Құрметті сайт оқырмандары, блог-парақшама қош келдіңіздер!
Компанияның ақпараттық саясаты ашықтық, жариялылық пен қолжетімділік қағидаттарына негізделген.
Мұнда сіз KEGOC қызметіне қатысты өздеріңіздің сұрақтарыңызды қоя аласыздар.
Сайт оқырмандарының жұмысқа орналасу туралы көптеген өтініштеріне байланысты өз күш-жігерін байқап көргісі келетіндер үшін арнайы бөлім қарастырылған (сілтеме https://www.qsamruk.kz/)
Туған күні: 11.09.1980 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы
Білімі:
1997–2002жж. – С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университеті, «Экономика және менеджмент» мамандығы
2011–2012жж. – Халықаралық бизнес академиясы, іскерлік әкімшілендіру магистрі
«KEGOC» АҚ акцияларына иелік етпейді
«KEGOC» АҚ-дағы функциялары: «KEGOC» АҚ қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру, компанияда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау; компанияның экономикалық, техникалық және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жоба портфелін басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
Еңбек қызметі:
2023 жылғы тамыздан бастап – «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы
2010-2023жж. – «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС Бас директоры, Энергетикалық холдинг, Астана қ.
2012–2014жж. – «Караганда Энергоцентр» ЖШС Бас директоры, энергия өндіруші компания, Қарағанды қ.
2008–2010жж. – «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Бас директоры, аймақтық электр желілік компаниясы, Шымкент қ.
2006–2008жж. – «Энерго Сбыт» ЖШС Директоры, энергия өткізу компаниясы, Қарағанды қ.
2005–2006жж. – «Энергопоток» ЖШС Директорының орынбасары, директор, энергия өткізу компаниясы, Шымкент қ.
2004-2005жж. – «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС корпоративтік даму бөлімінің жетекші маманы – бастығы, Алматы қ.
2003-2004жж. – «Түркістан Энерго» ЖШС коммерциялық диспетчерлендіру бөлімі бастығының орынбасары, Шымкент қ.
2002-2003жж. – «Кокшетау Энерго Сбыт» ЖШС жетекші инженері – электр энергиясын сату жөніндегі директоры, Көкшетау қ.
2001-2002жж. – «Кокшетау Энерго» ЖШС болжау-талдау орталығының маманы - жетекші инженері, Көкшетау қ.
Басқа лауазымдары:
– «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Энергетика комитетінің мүшесі
– Қазақстандық электр энергетикалық қауымдастығының Директорлар кеңесінің мүшесі
– «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ кеңесінің мүшесі
– «Маңғыстау өңірлік электржелілік компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы
- «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы
- «Қарағанды Жарық» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы
- «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы
- «Энергопоток» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы
Наградалары және атақтары:
2011ж. – «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі
2011ж. – «ТМД еңбек сіңірген энергетигі» атағы
2016ж. – «Еңбегі сіңген энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» атағы
2016ж. – «ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі
2018ж. – Қазақстан Республикасының «Құрмет» Ордені
2021ж. – «Халық алғысы» медалі