«ЭНЕРГОИНФОРМ» АҚ

«Энергоинформ»  АҚ - «Энергоинформ» мекемесін өзгерту арқылы құрылған «KEGOC» АҚ-ның 100% еншілес компаниясы. «Энергоинформ» АҚ-ның мемлекеттік тіркелу күні -  2010 жылғы 29 қараша.

 «Энергоинформ» АҚ Қазақстан Республикасы ұлттық энергетикалық  жүйесіне қатысушылардың ақпараттық-телекоммуникациялық кешендерінің сенімді жұмыс істеуін және тиімді дамуын қамтамасыз етеді.

Қоғамның ҚР ҰЭТ-ын (Қазақстан Республикасы ұлттық электр торабы) салу және жаңғырту бойынша, соның ішінде халықаралық компаниялар мен қаржылық институттардың қатысуымен жобаларды іске асыруда айтарлықтай тәжірибесі бар.

Мына міндеттерді жүзеге асырады: 

  • «KEGOC» АҚ АТК және ҚР БЭЖ-і субъектілерінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
  • Зияткерлік шешімдерді ҚР энергия нарығын басқару жүйесіне ендіру. 
  • ҚР энергия нарығы субъектілерінің инфрақұрылымдық кешендерін дамыту. 
  • Компания құнының өсу көздерін диверсификациялау. 

Басшылық:
Басқарма төрағасы: Саудабаев Серік Болатұлы
Байланыс телефондары: Тел.: 690–101, факс: 690-451
Мекенжайы: Z00T2D0, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,  Тәуелсіздік даңғылы, 59


«Батыс транзит» АҚ

«Батыс транзит» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Батыс транзит» АҚ) концессиялық келісім негізінде іске асырылатын және инфрақұрылымдық облигацияларды орналастыру есебінен қаржыландырылатын ұлттық маңызы бар жобаларды жүзеге асырудағы мемлекеттік-меншіктік серіктестіктің алғашқы үлгілерінің бірі болып табылады.

«Батыс транзит» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 қазандағы №1008 қаулысына сәйкес 2005 жылғы қарашада «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы өңіраралық электр жеткізу желілерін салу» жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асыру мақсатында құрылды.

Аталған жоспарға сәйкес ЭМРМ, ТМРА, «KEGOC» АҚ-ға компанияның жарғылық капиталы -  «KEGOC» АҚ -ның 20% аспай қатысумен концессионер құру және құрылымдандыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру тапсырылды 

«Батыс транзит» АҚ Жобаны іске асыруды 2005 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы  Үкіметі атынан Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен жасалған, Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1217 қаулысымен мақұлданған концессиялық келісім негізінде жүзеге асырады.

«Батыс транзит» АҚ-ның жарғылық капиталы акцияларды мына құрылтайшылардың алдын ала төлемін келесідегідей етіп бөлу арқылы құрылған: «Мехэнергострой» ЖШС— 80%, «KEGOC» АҚ -20%

«Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» өңіраралық электр жеткізу желілерін салу жобасы рекордтық мерзімдерде табысты іске асырылды. 2008 жылғы 14 желтоқсанда 500 кВ «Өлке» ҚС-да қосылу жүзеге асырылды, 2009 жылғы 22 ақпанда — ұзындығы шамамен 500 км ӘЖ пайдалануға қабылданды.  Жарғыға сәйкес, мыналар «Батыс транзит» АҚ қызметінің негізгі түрлері болып табылады: 

  • электр энергиясын жеткізу және тарату бойынша қызметтерді көрсету;
  • электр желілерін және қосалқы станцияларды пайдалану;
  • құрылыс-монтаждау жұмыстары;
  • қолданыстағы заңнамамен тыйым салынбаған қызметтің басқа да түрлері. 

Мемлекет басшысының 2008 жылдың 6 ақпанындағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы өңіраралық электр жеткізу желілерін салу» жобасы «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасына кіретін ең алдыңғы қатарлы жобалардың бірі ретінде атап өтілді.

Директорлар кеңесінің төрағасы Нұғыманов Бауыржан Табылдыұлы
Басқарма төрағасы Маутқанов Дархан Ахметұлы
Мекенжайы: A05K2X1, Қазақстан Республикасы,  Алматы қаласы,  Шевченко көшесі, 162-7 
Байланыс телефондары:  
Тел. 8 (727) 375 64 14, 375 65 14, 375 66 14,
Факс. 8 (727) 375 70 70

Жедел желі

Кері байланыс