Шынайылық пен әділдік
Біз әрбір қызметкердің пікірін тыңдаймыз және күрделі мәселелерді ашық талқылай отырып, шешім қабылдаймыз.
Біз өзімізге қабылданған міндеттерді орындаймыз, сөзімізде тұрамыз.
Біз әдептілік нормаларын сақтаймыз.

Уақыт талабы мен тұрақты даму
Біз тиімділікті арттырудың жаңа жолдарын іздестіреміз және бастамаларды қолдаймыз.
Біз озық тәжірибелер негізінде біліктілікті арттырып, білімімізді жетілдіреміз және дамытамыз.
Біз кез келген қиындықты еңсеріп, алға қойылған мақсаттарға қол жеткіземіз.

Ауызбіршілік пен жауапкершілік
Біз компанияға, қоғам мен қоршаған ортаға залал келуіне жол бермейміз,  қауіпсіздік пен сенімділікті қамтамасыз етеміз.
Біз өзімізге жеке жауапкершілік алып, дұрыс шешімдер қабылдаймыз.
Біз бір-бірімізге сенім артып, қол ұшын береміз, білім мен тәжірибе алмасамыз.

Құрмет, дәстүр мен біліктілік
Біз компания мүдделерін өз жеке мүдделерімізден жоғары қоямыз, мүдделер қайшылығына жол бермейміз.
Біз адамдарға құрметпен қараймыз және компанияда қол жеткізілген жетістіктердің барлығын бағалаймыз.
Біз Компания құндылықтарын, нормалар мен қағидаларды  ұстанамыз және бөлісеміз.

Жедел желі

Кері байланыс