Комплаенс қызметі

«KEGOC» АҚ-дағы (бұдан әрі – Қоғам) Комплаенс қызметі Акционерлердің жалпы жиналысы, Директорлар кеңесі және Қоғам Басқармасы қолданып отырған:

  1. міндетті реттеуші талаптардың және халықаралық тәжірибенің, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды сақтауды қамтамасыз ету;
  2. барлық қызметкерлер арасында шынайылықты, адалдықты қамтамасыз ететін және үздік халықаралық стандарттарға, ішкі саясаттарға және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бизнесті жүргізу үшін жағдай туғызатын Қоғамның ішкі корпоративтік мәдениетін қалыптастыру мақсатындағы бастамалар, іс-қимылдар шеңберінде құрылған;

Комплаенс қызметі өзінің қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасына, Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне, Жарғыға, Ұжымдық шартқа, Мінез-құлық кодексіне (іскери этика), Корпоративтік басқару кодексіне, «KEGOC» АҚ Компаленс қызметі туралы ережеге және Қоғамның басқа ішкі құжарттарына сәйкес жүзеге асырады.

Комплаенс қызметі Аудит жөніндегі комитетке және Қоғамның директорлар кеңесіне есеп береді, Қоғамның Басқармасына тәуелсіз, сонымен қатар оған өкілеттіктер берілген және өз міндеттерін орындау үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген.

Қоғамның Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 01 сәуірдегі шешімімен Сергей Павлович Жернаков «KEGOC» АҚ Комплаенс қызметінің басшысы болып тағайындалды.

Телефон: +7 (7172) 69 08 93

Email: zhernakov@kegoc.kz

Почталық мекенжайы: 010010, Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 59, «KEGOC» АҚ Комплаенс қызметінің басшысына.

Сіз сенім телефонына әдеп кодексінің кез-келген бұзушылықтары, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, әдепсіздік мінез-құлық және басқа да бұзушылықтар туралы хабарлай аласыз.Барлық тұлғалар келесі байланыс арналары арқылы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтініш бере алады:

  • 8-800-080-4747 телефон нөмірі (ҚР аумағында қоңырау шалу тегін); немесе
  • mail@sk-hotline.kz эл. почтасы; немесе
  • www. sk-hotline.kz интернет-порталы; немесе
  • WhatsApp 8-771-191-88-16 арқылы.

Жедел желі «24/7» режимінде тәулік бойы демалыссыз жұмыс істейді. Бұл ретте оператор телефон қоңырауларын дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда 09:00-ден 18:00 дейін қабылдайды. Басқа уақытта (мереке/демалыс күндерін қоса алғанда) телефон қоңыраулары өтініштерді жазу мүмкіндігі бар автожауапбергішке түседі. Жұмыстан тыс уақытта алынған өтініштерді өңдеу өтінішті алғаннан кейінгі бірінші жұмыс күні жүзеге асырылады.

«KEGOC» АҚ Комплаенс қызметінің 2023 жылғы қызметі туралы ақпарат
«KEGOC» АҚ комплаенс бөлімшесінің 2022 жылғы қызметі туралы ақпарат
«KEGOC» АҚ комплаенс жүйесін диагностикалау
«KEGOC» АҚ Комплаенс Қызметі туралы Ереже
«KEGOC» АҚ мінез-құлық кодексінің (іскери этика) негізгі ережелері
«KEGOC» АҚ Мінез-құлық (іскери этика) кодексі
«KEGOC» АҚ бастамашылықпен ақпарат беру саясаты
«KEGOC» АҚ алаяқтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты
«KEGOC» АҚ мүдделер қайшылығын реттеу жөніндегі саясаты

Жедел желі

Кері байланыс