ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

Қазақ

Еліміздегі басты электр желілік компаниясы KEGOC Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік» транзитіндегі 500 кВ ӘЖ бірінші кезеңінің құрылысын мерзімінен бұрын аяқтады. Бұл туралы компания басшысы Бақытжан Қажиев мәлімдеді.

Жақында Алматыда өткен KEGOC АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев Алматы ЖЭТ филиалы ұжымымен өткізілген есептік кездесу барысында компанияның дамуы Қазақстанның дамуымен тығыз байланысты екендігін, соның ішінде ел экономикасын жедел технологиялық жаңғырту аясындағы міндеттерді іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
– Бұл басымдықтар мен міндеттердің біздің Компания үшін маңызы зор. Біз олар­ды бағыт етіп ұстап, өз қызметімізді жос­парлау мен іске асыруда ескереміз, – деп атап өтті. Сонымен қатар кездесу барысында ҚР Президентінің мемлекеттік биліктің тармақ­тары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша бастамалары талқыланды. Саяси жүйені жаңғырту бірінші кезекте мемлекеттілікті нығайтуға, биліктің барлық үш тармағының оңтайлы өзара іс-қимылына және олардың әрқайсының жауапкершілігін арттыруға бағытталатыны атап өтілді. «Жоспарланатын өзгерістерде барлық мемлекеттік басқару жүйесінің үйлесімді жұмыс істеуі үшін қуатты әлеует бар. Бұның ел экономикасының иннова­циялық дамуы мән мәтінінде маңызы ерекше зор, – деді KEGOC АҚ Басқарма төрағасы.
KEGOC Қазақстан Республикасы Ұлттық электр торабын (ҚР ҰЭТ) жаңғырту және инно­вациялық дамыту жұмыстарын 2000 жылдардан бастап жоспарлы түрде жүргізіп отырғандығы белгілі. «ҰЭТ-ты жаңғырту» көлемді жобасының алғашқы екі кезеңі аяқталды. Аяқталған бірқатар жобалардың санатында 2016 жылғы 6 желтоқсанда «Ин­дустрияландыру күні» аясында пайдалануға берілген «500 кВ Солтүстік – Шығыс – Оңтүс­тік транзиті ӘЖ салу» – 500 кВ Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен жоғары вольттық желілері» ауқымды жобасының бірінші кезеңі бар. Құрылыс кестеден 1 жыл бұрын аяқталған. Жұмыс істеп тұрған энергия нысандарын жаңғырту және жаңаларын салу бойынша жүйелік жұмыс KEGOC-қа ҰЭТ-ты дамыту бойынша міндеттемелерді тиімді орындауға және Қазақстан БЭЖ-нің сенімді қызметін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2016 жылы KEGOC АҚ-ға электр энергиясын ұлттық электр торабы бойынша беру, сондай-ақ электр энергиясын өндіру-тұтынуды тең­герімдеуді ұйымдастыру жөнінде көрсетілген қызмет көлемдері өсті. Компания ҚР ҰЭТ энергонысандарын 2016-2017 жылдардың күзгі-қысқы мерзіміне сәтті дайындады. Тех­нологиялық бұзушылықтардың саны азайды, тек 2016 жылдың өзінде KEGOC АҚ электр желілерінде технологиялық бұзылыстардың көрсеткіштері 13%-ға қысқарып, электр энергиясының барлық толымсыз босатылуы азайды. Компания қызметінің барлық аспек­тілерін жетілдіру бойынша осындай жос­парлы да бірізді жұмысы тек өндірістік табыстар ғана әкелмейді.
KEGOC әлеуметтік жауапкершілік қағи­даттарын ұстанатын компанияларға жатады. Компания жүргізіп отырған әлеуметтік саясаттың табыстылығын 82%-ды құрайтын әлеуметтік тұрақтылықтың өзгеріссіз жоғары рейтингінен байқауға болады. Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, ӘБП персоналының қатыстырылу дәрежесі 5%-ға өсіп, 73%-ға жеткен. Компания «Самұрық – Қазына» Қорының ұлттық компаниялар тобында бұл көрсеткіштер бойынша төрт жыл қатарынан үздіктер қатарында. 2016 жылдан бастап KEGOC АҚ-да бизнесті трансформациялаудың кешенді және көлемді бағдарламасы табысты іске асырылуда. Компанияда бизнес-процестер мен ұйым­дастырушылық құрылым оңтайландырылған. Қазіргі уақытта Компанияның 23 жобадан тұратын жобалар портфелі қалыптас­ты­рыл­ған. Портфельде қызмет тиімділігін арттыру бойынша бастамалар топталған. Әрбір жобаға жобалық топтар бекітілген, Компания бас­шылығы қатарынан демеушілер белгіленген. Енді Компания бағдарламаның шешуші үшінші кезеңіне – жобалар Портфелін іске асыруға кірісті. Бұл жасырын резервтерді орынды қолдануға, Компанияның құнын арттырудың жоғары әлеуетті бизнес бағытында ресурстарды топтастыруға, жұмыс өндірісін арттыруды қамтамасыз етуге және алдыңғы қатарлы басқарушы тәжірибені енгізуге мүмкіншілік береді.
KEGOC АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функцияларын орын­дайды, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) актив­теріне иелік етеді және басқарады. Негіз­гі қызмет түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрап тұратын ұзындығы шамамен 25 мың км болатын 0,4-1150 кВ электр жеткізу желілері мен трансформаторларының белгіленген қуаты 36,7 ГВА 78 қосалқы электр станциялары бар. Компанияда 4,8 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Қайыржан ТӨРЕЖАН

 

Айкын  - https://aikyn.kz/2017/02/23/4982.html