жетекші сарапшыларымен кездесті

8 қараша

«Самұрық-Қазына» АҚ мен «KEGOC» АҚ 2023 жылғы 28 қыркүйектен бастап 2 қарашаны қоса алғанда KASE және AIX биржаларында өткен «KEGOC» АҚ-ның SPO қорытындылары туралы хабарлады

16 қазан

KASE және AIX биржаларында өткізілетін «KEGOC» АҚ SPO шеңберінде жаңа инвесторлардың өтінімдерін жинау басталды

13 қазан

«KEGOC» АҚ Батыс Қазақстанның энергия жүйесін Қазақстан Республикасының БЭЖ-імен біріктіру жобасының экологияға әсері туралы оң қорытынды алды

10 қазан

«KEGOC» АҚ-да ағымдағы жылғы 2 қазаннан бастап 5 қазанды қоса алғанда «KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ» филиалының 500 кВ «Алматы» ҚС-ның оқу-жаттықтыру полигонында (Алматы облысы, Жамбыл ауданы) әуе желілеріне (ӘЖ) қызмет көрсету бойынша электр монтерлер бригадалары арасында жарыстар өткізілді. 

6 қазан

«KEGOC» АҚ жыл сайынғы KASE FEST қазақстандық брокерлер жәрмеңкесі аясында Қазақстан қалаларында роуд-шоуды бастады. Бірінші қала Павлодар болды, әлеуетті инвесторларға «KEGOC» АҚ-ның акцияларын сатып алу неліктен тиімді инвестиция екені айтылды

6 қазан

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті «KEGOC» АҚ-ға 2023-2024 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік төлқұжатын берді

5 қазан

«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесі «KEGOC» АҚ-ның және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2023-2024 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындалу барысы туралы ақпаратын тыңдады.

3 қазан

Astana International Exchange (AIX) «KEGOC» АҚ-ның бағалы қағаздарды шығару аңдатпасын бекітті.

27 қыркүйек

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы SPO-ны өткізу туралы шешім қабылдады.

26 қыркүйек

«KEGOC» АҚ-ның 2022 жылғы 30 маусымдағы және сол күні  аяқталған алты айдағы жай-күй бойынша қаржылық есептілігі, таза табысты бөлу тәртібі, «KEGOC» АҚ-ның 2023 жылғы бірінші жартыжылдығына бір жай акцияға есептегенде дивиденд мөлшері бекітілген, Компанияның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылданып, «KEGOC» АҚ жарияланған жай акциялары шегінде орналастыру туралы, «KEGOC» АҚ Дивидендтер саясаты туралы ережесіне өзгерістер енгізу туралы, «KEGOC» АҚ Жарғысына өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралған «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті.

21 қыркүйек

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов  Атырау қаласындағы «Батыс ЖЭТ» филиалына барды. Жұмыс сапары барысында «KEGOC» АҚ басшысы өндірістік филиал ұжымымен кездесті, онда даму перспективасы, өндірістік жоспарлар, сонымен қатар Компанияның әлеуметтік саясатын одан әрі жүзеге асыру жөніндегі көзқарастар айтылды.

21 қыркүйек

«KEGOC» АҚ Ақтөбе және Атырау қалаларында «Батыс Қазақстан энергия жүйесін Қазақстан Республикасы БЭЖ-імен біріктіру. Электр желілік объектілерін салу» перспективалық жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеу шеңберінде ашық қоғамдық тыңдаулар өткізді. Кездесулер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен өтті

15 қыркүйек

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті, онда Компанияның жарияланған акцияларының санын 15 294 118 жай акцияға көбейту туралы шешім қабылданды, осыған байланысты «KEGOC» АҚ-ның жарияланған акцияларының жалпы саны 275 294 118 жай акцияны құрайтын болады

31 тамыз

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов Қазақстан Республикасындағы ЖЭК-ті және ғылымды дамыту жөніндегі Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы бойынша ІІ конференцияға қатысты

29 тамыз

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов Азия Даму Банкінің өкілдерімен кездесті. Тараптар «Қазақстан Республикасы БЭЖ-і Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту» жобасын іске асырудың ағымдағы дәрежесін, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.

29 тамыз

«KEGOC» АҚ алаңында «ЖЭК өндіруші объектілерін біріктіру және диспетчерлендіру мәселелері: тәжірибе, тосқауылдар және жоспарлау тиімділігін арттыру мүмкіншіліктері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

25 тамыз

S&P Global тәуелсіз рейтинг агенттігі «KEGOC» АҚ-ға 51/100 деңгейінде S&P Global CSA Score 2023 ESG-рейтингін берді.

22 тамыз

«KEGOC» АҚ ТМД Электрэнергетикалық кеңесінің 62-ші отырысына қатысты

17 тамыз

KASE алаңында «KEGOC» АҚ Эмитент күні өтті. Кездесу барысында инвесторлар, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар және БАҚ өкілдері Компанияның 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындыларымен танысып шықты.

4 тамыз

«KEGOC» АҚ орталықтандырылған аварияға қарсы автоматика жүйесін (ОААЖ) енгізді. Жүйе нақты уақыт режимінде ҰЭТ-тың сенімділігін қамтамасыз етеді және электр желілері жұмысындағы бұзушылықтар жағдайында тұтынушылардың ажыратуларын барынша азайтады.

3 тамыз

«Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы» механизмін енгізу.

31 шілде

Нәби Айтжановты «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы етіп  тағайындау туралы шешім қабылданған «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті

27 шілде

Тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалар алдында 2023 жылғы 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы туралы және табиғи монополиялар субъектілерінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізулері туралы есептердің қоғамдық тыңдаулары өткізілді

20 шілде

«KEGOC» АҚ Батыс өңірінде салынып жатқан 220 кВ транзиттің екі учаскесінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтады

15 маусым

Электр желілік компаниялардың басшылары мен салалық мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы және ТМД Ардагер-энергетиктерінің форумы өтті.

8 маусым

«KEGOC» АҚ Азия даму банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту жобасын іс жүзінде жүзеге асыруға кірісті

7 маусым

«KEGOC» АҚ «Green Finance Awards 2023» сыйлығын алды.

31 мамыр

«KEGOC» АҚ 2022 жылдың екінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша дивидендтер төледі.

17 мамыр

S&P Global «KEGOC» АҚ рейтингін тұрақты болжаммен «BB+» деңгейінде растады.

2 мамыр

2022 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған  2022 жыл қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ-ның 2022 жылғы қаржылық есептілігі, таза табысты бөлу тәртібі, «KEGOC» АҚ-ның 2022 жылғы екінші жартыжылдығына бір жай акцияға есептегендегі дивиденд мөлшері бектілген, компанияның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім, сонымен қатар «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар қабылданып, акционерлердің «KEGOC» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне өтініштері және оларды қарау нәтижелері бойынша мәселе қаралған «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтті.

21 сәуір

Қоғамдық тыңдауларда тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалар алдында 2022 жылдың қорытындысы бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы туралы және табиғи монополиялар субъектілерінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізулері туралы есептер ұсынылды

17 сәуір

«KEGOC» АҚ-да диспетчерлік аппараттық-бағдарламалық кешен – деректерді автоматты жинау және жедел басқару жүйесін (SCADA/EMS) жаңғырту жөніндегі жобаны жүзеге асыру басталды.

1 сәуір

«KEGOC» АҚ 2023-2032 жылдарға арналған «KEGOC» АҚ-ның Даму жоспары (стратегиясы) жаңартылды.

31 наурыз

KASE сауда-саттық алаңында «KEGOC» АҚ-ның өтелетін 19,51% жылдық орташа өлшемді табыстылықпен жалпы көлемі 16,9 млрд теңгедегі «жасыл» облигацияларын сәтті орналастыру орын алды

14 наурыз

Standard & Poor’s Global (S&P Global) «KEGOC» АҚ рейтингін «BB+» деңгейінде растап, болжамды «негативтіден» «тұрақтыға» дейін арттырды.

7 наурыз

«KEGOC» АҚ-да үздік ұтымды ұсыныстарға дәстүрлі байқаудың қорытындысы шығарылды

17 ақпан

KASE байқауының қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ «Жылдық есептің үздік дизайны» және «Жылдық есептің үздік интерактивті нұсқасы» номинациялары бойынша лауреат атанды

9 ақпан

Fitch Ratings «KEGOC» АҚ рейтингін «BBB-» деңгейінде растады, болжамы – «тұрақты».

12 қаңтар

«KEGOC» АҚ 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында жай акциялар бойынша дивидендтер төледі.

6 қаңтар

Қазақстан Республикасы БЭЖ-і Оңтүстік аймағының желісін күшейту жобасының экологиялық әсері туралы оң қорытынды алынды.

23 желтоқсан

Moody's рейтингтік агенттігі кредиттік қорытынды шығарды және «KEGOC» АҚ рейтингін «Тұрақты» болжамымен «Baa2»деңгейінде растады.

22 желтоқсан

«KEGOC» АҚ-да жетекші энергетикалық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен ҚР Энергетика министрлігінің көшпелі кеңесі өтті. Кеңесте біртұтас электр энергетикалық жүйесі (БЭЖ) жұмысының 2022 жылғы қорытындысы шығарылды.

Кездесуде нарық ойыншылары саланың бірқатар өзекті мәселелерін, жинақталған проблемаларды шешу жолдарын талқылады.

21 желтоқсан

«Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) сауда алаңында жалпы көлемі 16,1 млрд.теңге, маржасы 3% «KEGOC» АҚ-ның «жасыл» облигациялары сәтті орналастырылды.

30 қараша

«KEGOC» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында «KEGOC» АҚ Жарғысы жаңа редакцияда бекітілді.

Негізгі құжаттағы өзгерістер акционерлердің жалпы жиналысының өкілеттіктерін кеңейтумен, сондай-ақ Директорлар кеңесі мен Компания басқармасының жұмысын ұйымдастыруға қатысты кейбір мәселелермен байланысты.

Қараша

«KEGOC» АҚ қызметкерлері Екібастұз қаласында ТЖ жою бойынша авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына қатысты.

27 қазан

«KEGOC» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті. Онда «KEGOC» АҚ-ның 2022 жылғы жартыжылдық бойынша қаржылық есептемесі бекітілді, дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданды және «KEGOC»АҚ-ның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшері бекітілді.

Бекітілген қаржылық есептемеге сәйкес Компанияның 2022 жылғы 1- жартыжылдықтағы шоғырландырылған таза кірісі 14 млрд. теңгені құрады. Төленетін дивидендтердің жалпы сомасы 17 млрд. теңге, соның ішінде 3 млрд. теңге – өткен кезеңдердің бөлінбеген пайдасының бөлігі.

Осылайш, «KEGOC» АҚ таза кірістің 120%-ын дивидендтер төлеуге жіберді, бір бір жай акцияға есептегенде 65,44 теңге.

21 қазан

«KEGOC» АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша бірінші форум өткізді. Іс-шараға ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері, «Самұрық-Қазына» АҚ және оның құрылымына кіретін компаниялардың, «KEGOC» АҚ HSE (Health Safety Environment) саласындағы басшылары мен сарапшылары, сондай-ақ ТМД елдері компанияларының өкілдері қатысты.

13 қазан

ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті «KEGOC» АҚ-ға 2022-2023 жж. күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындық паспортын берді.

Қыркүйек

«KEGOC» АҚ Халықаралық Қайта құру және Даму банкінің 46,3 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі қарызын мерзімінен бұрын толық өтеді. 71,4 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі кредит бойынша қаражат «Қазақстан БЭЖ-іне кернеуі 500, 220кВ желілермен қоса отырып, 500 кВ Алма ҚС салу» инвестициялық жобасын іске асыру үшін 25 жылға тартылған болатын, соңғы төлем күні 2035 жылы.

13 қыркүйек

«KEGOC» АҚ алғашқы «жасыл» облигацияларды шығарды. Оларды орналастырудан түскен қаражат Компанияның жаңартылатын энергия көздерін энергия теңгеріміне ауқымды тарту, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ электр энергиясын жеткізу тиімділігін арттыру үшін қажетті желілік инфрақұрылым салумен байланысты жобаларын іске асыруға бағытталатын болады.

Шығарылым көлемі қамтамасыз етусіз 35 млн. купондық облигациялар есебінен 35 млрд. теңгені, номиналды құны – дана үшін 1 000 теңгені құрады.

Қыркүйек

S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасының егеменді рейтингінің болжамы ұқсас өзгергеннен кейін болжамды «тұрақтыдан» «негативтіге» қайта қарап, «KEGOC» АҚ рейтингін «BB+» деңгейінде растады.

29 шілде

Кернеуі 220 кВ жаңа «Орталық» қосалқы станциясы іске қосылды. Қосалқы станция «KEGOC» АҚ «Түркістан қаласын сырттан электрмен жабдықтау схемасын күшйету. Электр желілік объектілерді салу» жобасы шеңберінде салынды.

28 шілде

«KEGOC» АҚ-да 2022 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы және тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есеп ұсынылған жария тыңдалым өткізілді.

18 шілде

Сырттай дауыс беру нысанында «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті. Онда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Жанбота Темірғалиұлы Бекеновтің уәкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды. Бос лауазымға «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің уәкілеттігі өткен мерзімге дейін «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор ретінде Дамир Серкбайұлы Сүентаев сайланды.

11 шілде

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) KEGOC акционерлік қоғамының құрылғанына 25 жыл толды.

20 маусым

«KEGOC» АҚ 2021 жылдың қорытындылары бойынша 13,2 млрд.теңге мөлшерінде дивиденттер төледі.

17 маусым

«KEGOC» АҚ эмитент күнін гибридті форматта (онлайн-офлайн) өткізді, оның барысында инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және БАҚ өкілдері компания қызметінің нәтижелерімен, стратегиялық көрсеткіштердің орындалуымен, 2021 жылғы инвестициялық жобалардың іске асырылуымен танысты.

7 маусым

«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесі «KEGOC» АҚ қызметі туралы ақпаратты тыңдады. Кездесуге қатысушылар өткен жылдың нәтижелерімен, стратегиялық көрсеткіштердің орындалуымен, инвестициялық жобалардың іске асырылуымен танысты. Қоғамдық кеңес мүшелеріне «Энерготехкәсіподақ» салалық кәсіподақ ұйымының қызметі, комплаенс функциясы және басқа да бағыттар туралы ақпарат берілді.

26 мамыр

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтті. Онда KEGOC-тың 2021 жылғы жылдық қаржылық есептемесі бекітілді, оған сәйкес Компанияның шоғырландырылған таза кірісі 52,6 млрд.теңгені құрады.

2021 жылдың екінші жартыжылдығына 13,2 млрд. теңге мөлшерінде дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданды, бұл бір жай акцияға есептегенде 50,85 (елу) теңге 85 тиынды құрайды.

27 сәуір

«KEGOC» АҚ-да 2021 жылдың қорытындысы бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы және тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есеп ұсынылған жария тыңдалым өткізілді.

15 наурыз

«KEGOC» АҚ «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) өткізетін жыл сайынғы конкурстың жүлдегері атанды және өзі және өз қызметі туралы ақпаратты ашу бөлігінде бағалы қағаздар нарығындағы іскерлік мінез-құлықтың үздік үлгілерін көрсететін Компания ретінде марапаттау дипломын алды.

Сондай-ақ, Компанияның жылдық есебі қазақстандық және шетелдік компаниялардың 94 есебі арасында PwC Kazakhstan құрастырған ақпаратты ашу рейтингінде 4-ші орынды иеленді және «ESG-ақпаратты ашудың үздік тәжірибесі» дипломымен марапатталды.

1 ақпан

«Самұрық-Қазына» АҚ-ны реформалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын» іс жүзінде іске асыру шеңберінде «KEGOC» АҚ-да 1 ақпаннан бастап персоналдың лауазымдық жалақысы мен тарифтік мөлшерлемелері көтерілді. Сонымен қатар, тоқсандық сыйлықақы мөлшері де ұлғайды, соның есебінен 2022 жылы жылдық жиынтық табыс: жұмысшы персонал үшін 28% -48%-ға, инженерлік-техникалық қызметкерлер мен мамандар үшін 15% -36% - ға және орта буын басшылары үшін 10% -15% - ға өседі.

30 желтоқсан

«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС еншілес ұйымы «KEGOC» АҚ-ға тиесілі қатысу үлесінің 100% - ын мемлекеттік меншікке өтеусіз беру арқылы иеліктен шығарылды.

21 желтоқсан

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі  «KEGOC» АҚ-ның 2022-2031 жылдарға арналған даму жаңартылған стратегиясын бекітті.

15 желтоқсан

«KEGOC» АҚ, «Qazaqstan Project Management Awards-2021» екінші Ұлттық байқауының қорытындысы бойынша Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің режимдерін басқаруды автоматтандыру» жобасымен екінші орынға ие болды.

24 қараша

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтіп, оның барысында Бақытжан Қажиевтың жеке бастамасы бойынша «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы болып Қаныш Молдабаев үш жыл мерзімге тағайындалды, оның «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы ретіндегі өкілеттігі де мерзімінен бұрын тоқтатылды.

19 қараша

«KEGOC» АҚ 2021 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жай акциялар бойынша дивидендтер төледі. Дивидендтерді төлеуге 22 027 082 239,2 теңге немесе бір жай акцияға 84,72 теңге жұмсалды.

21 қазан

«Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) сауда алаңында  жылдық 11,50% өтелетін табыстылықпен жалпы көлемі 16,6 млрд. теңге «KEGOC» АҚ облигациялары сәтті орналастырылды.

14 қазан

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті «KEGOC» АҚ-ға 2021-2022 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын берді.

21 мамыр

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешіміне сәйкес «KEGOC» АҚ 2020 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша дивидендтер төледі. Дивидендтерді төлеуге 19,5 млрд. теңге немесе бір жай акцияға 75,01 теңге жұмсалды.

27 қаңтар

«Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) сауда алаңында жалпы көлемі 8,9 млн. дана 8,6 млрд. теңге сомаға жылдық 11,6161% өтеуге орташа алынған табыстылықпен «KEGOC» АҚ облигациялары сәтті орналастырылды.

28 желтоқсан

«KEGOC» АҚ және қызметкерлердің өкілдері арасында 2021-2025 жылдарға арналған жаңа ұжымдық шарт жасалды.

14 желтоқсан

2022 жылғы 09 желтоқсанда «KEGOC» АҚ екінші облигациялық бағдарламасы шегінде бірінші шығарылым облигациялары бойынша бірінші купондық кезең үшін сыйақы төледі (ISIN KZ2С00006658, KASE негізгі алаңы, «облигациялар» санаты, KEGCb3). Төленген купондық сыйақының жалпы сомасы 533 500 000, 00 (бес жүз отыз үш миллион бес жүз мың) теңге 00 тиынды, купондық табыс - жылдық 11,0 % (он бір) пайызды құрады.

11 желтоқсан

Астана қаласында «KEGOC» АҚ-ның төрағалығымен Орталық Азия Электр Энергетикалық Үйлестіру Кеңесінің (Кеңес) отырысы өткізілді.

30 қазан

«KEGOC» АҚ 2020 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша «KEGOC» АҚ жай акцияларына дивидендтер төледі. Дивидендтер төлеуге жіберілген қаражаттың жалпы сомасы 20 млрд теңгені немесе бір жай акцияға есептегенде 77,09 теңгені құрады.

7 қыркүйек

«KEGOC» АҚ 5 млн. теңге мөлшерінде авторлық сыйақы төледі. Компания тарихында алғаш рет мұндай сыйақы мөлшерін «Шығыс ЖЭТ» филиалының қызметкерлері А.Запольский, А.Иванов және Е.Тастанбеков алды. Олардың ұтымгерлік ұсынысын өндіріске енгізу Компанияға 51 млн. теңгеден астам мөлшерде экономикалық пайда алуға мүмкіндік берді.

3 қыркүйек

«KEGOC» АҚ бірінші облигациялық бағдарлама шегінде екінші шығарылым облигациялары бойынша үшінші купондық кезең үшін сыйақы төледі (НИН KZP02Y15F289, ISIN KZ2C00003978, KASE негізгі алаңы, «облигациялар» санаты, KEGCb2). Төленген купондық сыйақының жалпы сомасы 4,1 млрд, купондық табысты – жылдық 11,5 %-ды құрады.

11 маусым

«KEGOC» АҚ 2019 жылдың қорытындылары бойынша дивидендтер төледі. Дивидендтердің жалпы сомасы 12, 7 млрд. теңгені немесе бір жай акцияға есептегенде 48,86 теңгені құрады.

28 мамыр

Қазақстан қор биржасында (KASE) жалпы көлемі 9,7 млрд. теңге болатын номиналды құны бойынша жылдық 12% кірістілікпен 9,03 млрд. теңге сомасына «KEGOC» АҚ облигациялары сәтті орналастырылды.

6 мамыр

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне орай «KEGOC» АҚ қызметкерлері 75 ағаш отырғызды.

6 наурыз

Fitch Ratings агенттігі Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясының (KEGOC) шетелдік валютадағы эмитентінің ұзақ мерзімді рейтингін «BBB-» деңгейінде растады. Болжам – тұрақты.

15-18 қазан

«KEGOC» АҚ-да кәсіби шеберлік жарыстары өткізілді. Жарыстардың қорытындылары бойынша  «KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ» филиалының бригадасы Ұлттық электр торабының әуе желісіне қызмет көрсету бойынша үздік болып танылды

22 тамыз

«KEGOC» АҚ қызметкерлері жыл сайын өткізілетін «Баланы мектепке жинаймыз» қайырымдылық акциясына қатысты.

Тамыз

«KEGOC» АҚ «ҰЭТ-ты жаңғырту, ІІ кезең» жобасы шеңберінде Түлкібас-тартым ҚС мен Бурное-тартым ҚС арасындағы 220кВ ӘЖ құрылысын сәтті аяқтады.

Шілде

«KEGOC» АҚ «Павлодар энергия торабының Қазақстан Біртұтас электр энергетикалық жүйесімен байланысын күшейту» жобасын іске асыруды аяқтады.

27 маусым

«KEGOC» АҚ ұжымы, сонымен қатар оның еншілес құрылымдарының қызметкерлері Арыс қаласында болған ТЖ-дан зардап шеккендерге Қала тұрғындарына көмек көрсету жөніндегі арнайы қорға бір күндік жалақы аудару жолымен қолдау көрсетті.

27 сәуір

«KEGOC» АҚ Компания қызметкерлері арасында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған марафон өткізді.

15-22 сәуір

Қостанайда «KEGOC» АҚ филиалдарының өңірлік диспетчерлік орталықтары жедел-диспетчерлік персоналының кәсіби шеберлігі бойынша дәстүрлі VIII конкурсы өткізілді.

Қаңтар

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында бұған дейін электр энергиясының бірыңғай нарығын электр энергиясы мен электр қуаты деп екі бөлек сегментке бөліп тұрған жаңа энергетикалық нарық — электр қуаты нарығы іске қосылды.

11 желтоқсан

500 кВ «Шүлбі ГЭС (Семей) – Ақтоғай – Талдықорған - Алма» ӘЖ жоғары вольтті желілері Мемлекет басшысының қатысумен өткен жалпы ұлттық телекөпір барысында іске қосылды.

30 қараша

«KEGOC» АҚ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ портфелдік компанияларының ішінде алғашқысы болып Қор және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісім шеңберінде отандық тауар өндірушілермен жоғары вольтті жабдықты жеткізу туралы шартқа қол қойды.

29-30 қараша

Рудный қаласында «KEGOC» АҚ қызметкерлері арасында спартакиада өтті. Оның қорытындысы бойынша жалпы командалық бірінші орынды «Сарыбай ЖЭТ» филиалының спортшылары иеленді.

2 қараша

«KEGOC» АҚ орталық кеңсесінде Әзірбайжан, Армения, Беларусия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей және Өзбекстан мемлекеттерінің электр энергетикасын басқару бойынша мемлекеттік органдары мен электр энергетикалық компанияларының делегациялары, сонымен қатар ТМД Атқарушы комитетінің, Еуразиялық Экономикалық Комиссияның, «Энергия» ҮДО өкілдерінің қатысуымен ТМД Электр энергетикалық кеңесінің (ТМД ЭЭК) 53-ші отырысы өткізілді.

17-20 қыркүйек

«KEGOC» АҚ командасы Белоруссияда, Брест қаласында өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің электр энергетикасы саласындағы персоналының кәсіби шеберлігінің XV халықаралық жарысында ІІ орын алды.

24-25 қараша

Қарағандыда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және «KEGOC» АҚ-ның 20-жылдығына арналған «KEGOC» АҚ қызметкерлері арасында спартакиада өткізілді.

21 қыркүйек

«KEGOC» АҚ командасы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобы арасында өткізілген мемлекеттік тілді білу конкурсында бірінші орынды иеленді.

7 тамыз

Борыштық жүктемені төмендету мақсатында «KEGOC» АҚ 2017 жылғы 7 тамызда «Қазақстан Ұлттық электр торабын жаңғырту. 2-кезең» инвестициялық жобасын іске асыру үшін Еуропалық Қайта құру және даму банкінің 2008 жылы тартылған 228,41 млн. еуро мөлшеріндегі қарызы бойынша 23,8 млн. еуро мөлшерінде 2018 жылғы екі жартыжылдық төлемді өтеді.

14 шілде

«KEGOC» АҚ «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне және Компанияның 20 жылдығына арналған халықаралық конференция өткізді.

26 мамыр

Алматыда «KEGOC» АҚ төрағалығымен өңірлік электр энергетикасы саласында маңызды іс-шара – Орталық Азияның Үйлестіруші Электр энергетикалық Кеңесінің (ОА ҮЭК) 26-шы отырысы өтті.

5 қаңтар

ЕҚДБ-ның «220 кВ ОБТҚ – Осакаровка ӘЖ реконструкциялау» инвестициялық жобасын іске асыруға тартылған 151,9 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі қарызы мерзімінен бұрын өтелді.

29 желтоқсан

2016 жылғы RAEX (Эксперт РА Казахстан) жылдық есептер конкурсының қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ «Тұрақты даму туралы ең үздік есеп», «Ең үздік интерактивтік есеп» номинацияларында лауреат, ал «Дизайн және полиграфия» номинациясы бойынша номинант атанды.

12 желтоқсан

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен «KEGOC» АҚ Жаңғырту жөніндегі кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді, онда KEGOC Бизнесті трансформациялау бағдарламасының 2017 жылға арналған Жол картасы, жобалар портфелі, сонымен қатар «KEGOC» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасының 2015-2020 жылдарға арналған болжамды қаржылық көрсеткіштері талқыланды.

6 желтоқсан

«500 кВ Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен ӘЖ салу»  жобасы бойынша нысандар пайдалануға берілді.

18 қараша

Компания 2016 жылғы бірінші жартыжылдыққа «KEGOC» АҚ-ның жай акциялары бойынша (KZ1C34930012) 6 481 800 000 (алты миллиард төрт жүз сексен бір миллион сегіз жүз мың) теңге мөлшерінде дивидендтер төленді.

17 қараша

Орталық Азияның Үйлестіруші Электр энергетикалық кеңесінің 25-ші мерейтойлық отырысы өтті.

28 қазан

«KEGOC» АҚ акционерлерінің кезекті жалпы жиналысы өтті, онда таза табысты бөлу тәртібі бекітілді, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және 2016 жылдың бірінші жарты жылдығы үшін «KEGOC» АҚ бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшері туралы шешім, сонымен қатар «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын өзгерту туралы және оның құрамын 8 (сегіз) адамнан тұратын етіп белгілеу туралы шешім талқыланды.  «KEGOC» АҚ  Директорлар кеңесіне жалпы алғанда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесіне өкілеттік мерзімі біткенге дейінгі өкілеттік мерзімімен тәуелсіз мүшелер қосымша сайланды.

23 қыркүйек

«KEGOC» АҚ командасы Қазақстанда өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің электр энергетикасы саласындағы персоналдың кәсіби шеберлігі ХІІІ халықаралық жарысында - 110 кВ және одан жоғары қосалқы станциялардың жабдықтарын жөндеу және оларға қызмет көрсету бойынша бригадалардың халықаралық жарысында бірінші орынға ие болды.

9 қыркүйек

«KEGOC» АҚ және еңбек ұжымының өкілдері арасында 2016-2020 жылдарға аналған жаңа ұжымдық келісімге қол қойылды.

Шілде

«KEGOC» АҚ Жоғары кернеулі үлкен электр желілері бойынша халықаралық кеңестің (Conseil International des Grands Réseaux Électriques – CIGRE) ұжымдық мүшесі болды. Электр энергетикасының барлық салаларында жұмыс істеп келе жатқан 1000-нан астам ұйымдар мен 6000-нан астам сарапшылар CIGRE мүшелері болып табылады.

29 сәуір

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының отырысы өткізілді. «KEGOC» АҚ 2015 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылғы жылдық қаржылық есебі қаралды және бекітілді.

16 қазан

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ереже, сонымен қатар «KEGOC» АҚ жаңа редакциядағы Жарғысы, Корпоративтік басқару кодексі, Директорлар кеңесі туралы ережесі бекітілді.

25 қыркүйек

ТМД қатысушы-мемлекеттердің электр энергетикасы саласы персоналының кәсіби шеберліктері бойынша ХІІ халықаралық жарыс - «KEGOC» АҚ бригадалардың 110 кВ және одан жоғары ӘЖ-ні жөндеу және оған қызмет көрсету бойынша халықаралық жарыстары нәтижесінде жалпы командалық екінші орынға ие болды.

21 қыркүйек

Қазақстан Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеті «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC»АҚ-ның 2016-2020 жылдарға арналған шекті тариф деңгейін бекітті.

25 мамыр

«KEGOC» АҚ 2014 жылдың қорытындысы бойынша 8 613 800 000 (сегіз миллиард алты жүз он үш миллион сегіз жүз мың) теңге мөлшерінде «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивиденд төледі.

13 мамыр

«KEGOC» АҚ өз қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған KEGOC бизнесін трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыру басталғаны туралы хабарлады.

30 сәуір

«KEGOC»АҚ акционерлерінің бірінші жылдық жалпы жиналысы өткізілді, онда «KEGOC» АҚ жылдық қаржылық есебі, таза табысты бөлу тәртібі бекітілді, 2014 жылға «KEGOC» АҚ-ның бір жай акциясына есептегенде төленетін дивиденд мөлшерін бекіту және жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімі қабылданды.

18 желтоқсан

«Халықтық IPO» бағдарламасы аясында «KEGOC» АҚ жай акциялары қазақстандық қор нарығына жазылым жүргізу арқылы алғаш орналастырылды. «KEGOC» АҚ қазақстандық ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында орналастырылған акцияларының саны – 25 999 999 дана.

21 мамыр

«KEGOC» АҚ Әкімшілік ғимаратын салу» объектісі бойынша жұмыстар аяқталды.

2 шілде

Үкіметтің «Жаңа индустрияландыру: 2014 жылғы І жартыжылдық нәтижелері» ҮИИД Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жұмыстары туралы есебі аясында өткен республикалық телекөпір барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ірі ауқымды жоба - «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитінің 500 кВ ӘЖ-ні салу» жобасын бастауға рұқсат етті.

11 маусым

«KEGOC» АҚ «КӘЖ электр энергетикалық компаниялар үшін: бизнес тиімділігін арттырамыз» атты тұңғыш салалық бірегей бизнес-құралын әзірлеп, баспадан шығарды.

11 сәуір

«KEGOC» АҚ «Сенiм 2014» конкурсында «Ең үздік жұмыс беруші-ұлттық компания» болып танылды

Желтоқсан

«KEGOC» АҚ ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясында алтын жүлдені иеленіп, Парыз-2013 сыйлығының лауреаты атанды.

500 кВ «ОҚМАЭС-Алма» ӘЖ-нің құрылысы мерзімінен бұрын аяқталды.

Қараша

Fitch Ratings агенттігі эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін (ЭДР) «BBB+». Болжам – тұрақты деңгейінде растады.

Шілде

Кезекті бақылау аудитінің қорытындылары бойынша KEGOC қолданыстағы біріктірілген менеджмент жүйесі (БМЖ) халықаралық стандартқа сай деп танылды.

Мамыр

«KEGOC» АҚ БҰҰ Ғаламдық шартына қосылды.

Наурыз

«Сенiм 2012» конкурсының  «Ең үздік жұмыс беруші-ұлттық компания» («Лучшая национальная компания работодатель») 2-дәрежелі дипломы берілді.

Шілде

Мемлекет басшысы KEGOC компаниясының бастамасы бойынша қуат нарығын құруды көздейтін Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Желтоқсан

2025 жылға дейінгі инновациялық-технологиялық даму стратегиясы бекітілді. 

«Электр энергетикасы саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі шеберлік жоспары» ғылыми-техникалық кеңесте мақұлданды.

Қараша

500кВ «Екібастұз-Шүлбі ГЭС-Өскемен» ӘЖ-ні салу жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді.

Мемлекет басшысының астаналық энергия торабын күшейту жөніндегі тапсырмасы орындалды. 500кВ ОБТҚ қосалқы станциясында жаңа автотрансформаторды орнату жұмыстары аяқталды – Астананың қуат резерві  25%-ға дейін -  500 МВА дейін артты. 20.10.2011ж. бастап  автотрансформатор кернеуге қосылды.

Қазан

«Мойнақ ГЭС қуатын беру» жобасы шеңберінде гидростанцияны Қазақстан БЭЖ-імен және оңтүстік энергия торабының тұтынушыларымен байланыстырып тұратын 220 кВ әуе желілерінің жаңа учаскесі енгізілді.

Мамыр

220кВ ӘЖ қайта құруға бөлінген 14,8 млн. АҚШ доллары сомасындағы қаражатты,  ЕҚДБ мен ҚДБ алдыңғы қарыздарын қайта қаржыландыруға арналған қалған қаражатты қоса алғанда, ЕҚДБ-мен «220 кВ ОБТҚ-Осакаровка ӘЖ реконструкциялау» жобасы шеңберінде 156 млн. АҚШ доллары сомасына Кредиттік келісімге қол қойылды.

Наурыз

«Стэндарт энд Пурс»  агенттігі GAMMA корпоративтік басқару рейтингін GAMMA 5+ рейтингіне дейін көтерді.

Қаңтар

Компания Халық  ІРО жобасына қатысушылардың бірінші эшалонына енді.

Желтоқсан

«500, 220кВ желілері Қазақстан ҰЭТ-іне жалғанатын 500/220 кВ Алма ҚС салу» жобасын іске асыру үшін Халықаралық қайта құру және даму банкімен 78 млн. АҚШ доллары сомасына кредиттік келісімге қол қойылды.

«ҰЭТ-ты жаңғырту, І кезең» жобасы шеңберінде жеткізілген РҚА мен МжәнеБЖ (Мониторинг және басқару жүйесі) жаңа микропроцессорлық жабдығын іске қосу аяқталды. РҚА мен МжәнеБЖ жабдықтарын жаңғырту «KEGOC» АҚ 67 қосалқы станциясында орындалды.

Қараша

Директорлар кеңесінің шешімімен «Энергоинформ» АҚ еншілес кәсіпорыны құрылды.

Сәуір

Қазақстан мен Ресейдің энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі шарттардың толық пакетіне қол қойылды. БЭЖ ИНТЕР РАО, БЭЖ ФСК, БЭЖ ЖО-мен серіктестік қарым-қатынастың жаңа кезеңі басталды.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысында компанияның 2025 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясы бекітілді.

Ақпан

Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының электрондық жүйесінде алғашқы мәміле жасалды.

Желтоқсан

«ҰЭТ-ты жаңғырту» жобасы шеңберінде релелік қорғау және қосалқы станцияларды автоматтандыруды жаңғыртудың соңғы компоненті аяқталды.

Қараша

«Мойнақ ГЭС қуатын беру» жобасын іске асыру үшін Халықаралық қайта құру және даму банкімен 48 млн. АҚШ доллары сомасына кредиттік келісімге қол қойылды.

Қыркүйек

17 қыркүйекте 1150 кВ «Екібастұз» ҚС-да мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 500кВ «Екібастұз-Ағадыр» ӘЖ учаскесі салтанатты түрде пайдалануға берілді.  ӘЖ ЭМРМ-нің 2009 жылғы №327 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісімен пайдалануға қабылданды.

Мегажобаның арқасында 1096 км 500кВ әуе желілері салынды – Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігін байланыстыратын энергетикалық көпірдің қуаты екі есеге – 1350 МВт дейін артты.

27 мамыр

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен 500кВ «Ағадыр-ОҚМАЭС» ӘЖ «Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кВ екінші электр жеткізу желісін салу» жобасының үшінші кезеңі пайдалануға берілді. ӘЖ  ЭМРМ-нің 2009 жылғы 10 қыркүйектегі № 243 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісімен пайдалануға қабылданды.

Желтоқсан

17  желтоқсанда Өлке қосалқы станциясында 500 кВ «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» ӘЖ кернеуге қосылды.  500 кВ «Жітіқара-Өлке» ӘЖ ЭМРМ 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 359 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісімен пайдалануға берілді.

Жалғыз акционердің шешімімен Корпоративтік басқару кодексі бекітілді.

22 қазан

500 кВ-тық Шу (Жамбыл облысы) қосалқы станциясында 500 кВ «ОҚМАЭС-Шу» ӘЖ-ні пайдалануға берудің салтанатты рәсімі өтті. «Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кВ екінші электр жеткізу желісін салу» жобасының бірінші кезеңі сәтті аяқталды.  ӘЖ  ЭМРМ-нің  2008 жылғы 03 желтоқсандағы № 298 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісімен пайдалануға қабылданды.

Маусым

Атырауда Шетелдік инвесторлар кеңесі барысында ЕҚДБ-мен «ҰЭТ-ты жаңғырту, ІІ кезең» жобасын қаржыландыру үшін 255 млн. еуро сомасына кепілсіз қарыз беру туралы кредиттік келісімге қол қойылды.

22 желтоқсан

ҰДО филиалын Алматы қаласынан еліміздің астанасы Астана қаласына көшіру аяқталды. Диспетчерлік бақылаудың жаңа қалқаны шетелдік қонақтарға, ТМД Электр энергетикалық кеңесі отырысының қатысушыларына таныстырылды.

Ұлттық Электр Торабын жаңғырту жобасын жүзеге асыруға сәйкес, SCADA/EMS жүйесі пайдалануға берілді.

«ҰЭТ жаңғырту, І кезең» жобасы аясында аналогтық байланыс жүйелерін цифрлық байланыс жүйелеріне (АТС, РРЖ, ЖЖ байланыс) көшіру жүзеге асырылды.

6 қыркүйек, Өлке қосалқы станциясы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» 500 кВ өңіраралық электр жеткізу желісін салуға рұқсат берді. Жоба «Батыс транзит» АҚ мемлекеттік-жеке әріптестік қағидатында жүзеге асырылды, концессионердің акциялар пакетінің 20%-ы «KEGOC» АҚ иелігінде.

Ақпан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен мемлекеттік акциялар пакеті «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ орналастырылатын  акцияларын төлеуге берілді.

Қараша

«Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кВ екінші электр жеткізу желісін салу» жобасы шеңберінде ХҚДБ, ЕҚДБ, ҚДБ-мен 187,8 млн. АҚШ доллары немесе 6 970,1 млн. теңге сомасына несиелік келісімге қол қойылды.

10 маусым

Астанада Орталық Азия Үйлестіруші Электр энергетикалық Кеңесінің 1-ші отырысы өтті.

Тамыз

Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің бұйрығымен компанияға Қазақстанның Біртұтас энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функциясы жүктелді.

Директорлар кеңесінің шешімімен «Қазақстан БЭЖ-ін Орталық диспетчерлік басқару (ОДБ) бас филиалы» «Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы» деп өзгертілді.

Маусым

Орталық кеңсе республикамыздың астанасы – Астана қаласына ауыстырылды.

Наурыз

«Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кВ-тық екінші электр жеткізу желісін салу» жобасы аясында ЕҚДБ және ҚДБ-мен 81 млн. АҚШ доллары жалпы сомасына несиелік келісімге қол қойылды.

Қаңтар

«KEGOC» АҚ дәрежесін, құқықтары мен міндеттерін анықтайтын «Электр энергетика туралы» заң қабылданды.

7 қаңтар

«KEGOC» АҚ құрылтайшыларының бірі ретінде қатысқан Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығы құрылды.

«ҰЭТ-ты жаңғырту, І кезең» жобасын $ 185 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі жалпы сомаға қаржыландыру үшін Халықаралық және Еуропа Қайта құру және Даму банкімен кредиттік келісімге қол қойылды.

25 қараша

ТМД Үкіметтері басшыларының кеңесінің отырысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмысын қамтамасыз ету туралы шартқа қол қойылды.

8 қазан

Ұлттық патенттік ведомствоға Компанияның атауы мен логотипін тіркеуге өтінім берілді.

Жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктер компанияның қаржылық жағдайын растады.

11 шілде

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы «Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі қаулысына сәйкес құрылды.

Жедел желі

Кері байланыс