Ұтымгерлік және өнертапқыштық қызметі

«KEGOC» АҚ-дағы ұтымгерлік және өнертапқыштық қызмет (бұдан әрі – ҰӨҚ) «KEGOC» АҚ Даму стратегиясына және «KEGOC» АҚ Инновациялық-технологиялық саясатына сәйкес Қоғамның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.

ҰӨҚ басты артықшылығы - әрбір қызметкердің осы процеске қатысу мүмкіндігі, бұл өз кезегінде идеяны туғаннан жүзеге асыруға дейінгі уақытты барынша азайтуға және Компания қызметкерлерінің максималды санын қамтуға мүмкіндік береді.

ҰӨҚ шеңберінде идеялар Компанияның басқа бөлімшелерінде қолдану мүмкіндігімен айқындалады және ұсынысты кеңейту шарттары қарастырылған. 

ҰӨҚ ұйымдастырудағы негізгі мақсаттар:

1) ҰӨҚ-ін белсендіру және Қоғам мен еншілес ұйымдар қызметкерлерінің жаппай техникалық шығармашылығын одан әрі дамыту;

2) Қоғам мен еншілес ұйымдар қызметкерлерінің өз жұмысының нәтижелеріне қызығушылығын ҰӨҚ үшін моральдық және материалдық ынталандыру арқылы арттыру.

Ұтымгерлік ұсыныстардың статистикасы

2013-2024 жылдар аралығына 278 өтініш ұтымгерлік ұсыныс деп танылды.

2025zh_racinalizDeyatKAZ.png

Ескерту:

ЖО ҰДО – жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы;

ЖЭТ – жүйеаралық электр тораптары.

Сыйақы түрлері

ҰӨҚ материалдық ынталандыру адами капиталдың әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Компания қызметкерлері жұмыс процестерін жақсартуға, өндірістік мәселелерді шешудің оңтайлы нұсқаларын табуға ынталы.

Іске асырылған ұтымгерлік ұсыныс үшін материалдық сыйақы мөлшері екі санат бойынша айқындалады:

1) бірінші санат – шағын экономикалық әсері бар ұтымгерлік ұсыныстар. Бұл экономикалық тиімділік күтілмейтін немесе экономикалық тиімділік 5 000 000 (бес миллион) теңгеге дейін болатын ұтымгерлік ұсыныстар. Бірінші санат бойынша ұтымгерлік ұсыныстар үшін сыйақылардың мөлшері Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес есептеледі және 520 АЕК-тен аспауы тиіс.

2) екінші санат – экономикалық әсері бар ұтымгерлік ұсыныстар. Бұл ұтымгерлік ұсыныстар, оларды енгізуден экономикалық тиімділік 5 000 000 (бес миллион) теңгеден асады. Екінші санат бойынша ұтымгерлік ұсыныстар үшін сыйақы мөлшері нақты жылдық кіріс/жинақ сомасының 20% құрайды, бірақ 10 000 000 теңгеден аспайды.

2020-2024 жылдар кезеңінде ұтымгерлік ұсыныстар үшін сыйақы мөлшері:

2025zhVoznagrRdKAZ.png

Сыйақының ең жоғары мөлшері 10 миллион теңге 2023 жылы «Қостанай энергия торабын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру» ұтымгерлік ұсынысы үшін «Сарыбай ЖЭТ» «KEGOC» АҚ филиалына төленді.

Осы ұтымгерлік ұсыныс шеңберінде аварияға қарсы басқару автоматикасын қайта конфигурациялау және жөндеу және авариялық ажыратулар кезінде қосымша желілерді автоматты түрде іске қосуды ұйымдастыру бойынша техникалық шешімі әзірленді. Осы ұтымгерлік ұсынысты енгізудің экономикалық әсері 68 млн. теңгені құрайды.

«Үздік ұтымгерлік ұсыныс» байқауы

Байқау Компанияның және еншілес ұйымдардың ұтымгерлер ынталандыру және қызметкерлерді ҰӨҚ-қа тарту мақсатында өткізіледі. Байқау жыл сайын өткізіледі және байқаудың негізгі міндеті – ең тиімді ұтымгерлік ұсыныстарды анықтау және ұтымгерлік ұсыныстардың ерекше авторларын ынталандыру.

«KEGOC» АҚ Ғылыми-техникалық кеңесі жанындағы Инновациялық-технологиялық даму жөніндегі комитетінің шешіміне сәйкес 2024  жылдың алдын ала қорытындысы бойынша келесі ұтымгерлік ұсыныстар Байқау жеңімпаздары болып анықталды:

1-орын – 500 кВ реакторлары ажыратқыштарының қосу сәтін басқару үшін CSD100 құрылғысының қосу функциясын пайдалану (авторы А.К. Ажиров – «KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ» филиалының РҚжЭ қызметінің РҚжА құрылғыларын пайдалану тобының жетекші инженері. Серіктес авторлары: А.Қ. Серібаев  – «KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ» филиалының РҚжЭ қызметінің МжБЖ пайдалану тобының 1 - санатты инженері және А.О. Боранбаев – «KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ» филиалының РҚжЭҚ қызметінің МжБЖ пайдалану тобының жетекші инженері).

2-орын:

- ЭВ-110/220 кВ бакты ажыратқыштарының жылытуды басқаруының қосымша схемасын өзгерту (серіктес авторлары:  Е.М. Күдербаев – «KEGOC» АҚ «Солтүстік ЖЭТ» филиалының бас инженері, Д.Ф. Евдокимов – «KEGOC» АҚ «Солтүстік ЖЭТ» филиалының РҚжЭҚ аға инженері және Э.А. Закиров – «KEGOC» АҚ «Солтүстік ЖЭТ» филиалының РҚЭҚ-тың РҚА ЭМҚ ӨЗ-нің 1 санатты инженері).

- Температуралық ауытқулар кезінде ТМГ-1000/10-УХЛ1 байланыс трансформаторының резервуарындағы трансформаторлық май көлемінің температуралық өзгерістерін өтемдеу жүйесінің құрылғысы және БТ пайдалану процесі кезінде салқындату жүйесінде тұрақты қысымды қамтамасыз ету (серіктес авторлары: А.А. Полянцев – «KEGOC» АҚ «Шығыс ЖЭТ» филиалының ҚСҚ бастығы және К.С. Матиенко – «KEGOC» АҚ «Шығыс ЖЭТ» филиалының ҚС жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету бойынша шебері).

3-орын:

- Сымның тіректің денесіне жақындауын болдырмау үшін арналған полимерлі изолятордан жасалған тірегіш (серіктес авторлары: Д.Қ. Султанғазы – «KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ» филиалының Орталық АЭТ бастығы және Т.К. Демесинов – «KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ» филиалының Орталық АЭТ бас инженері).

- 10 кВ кернеудегі СЖТҚ-10 ұяшығының кабельдік бөлімі жағынан торлы қоршауды қате алып тастаған кезіндегі дыбыс сигнализациясы (серіктес авторлары:  М.А. Нурпеисов – «KEGOC» АҚ «Шығыс ЖЭТ» филиалының «Семей» 500 кВ ҚС бастығы және А.К. Мукажанов – «KEGOC» АҚ «Шығыс ЖЭТ» филиалының «Семей» 500 кВ ҚС қызмет көрсету бойынша электр монтері).

- Үшінші тарап ұйымдарының қосалқы станцияларында орнатылған РҚА терминалдары (Siprotec) үшін қашықтан қатынасу және уақытты синхрондауды іске асыру (серіктес авторлары:  Н.О. Есенсариев – «KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ» филиалының РҚжЭҚ ҚС МжБЖ пайдалану тобының РҚА 1-санатты инженері және А.О. Боранбаев – «KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ» филиалының РҚжЭҚ ҚС МжБЖ пайдалану тобының РҚА жетекші инженері).

Компания мен еншілес ұйымдардың 342-тен астам қызметкерлері ұтымгер болып табылады. Ең белсенді ұтымгерлер:


Жедел желі

Кері байланыс