Айқын/Озық үлгідегі орталық

Қазақ

16.08.2014

Айқын/Озық үлгідегі орталық

Елордамыз Астанада бейсенбі күні Қазақстан Республикасы Біртұтас энергетикалық жүйесінің жұмысы Ұлттық диспетчерлік орталық Жүйелік операторының жаңа диспетчерлік пунктіне ресми түрде тапсырылды.

Тәуелсіз еліміздің энергетика саласындағы маңызды шараға «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев қатысты. Бұрын Диспетчерлік орталық «KEGOC» АҚ-тың Астана қаласындағы Бей­біт­ші­лік көшесі, 37 үй мекенжайындағы ғи­ма­ратта орналасқан болатын. KEGOC ком­паниясының жаңа мекенжайға көшуіне бай­ланысты, Ұлттық диспетчерлік ор­та­лық­тың (ҰДО) Жүйелік операторы (ЖО) жаңа ғимаратқа көшірілді.

Салтанатты жиын барысында ҰДО аға дис­петчері «KEGOC» АҚ басқарма төра­ға­сы Бақытжан Қажиевке ҰДО ЖО жедел дис­петчерлік орталығы қызметкерлері мен тех­нол


Елордамыз Астанада бейсенбі күні Қазақстан Республикасы Біртұтас энергетикалық жүйесінің жұмысы Ұлттық диспетчерлік орталық Жүйелік операторының жаңа диспетчерлік пунктіне ресми түрде тапсырылды.

Тәуелсіз еліміздің энергетика саласындағы маңызды шараға «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев қатысты. Бұрын Диспетчерлік орталық «KEGOC» АҚ-тың Астана қаласындағы Бей­біт­ші­лік көшесі, 37 үй мекенжайындағы ғи­ма­ратта орналасқан болатын. KEGOC ком­паниясының жаңа мекенжайға көшуіне бай­ланысты, Ұлттық диспетчерлік ор­та­лық­тың (ҰДО) Жүйелік операторы (ЖО) жаңа ғимаратқа көшірілді.

Салтанатты жиын барысында ҰДО аға дис­петчері «KEGOC» АҚ басқарма төра­ға­сы Бақытжан Қажиевке ҰДО ЖО жедел дис­петчерлік орталығы қызметкерлері мен тех­нологиялық жабдықтарының Қазақстан Рес­публикасы Біртұтас энергия жүйесінің БЭЖ жұ­мысын тапсыру-қабылдауға даяр­лығын баян­дады. KEGOC басшысы бас­қаруды Жүйе­лік оператордың жаңа дис­петчерлік пунк­­тіне беру туралы бұйрық бер­геннен кейін, басқаруды жаңа дис­петчерлік пункт­­ке ауыстыру бойынша не­гізгі іс-ша­ралар жүргізілді.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма тө­ра­ғасы Өмірзақ Шүкеев KEGOC ком­па­ниясының жұмысын жоғары бағалады жә­не оның кеңсесі Тәуелсіздік алаңы жа­нын­дағы жаңа ғимаратқа көшкенін, сон­дай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл энергетика жүйесін басқаратын ҰДО ЖО да осы жерге көшіп орналасқанын атап өт­ті.

– «KEGOC» – біздің холдингтегі ең маңыз­ды компаниялардың бірі. Мемлекет бас­шысының тапсырмасына орай, ком­па­ния IPO-ға дайындалып жатыр. Жоспарға сәй­кес, біз желтоқсан айында IPO-ға шы­ға­мыз және компанияның шамамен 10 пайыз акциясы халыққа ұсынылатын бола­ды. Ал екі жыл бұрын біз «Қазтрансойл» ком­паниясының ацкияларын сатып алуды ұсын­ған едік. Компанияның қаржылық жағ­дайы тұрақты. Оның келешегіне бай­ла­нысты мәселелердің бәрі, әсіресе, та­риф­­тік реттеу жағы шешілген. Қазір үлкен жаң­ғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі оқиға өте маңызды. Біріншіден, біз Астанадағы орталық алаң – Тәуелсіздік алаңында компанияның орталық кеңсе­сі­нің жаңа ғимаратын ашып отырмыз. Қа­зақ­станның бүкіл энергетика жүйесінің Ұлттық диспетчерлік пункті де осы жерге қо­ныс аударды. Басқаша айтқанда, Қа­зақ­станның барлық энергия өндіретін ста­н­салары мен электр жеткізу желілерінің жұ­мысы осы жерден басқарылатын болады. Бұл шара тыңғылықты дайындалды. Бүгін қас-қағым сәт – 30 секундта басқару мін­деті жаңа орталыққа ауыстырылды. Бұл жер – іс жүзінде отандық энергетиканың жү­ре­гі! Барлық үдерістер, соның ішінде көр­ші республикаларға жіберілетін энер­гия, транзиттік операциялар осы жерден бас­қарылады. Меніңше, заманауи құрал­дар­мен жабдықталған орталық ел игілігі үшін сенімді жұмыс істейтін болады, – деді «Самұрық-Қазына» басшысы.

ҰДО ЖО Қазақстан Республикасы Бір­тұ­тас энергия жүйесін жедел-дис­петчерлік басқарудың жоғары сатысы бо­лып саналады. Ол энергия өндіруші, энер­­гия жеткізуші және энергиямен жаб­дық­таушы ұйымдардың техникалық жа­ғынан келісілген жұмысын, сондай-ақ электр энергиясын тұтынушыларды бір ор­талықтан жедел-диспетчерлік басқаруды қам­тамасыз етеді. ҰДО диспетчерлік ор­та­лы­ғынан басқару меншік түріне қара­мас­тан, энергия нысандарының жұмыс ре­жи­мін, Қазақстан энергия жүйелерінің се­німді қызметін тиісті деңгейде сақтау мақ­сатында жүзеге асырылады. ҰДО ЖО сондай-ақ электр стансалары мен Қа­зақстан БЭЖ же­лілерінің сенімді және тұ­рақты жұмы­сын, сонымен бірге Қазақ­стан БЭЖ-нің ше­каралас мемлекеттердің энергия жүйе­ле­рімен бір мезгілдегі қатар жұмысын қам­тамасыз етеді.

ҰДО ЖО диспетчерлік пунктіндегі бей­неқабырға ТМД елдерінің Диспетчерлік ор­талықтарымен салыстырғанда, көлемі жа­ғынан ең үлкені және қазіргі заманның бар­лық талаптарына жауап береді. Ол жа­пондық Mitsubishi фирмасының проекция­лық модулі негізінде (VS-67PE) құрылған. Бейнеқабырға 36 бейнемодульден тұрады, экранының жалпы көлемі көлденеңінен 12,2 метр және тігінен 4 метрге тең. Ол тәу­лігіне 24 сағат, аптасына 7 күн, жылына 365 күндік нақты уақыт тәртібінде Қазақ­стан Республикасының БЭЖ-і бойынша жедел ақпараттардың көрсетілуін қамта­ма­сыз етеді. Озық үлгідегі жабдықты пай­да­лану диспетчерлік орталық қызмет­кер­ле­ріне БЭЖ-ді басқарудағы жұмыс жағ­дайын айтарлықтай жақсартуға оң ықпал ете­ді. Естеріңізге сала кетейік, «KEGOC» АҚ Қа­зақстан біртұтас электр жүйесінің Жү­йе­лік операторы міндетін атқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополия аясына кіреді. Компания балансында Қазақ­стан­ның ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрай­тын кернеуі 35-1150 кВ, ұзын­дығы 24,5 мың шақырым электр жеткізу же­лілері жә­не трансфор­маторларының қон­дырма-лы қуаты 35,9 ГВА болатын 75 электрлік қо­салқы стансасы бар. Қазіргі кезде ком­па­нияда 4 мыңнан астам адам еңбек етеді.

Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

http://www.aikyn.kz/news/view/55509



..