Қазақстан Республикасының электр энергетикасы мына секторлардан тұрады:
Электр энергиясын өндіру секторы
Қазақстанда электр энергиясын өндіруді әртүрлі меншік нысанындағы 222 электр станциясы жүзеге асырады. 01.01.2024 жылғы жай-күй бойынша Қазақстан электр станцияларының жалпы белгіленген қуаты 24641,9 МВт, иелік қуаты 20428,4 МВт құрайды. Электр станциялары ұлттық маңызы бар электр станциялары, өндірістік маңызы бар электр станциялары және өңірлік маңызы бар электр станцияларына бөлінеді.
Ұлттық маңызы бар электр станцияларына электр энергиясын өндіруді және Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында сатуды қамтамасыз етуші ірі жылу электр станциялары жатады:
Сонымен қатар қосымша ретінде және ҚР БЭЖ жүктеме кестесін реттеу үшін қолданылатын жоғары қуатты гидравликалық электр станциялары:
Өндірістік маңыздылығы бар электр станцияларына ірі өндірістік кәсіпорындарды және жақын жерлердегі елді мекендерді электр-жылумен жабдықтауға арналған электр және жылу энергиясын аралас өндіруші ЖЭО-лар жатады:
Өңірлік маңызы бар электр станциялары – өңірлік электр желілік компаниялар және энергия жеткізуші ұйымдар арқылы электр энергиясын сатушы, сонымен қатар жақын арадағы қалаларды жылумен жабдықтаушы аумақтармен біріктірілген ЖЭО.
Электр энергиясын жеткізу секторы
Қазақстан Республикасының электр желілері қосалқы станциялар, таратушы құрылғылар және электр энергиясын жеткізу және (немесе) таратуға арналған, оларды қосушы 0,4-1150 кВ кернеулі электр жеткізу желілерінің жиынтығы болып табылады.
Қазақстан Республикасының БЭЖ-інде жүйе құраушы желінің рөлін республиканың өңірлері мен шектес мемлекеттердің (Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы) энергия жүйелері арасындағы электр байланыстарын, сондай-ақ электр станцияларының электр энергиясын беруін және оны көтерме сауда тұтынушыларына жеткізуді қамтамасыз ететін Ұлттық электр торабы (ҰЭТ) атқарады. ҰЭТ құрамына кіретін кернеуі 220 кВ және одан жоғары электр станцияларының электр энергиясын беруді жүзеге асыратын шағын станциялары, тарату құрылғылары, өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр жеткізу желілері және электр беру желілері «KEGOC» АҚ балансына жатады.
Өңірлік деңгейдегі электр желілері өңірлер ішіндегі электр байланыстарын, сонымен қатар бөлшек сауда тұтынушыларына электр энергиясын жеткізуді қамтамасыз етеді. Өңірлік деңгейдегі электр желілері өңірлік электр желілік компаниялардың (ӨЭК) балансында және пайдалануында болады.
Энергия жеткізуші ұйымдар (ЭЖҰ) шарттардың негізінде жеке немесе пайдаланатын (жалға алу, лизинг, сенімгерлікпен басқару және пайдаланудың басқа түрлері) электр желілері арқылы көтерме сауда және бөлшек сауда нарығының тұтынушыларына немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға электр энергиясын жеткізуді жүзеге асырады.
Электрмен жабдықтау секторы
Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығын электрмен жабдықтау секторы электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан және (немесе) нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алуды және оны түпкілікті бөлшек тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан (ЭЖҰ) тұрады. ЭЖҰ бөлігі электр энергиясын "кепілдік беретін жеткізушілер" ретінде қызмет етеді.
Қазақстан Республикасы электр энергиясы нарығы
Қазақстандағы электр энергиясы мен қуатының көтерме нарығы электр энергиясының көтерме нарығынан, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығынан, электр қуаты нарығынан және жүйелік және қосалқы қызметтер нарығынан тұрады.
Электр энергиясының көтерме нарығы жүйелік оператор бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік графигіне енгізілген электр энергиясының жоспарлы көлемдерін сатып алу-сату негізінде жұмыс істейді.
Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы нақты уақыт режимінде электр энергиясының нақты және жоспарлы көлемі арасындағы операциялық тәулікте туындайтын сағаттық теңгерімсіздіктерді физикалық және кейінгі қаржылық реттеу мақсатында жұмыс істейді.
Жүйелік және қосалқы қызметтер нарығы көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы қызметтерді сатып алу, сонымен қатар жүйелік оператордың Қазақстан Республикасы БЭЖ жұмысының Ұлттық стандарттарында белгіленген сенімділігін және электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету үшін көтерме сауда нарығы субъектілеріне жүйелік қызметтер көрсету негізінде жұмыс істейді.
Электр қуаты нарығы электр қуатына сұранысты қамту үшін Қазақстан Республикасының БЭЖ-де жұмыс істеп тұрған электр қуатын ұстап тұру және жаңа электр қуатын іске қосу үшін инвестициялар тарту мақсатында жұмыс істейді.
Электр энергиясының орталықтандырылған саудасы-энергия өндіруші ұйымдар мен Бірыңғай сатып алушы арасында, сонымен қатар электрондық сауда жүйесіндегі бірыңғай сатып алушы мен цифрлық майнерлер арасында жүзеге асырылатын электр энергиясын сатып алу-сату мәмілелері.
Электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген субъектілер (қалыптастырылатын жүйелік оператор) жатады:
- энергия өндіруші ұйымдар, оның ішінде, жаңартылатын энергия көздерін, қайталама энергетикалық ресурстарды, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар;
- энергия жеткізуші ұйымдар;
- энергиямен жабдықтаушы ұйымдар;
- электр энергиясын көтерме тұтынушылар;
- цифрлық майнерлер.
Көрсетілген тізбеге енгізу үшін заңды тұлға:
Бұл ретте жүйелік қызметтер көрсетуге арналған шарттар:
- орташа тәуліктік (базалық) қуаты 1 МВт кем емес көлемде электр энергиясын тұтыну талабымен электр энергиясын тұтынушымен;
- орташа тәуліктік (базалық) қуаты кемінде 1 МВт көлеміндегі электр энергиясын энергиямен жабдықтау жөніндегі талаптар орындалған кезде энергия жабдықтаушы ұйыммен (энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу құқығына лицензия болған кезде) жасалады.
Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері жүйелік оператор, орталықтандырылған сауда нарығының операторы және электр энергиясын бірыңғай сатып алушы болып табылады.
Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы және Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығы
2023 жылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын нақты уақыт режимінде енгізе отырып, «Электр энергетикасы туралы» Заңға электр энергиясының көтерме нарығы жұмысының механизмін регламенттейтін өзгерістер күшіне енді.
Нарықтың нысаналы моделі электр энергиясының жоспарлы көлемдерін орталықтандырылған сатып алу-сатуға көшуді көздейді. Бұл энергия өндіруші ұйымдар өндірген барлық электр энергиясы электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сатылатындығын білдіреді. Тұлғалардың бір тобына кіретін тұтынушылар мен энергия өндіруші ұйымдар арасында электр энергиясын сатып алу-сатуға ғана қатысы жоқ.
Электр энергиясы отандық электр станцияларынан келесі тәртіппен (басымдылықпен) орталықтандырылған бір тәулік бұрын сатып алынады:
Бұл ретте, тәуліктік графикті отандық электр станциялары қамтымаған жағдайда электр энергиясының жоспарлы импорты жүзеге асырылады.
Өз кезегінде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы нақты уақыт режимінде Қазақстан БЭЖ-дегі теңгерімсіздіктерді реттеуді қамтамасыз етеді, бұл оларды ауытқуға жол берген нарық субъектілеріне бөлуге мүмкіндік береді.
Көтерме сауда нарығының барлық субъектілері теңгерімдеуші нарыққа қатысуға міндетті.
Электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық субъектілері электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының қатысушылары болып табылады.
Теңгерімсіздіктерді реттеу үшін электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу-сатуды Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы жүзеге асырады.
Энергетика министрлігінің 2023 жылғы 6 маусымдағы бұйрықтарымен «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС және «ЭҚРҚО» АҚ сәйкесінше электр энергиясын бірыңғай сатып алушы және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығы болып белгіленді.
Нарықтың жаңа моделінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында «Электр энергетикасы туралы» Заңға сәйкес тиісті шарттар негізінде жүйелік оператор нарық субъектілеріне ҰЭТ пайдалану бойынша қызмет, сондай-ақ ҰЭТ бойынша электр энергиясын беру бойынша қызмет көрсетеді.
ҰЭТ-ты пайдалану бойынша қызмет көтерме сауда нарығының субъектілеріне электр энергиясының көтерме және теңгерімдеуші нарықтарында электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде көрсетіледі. Бұл электр энергиясын таратудың «атаулылығының» болмауына байланысты (өндірушіден тұтынушыға жеткізу бағытын анықтау мүмкін емес).
Өз кезегінде, ҰЭТ арқылы электр энергиясын жеткізу бойынша қызметті жүйелік оператор:
Жаңа модельге көшу арқылы KEGOC нарықтағы басты рөлдердің бірін атқаруды жалғастыруда және келесі негізгі функцияларды орындайды:
- жүйелік қызметтерді, оның ішінде ҰЭТ-ты пайдалану бойынша «жаңа» қызметті көрсетеді;
- «Бірыңғай сатып алушы» және «Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы» модульдерін қоса отырып, көтерме нарықтың жұмыс істеуінің және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын басқарудың негізгі құралы болып табылатын теңгерімдеуші нарық жүйесінің жаңғыртылған аппараттық – бағдарламалық кешенінің ұстаушысы болып табылады;
- рейтингтік тізімнен ішкі нарық субъектілерінің баға өтінімдерін қолдану арқылы және Ресей Федерациясымен және Орталық Азия елдерімен ауытқуларды реттеу жөніндегі шарттық қатынастар шеңберінде энергия жүйесіндегі теңгерімсіздіктерді физикалық реттеуді жүзеге асырады.
Электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері үшін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы жүйесінің сайтына сілтеме: https://bems.kegoc.kz/