Энергетикалық жүйені дамыту мен трансформациялауды, Қазақстанның карбонсыздандырылуын және тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз етуді негізге ала отырып, Компанияның «Энергетикалық ауысу жағдайында болашақ энергетикалық жүйенің және нарықтың өзгеруіне ықпал ететін, экономиканың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ететін және инфрақұрылымды жоспарлау және таза энергияны дамыту арқылы тұрақты электр энергетикалық жүйенің дамуына үлес қосатын Қазақстан БЭЖ-інің Жүйелік операторы» атты стратегиялық пайымы айқындалды. Компанияның миссиясы - Қазақстанның энергия жүйесінің сенімділігін, қолжетімділігін және озық дамуын қамтамасыз ету.
Компания миссиясына сәйкес қызметтің мынадай стратегиялық бағыттары айқындалды:
1. Сапалы жүйелік қызмет көрсету. Мақсаты - электр энергиясын жеткізуді, ҰЭТ-ты пайдалануды, теңгерімдеуді және техникалық диспетчерлендіруді қамтамасыз ету.
2. Таза активтердің құнын арттыру. Мақсаты - қаржылық тұрақтылық, жобалар мен бастамалар портфелін айқындау, озық таза технологияларды енгізу және цифрландыру жөніндегі жобаларды қоса алғанда, ірі инвестициялық және тиімді жобаларды іске асыру, өзіндік көміртегі ізін азайту және ESG қағидаттарын есепке ала отырып, корпоративтік басқаруды жетілдіру.
Пайымды, Миссияны іске асыруға стратегиялық мақсаттарды және әрбір мақсат үшін белгіленген міндеттерді іске асыру арқылы қол жеткізіледі:
1-мақсат: Энергия ауысымы жағдайында Қазақстан БЭЖ-інің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
1. Қазақстан БЭЖ-інің жүйелік операторы функцияларын орындау.
2. ҚР ҰЭТ-ты озық дамыту, ЖЭК-ті 19% деңгейінде тиімді біріктіру.
3. Интеллектуалды энергия жүйесін (Smart Grid) қалыптастыру үшін заманауи инновациялық және цифрлық технологияларды, жасанды интеллектті енгізу.
2-мақсат: ESG қағидаттарын есепке ала отырып, тұрақты дамуды қамтамасыз ету.
1. Көміртек ізін азайту.
2. Адами капиталды дамыту.
3. Корпоративтік басқаруды жетілдіру.
4. Кәсіби қауіпсіздік жүйесін жетілдіру.
3-мақсат: Таза активтердің құнын арттыру
1. Қаржылық тұрақтылықты нығайту.
2. Компанияның оң имиджін қалыптастыру және қолдау.
3. Халықаралық ынтымақтастықты дамыту.