Егемен Қазақстан, №245 (28468) 13 желтоқсан 2014

Қазақ

13.12.2014

Егемен Қазақстан, №245 (28468) 13 желтоқсан 2014

Кең даланы кернеуі жоғары желі кернейді

Көп ұзамай «500 киловаттық Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік транзитінің құрылысы» жобасын іске асыру басталады. 

Еліміздің электр-энергетикалық әлеуетін одан әрі арттыру мақсатына байланысты күні кеше ғана Семей қаласының маңындағы 500 кВт «Семей» қосалқы станциясында «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев көпшілікке «500 киловаттық Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік транзитінің құрылысы» жобасын жүзеге асыру барысымен кеңінен таныстырды. 

Мемлекет басшысының Жаңа Экономикалық Саясат бағдары ретіндегі «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауына сәйкес нақты тапсырма – «Екібастұз – Семей – Өскемен» және «Семей – Ақтөбе –Талдықорған – Алма ты» бағыты жоғары вольтты желілерін салу міндеті қойылды.

Аталған жоғары вольтты желілер ірі ауқымды «500 киловаттық Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік транзитінің құрылысы» жобасының құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл ұзындығы шамамен 1500 шақырымға созылатын 500 киловаттық жоғары вольтты электр жеткізу желілері мен 500 киловаттық үш жаңа Семей, Ақтоғай және Талдықорған қосалқы станцияларын қамтиды.

Ауқымды құрылыс екі кезеңмен іске асырылады, сәтін салса 2018 жылы аяқталады. Жобаның құны 120 млрд. теңгеге жуықтайды. Оны салу кезеңінде 1 мың 800-ден астам жаңа жұмыс орны, ал құрылыс аяқталған бойда 97 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Жалпы жобаны іске асыру барысында 500 кВ-тық басқарылатын шунттаушы реакторлар, әлемдік өндіруші зау-

ыттардан шыққан жаңа жабдықтар (элегазды ажыратқыштар, өлшеу трансформаторлары, артық жүктемені шектеуші құрылғылар), қорғаныш пен автоматикаға арналған жаңа сандық микропроцессорлық терминалдар орнатылып, жұмысшы қолын ұзартады.

Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік транзитін пайдалануға енгізу арқасында Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) Солтүстік – Шығыс және Солтүстік –Оңтүстік бағыттары бойынша өткізу қабілеті ұлғаяды. Нәтижесінде ҰЭТ-тың транзиттік әлеуеті артады және Солтүстік Қазақстанның энергия көздерінен келешекте оңтүстік өңірдің электр қуатына деген сұранысты жабу, сондай-ақ электр энергиясының Ресей тораптары арқылы транзитінен тәуелсіз Шығыс Қазақстан облысының тапшылықтарын жабуды қамтамасыз ету үшін электр қуатының қосымша көлемдерін жеткізуге толық жағдай жасалады.

Бұдан басқа, 500 киловаттық әуелік желісі (ӘЖ) Ақтоғай - Алматы, Ақтоғай – Достық, Ақтоғай – Мойынты бағыттарымен теміржол телімдерін электрлендіру, тау-кен өнеркәсібінің энергия сыйымдылығы жоғары нысандарын (Ақтоғай ТБК) электрмен жабдықтау, шекаралас аумақтарды дамыту және жаңғыртылатын энергияның, соның ішінде Жоңғар қақпасының әлеуетін ауқымды түрде игеруді ілгерілетеді.

Айтулы істің атқарылуына арналған шара жұмысымен танысуға қызығушылық таныту жиналғандарға компания басшысы Бақытжан Қажиев «Осы жобаның іске асырылуы Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесін

мемлекет экономикасының қажеттіліктеріне сәйкес сенімді қолдануды және тиімді дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі компанияның міндеттеріне сай келеді», деп атап көрсетті.

Сонымен, кең даланы кернеуі жоғары желі кернейді. KEGOC бұдан бұрын да осыған ұқсас ірі жобаны – Қазақстанның Солтүстік – Оңтүстік транзитіндегі 500 киловаттық екінші электр жеткізу желісін салып

пайдалануға берген еді. Оны 2009 жылдың қыркүйегінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев іске қосқан болатын.

Жобаның іске асырылуы 2004 жылы басталып, үш кезеңге бөлінген-ді: біріншісі – 500 киловаттық «ОҚМАЭС– Шу» ӘЖ, екіншісі – 500 киловаттық «Екібастұз – Ағадыр» ӘЖ және үшіншісі – 500 киловаттық «Ағадыр – ОҚМАЭС» ӘЖ. Қазақстанның Солтүстік – Оңтүстік транзитіндегі 500 киловаттық екінші электр жеткізу желісінің жалпы ұзындығы шамамен 1 097 шақырымға созылған.

***

Осы арада мына мәліметті атап өткен жөн. «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық

жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы міндеттерін атқарады. Компания балансында Ұлттық электр торабын құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мың шақырым электр жеткізу желілері мен трансформаторларының белгіленген қуаты 36,38 ГВА болатын 77 электр қосалқы станциясы бар. Компанияда ЕБҰ-ны қосқанда 4,7 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Марат Аққұл



..