«KEGOC» АҚ-ның қаржылық есептілігінің сыртқы аудитін 1997 жылдан бастап 2021 жылды қоса алғанда келесі аудиторлық ұйымдар жүзеге асырды:
1997 – 1998 - Arthur Andersen & Co
1999 – «КПМГ Аудит» ЖШС
2001 – «Эрнст энд Янг» ЖШС
2002 - 2011 – «Делойт» ЖШС
2012 - 2020 - ТОО «Эрнст энд Янг»
2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін «RSM Qazaqstan» ЖШС
«RSM Qazaqstan» ЖШС Қазақстандағы жетекші аудиторлық және консалтингтік ұйымдардың бірі болып табылады. RSM Qazaqstan аудит, салық салу және консалтинг саласында қызмет көрсететін фирмалардың 6-шы ірі халықаралық желісі (АҚШ-тағы 5-ші, «Үлкен төрттіктен» кейін бірден) болып табылатын RSM International мүшесі болып табылады.
RSM International және оған мүше фирмалар Халықаралық бухгалтерлер федерациясының (IFAC) Фирмалар форумының (Forum of Firms) толыққанды мүшелері болып табылады.
RSM Qazaqstan мыналарға ие:
«RSM Qazaqstan» ЖШС-дан аудиторлық қызметтерді сатып алу «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №193 шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беруші акцияларының елу және одан көп пайызы (қатысу үлесі) «Самұрық-Қазына» АҚ-ға меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібінің 13-қосымшасына және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының шешіміне (2024 жылғы 02 мамырдағы №35 хаттама) сәйкес жүргізілді.
Аудиторлық қызметтерді сатып алу туралы ағымдағы шарт 2024 жылға жасалды, шарт бойынша сыйақы сомасы ҚҚС-ны есепке алғанда 45 855 043,36 (қырық бес миллион сегіз жүз елу бес қырық үш) теңгені, отыз алты тиынды құрайды.
«RSM Qazaqstan» ЖШС көрсетілген кезеңде «KEGOC» АҚ-ға аудиторлық емес қызметтер көрсеткен жоқ.