Компания қызметі

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы (АО «KEGOC») «Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі №1188 қаулысымен құрылды.

«KEGOC» АҚ бастапқы тіркеу күні – 1997 жылғы 11 шілде.

Қазақстан Республикасының Үкіметі «KEGOC» АҚ құрылтайшысы болып табылады.

«KEGOC» АҚ Жарғылық қоры «Қазақстанэнерго» Ұлттық энергетика компаниясының мүліктік кешенін жоғарыда көрсетілген қаулыда белгіленген тізбеге сай  құрылды.

Ұлттық электр торабы электр энергиясын жеткізу схемасы бар энергия өндірушілерден электр энергиясын тікелей ұлттық электр торабына осы желіге қосылған көтерме сауда тұтынушыларына (тарату электр желілері компаниялары, ірі тұтынушылар) жеткізуді қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 61 бұйрығымен «KEGOC» АҚ Жүйелік оператор болып белгіленді, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жүйелік оператор мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 13-бабы 7-1-тармағына сәйкес ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын жеткізу бойынша жүйелік қызметтер көрсетеді;                                                            

1-1) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 13-бабы 7-2-тармағына сәйкес ұлттық электр торабын пайдалану бойынша жүйелік қызметтер көрсетеді;                                                          

1-2) ұлттық электр торабына техникалық қызмет көрсету және пайдалануға дайын күйде ұстауды қамтамасыз етеді;   

2) нақты теңгерімдерді жасауды және электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін қалыптастыруды қоса алғанда, Шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыра отырып, техникалық диспетчерлеу         бойынша жүйелік қызметтер көрсетеді;                                                                                

2-1) қуатты резервтеу бойынша жүйелік қызметтер көрсетеді; 

3) Қазақстан Республикасы біртұтас электр энергетикалық жүйесі жұмысының сенімділігін қамтамасыз етеді;   

4) электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша жүйелік қызмет көрсетеді;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте электр энергиясының теңгерімсіздігін қаржылық реттеуді жүзеге асырады;

5-1) электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесін қалыптастырады;

6) энергия өндіретін ұйымдар арасында қуат резервтерінің көлемін, құрылымын, оларды таратуды және Қазақстан Республикасы біртұтас электр энергетикалық жүйеде қуат резервтерін іске қосуды айқындайды;

7) нақты уақыт режимі мен жүйелік және қосалқы қызметтер нарығында электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы жұмысын жүзеге асырады; 

8) қатарлас жұмыс режимдерінің орнықтылығын басқару мен қамтамасыз ету және электр қуатын реттеу бойынша шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара байланыста жұмыс істейді;  

9) электр энергиясы көтерме сауда нарығының барлық субъектілерінің біртұтас ақпараттық жүйесін, электр энергиясын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін,  релелік қорғау және аварияға қарсы автоматиканың түйіндес құрылғыларын құру бойынша техникалық және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады; 

10) электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің ұлттық электр торабына қол жеткізуі үшін теңдей жағдайлармен қамтамасыз етеді;

11) Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын басқа да құпиядан тұратын мәліметті қамтымайтын ақпаратпен қамтамасыз етеді;

12) электр станцияларының, қосалқы станцияларының, электр жеткізу желілерінің, релелік қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларының, технологиялық басқару жүйелерінің негізгі жабдықтарын жөндеуге шығаруды келіседі;

13) су-шаруашылығы теңгерімдерін және Қазақстан Республикасы біртұтас электр энергетикалық жүйесінің жұмыс режимдерін есепке ала отырып, гидроэлектр станцияларының жұмыс режимдерін әзірлеуге қатысады;

14) электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеуді жүзеге асырады;

15) электр қуаты нарығының жұмысын ұйымдастырады;

16) өндіруші қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды жүзеге асырады;

17) қуат берудің келісілген схемалары туралы ақпаратты уәкілетті органға тоқсан сайын ұсынып отырады;

17-1) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының тапшылығы мен профицитін растайды;

17-2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес энергетикалық аймақтар тұрғысынан алғанда цифрлық майнерлердің қызметі үшін қолжетімді электр энергиясының квотасын және электр энергиясын тұтыну бейінін айқындайды және квотаны есептеу үшін пайдаланылған электр энергиясының тапшылығы мен профицитінің болуы туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында тиісті негіздемемен жариялайды, сонымен қатар осы ақпаратты цифрлық активтер саласындағы уәкілетті органға ұсынады;

18) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының заңымен және Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасымен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Электр энергиясының көтерме сауда нарығы — бұл энергия өндіруші ұйымдар, электр энергиясын жеткізудің ұлттық жүйесі, өңірлік таратушы және таратушы электр желілері, көтерме тұтынушылар, сондай-ақ орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқарудағы басқа да ұйымдар болып табылатын субъектілер арасындағы электр энергиясын сатып алу-сату және жеткізудің бұл еркін қарым-қатынас жүйесі және барлық субъектілерге ұсынылатын тауарлар мен қызметтерге тең құқықты қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жүйе.

Қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ-ның қызмет түрлерімен айналысуға арналған мынадай лицензиялары бар:

1) құрылыс-монтаждау жұмыстарына байланысты (МҚЛ мемлекеттік лицензиясының нөмірі 07.09.2006ж. № 0001816 және 08.12.2014ж. МҚЛ лицензиясына қосымша), мерзімсіз қолданылады;

2) энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алуға байланысты (мемлекеттік лицензия нөмірі 17.03.2015ж. №15005114), мерзімсіз қолданылады.

Электр желілері

«KEGOC» АҚ «Жүйеаралық электр тораптары» филиалдарының теңгерімінде 01.06.2024 ж. жай-күй бойынша жалпы ұзындығы 27 807,454 км (тізбек бойынша) 0,4-1150 кВ габариттерде 395 әуе электр жеткізу желілері бар, оның ішінде:

1150 кВ ӘЖ   – 1 421,225 км;

500 кВ ӘЖ     – 8 281,191 км; 

330 кВ ӘЖ     – 1 863,28 км;

220 кВ ӘЖ     – 15 669,584 км;

110 кВ ӘЖ     – 352,841 км;

35 кВ ӘЖ       – 44,13 км;

10 кВ ӘЖ       – 110,177 км;

6 кВ ӘЖ         – 8,044 км;

0,4 кВ ӘЖ      – 56,242 км.

«KEGOC» АҚ «Жүйеаралық электр тораптары» филиалдарының теңгерімінде 01.06.2024г ж. жай-күй бойынша трансформаторлардың орнатылған қуаты 39 112,6 МВА кернеуі 35-1150 кВ 83 электр қосалқы станция бар, оның ішінде:

1150 кВ – 3 дана, қуаты 9 384,1 МВА; 

500 кВ – 20 дана, қуаты 17 447,5 МВА; 

220 кВ – 58 дана, қуаты 12 257,8 МВА; 

35кВ – 2 дана, қуаты 23,2 МВА. 

Жедел желі

Кері байланыс