Ақпарат

Әлеуетті жеткізушілердің назарына!

Сатып алу мәселелері жөнінде мына мекенжай бойынша хабарласу қажеттігін хабарлаймыз: Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 59.

Сатып алу департаменті қызметкерлерінің телефон нөмірлері өзгеріссіз қалды.

Сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне сай өткізілетін және өткізілген сатып алулар туралы ақпарат www.zakup.sk.kz порталында орналастырылған.

«KEGOC» АҚ-ның сатып алу мәселелері бойынша жауапты тұлғасы: Сатып алу департаментінің директоры Демина Любовь Михайловна

Телефон: 8 (7172) 690-189, электрондық поштасының мекенжайы: Demina_L@kegoc.kz


«KEGOC» АҚ өнім берушілерінің мінез-құлық кодексі

Компанияда ақпараттық ашықтық, ашықтық, тең құқықтылық және адал бәсекелестікті дамыту қағидаттарына негізделген тиімді сатып алу жүйесі құрылған.

"KEGOC" АҚ-дағы сатып алу қызметі "Самұрық-Қазына " ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде "Самұрық-Қазына" АҚ-ға меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі,"Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар Кеңесі бекіткен ұйымдардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады .

Сатып алу қызметінің басымдықтары:

  • сатып алынатын тауарды өндіретін "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының мүгедектер ұйымдарының тізілімінде тұрған мүгедектер ұйымдарынан (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедек жеке тұлғалар) тауарлар сатып алу;
  • сатып алынатын тауарды "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының тауар өндірушілерінің тізіліміне кіретін тауар өндірушілерінен тауарларды сатып алу;
  • білікті әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алуды жүзеге асыру.

Сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілерді алдын ала біліктілік іріктеу моделі, яғни сауалнама және аудит арқылы жүзеге асырылатын, жоғарыда көрсетілген тәртіпке сәйкес айқындалған біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан әлеуетті өнім берушілерді бағалау процесі қолданылады. Алдын ала біліктілік іріктеуді жүргізу кезінде әлеуетті өнім берушілер мынадай критерийлер бойынша бағаланады: құқықтық құрамдас бөлігі; әлеуетті өнім берушінің шарттық жұмысын ұйымдастыру; әлеуетті өнім берушінің ресурстары; тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету; жобалар мен тәуекелдерді басқару; Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; қоршаған ортаны қорғау және т. б.

2023 жылы іске асырған сатып алулар

 млн теңге

Барлығы

Тауарлар

17 267,38

  • электр энергиясы

25 694,54

Жұмыстар

5 553,47

Қызметтер

6 776,56

Жиыны

55 291,95


«KEGOC» АҚ ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді перспективада пайданы барынша ұлғайтуға негізделе отырып, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәсілдерін оңтайландыруға бағытталған және өткен кезеңдердің шығыстарына, болашақ қажеттілікке, жеткізілім нарығына және бизнес талаптарына жүргізілген талдау нәтижелері негізінде жасалған қорытындыларды қамтитын «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу санаттық стратегияларын (ССС) іске асыру бойынша жұмыс жүргізеді.

2023 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ деңгейінде «IT жабдығы» мен «Арнайы киім» санаттары бойынша ССС іске асырылды.

Тауарларды жеткізушілердің 2023 жылғы саны


Өнім берушілер – тауар өндірушілер (ҚТӨ) 396
соның ішінде:
ССС аясында
6
ССС аясынан тыс 390
Өнім берушілер – тауар өндірушілер емес
273
соның ішінде:
ССС аясында
1
ССС аясынан тыс
272


Жедел желі

Кері байланыс