Қазақстанның энергетикалық жүйесі қандай немесе КЕГОК деген не және оның бизнесі қалай жұмыс істейді? 5.04.13

Қазақ

05.04.2014

Қазақстанның энергетикалық жүйесі қандай немесе КЕГОК деген не және оның бизнесі қалай жұмыс істейді? 5.04.13

logo.gif

 

Халықтық ІРО-ға шығарылтын компаниялар тізімі әсер етерліктей. Мемлекет азаматтарымызға мұнай, газ, электр қуаты, көлік секілді қазақстандық экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейтін отандық бизнестегі жетекші компанияларды бірлесіп иеленуді ұсынып отыр деп сеніммен айта аламыз. Шын мәнінде, ұлттық бизнес брендтері деген не? Үкіметтің хабарлауынша, үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында мемлекет қазақстандықтарға «KEGOC» «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компаниясы» АҚ-ты бірге иеленуді ұсынып отыр. Біз материалымызда нақ осы жайлы әңгімелейтін боламыз.

logo (1).png

Халықтық IPO – бұл қор нарығын дамытудың жаңа кезеңі, онда сыртқы нарықтық конъюнктураға аса тәуелді емес ең сенімді және тұрақты ұлттық компаниялар шығарылады. KEGOC Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің жүйелі операторы болып табылады. Былайша айтқанда, компания мемлекет аумағында электр қуатының ағындарын басқарады, алушылардың қажеттілігіне қарай оның бағыты мен көлемдерін реттейді. Генерациялаушы электр стан­цияларының, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар атынан көтерме тұтынушылар мен таратушы электр желілік компаниялар арасындағы байланысты 24,5 мың шақырым жоғары вольтті желі мен 76 тірек шағын станция қамтамасыз етеді. Бұл Ұлттық электр желілерін қалыптастыратын компанияның стратегиялық ак­тивтері, KEGOC оның көмегімен 2012 жылы 66 мил­лиард теңге көлемінде қызмет көрсетті. 

Электр қуатының көтерме нарығының қаты­сушылары компания қызметтерінің тұтынушылары болып табылады. Олар KEGOC компаниясына электр қуатын шығару және тұтынуды баланстау, тарату және диспетчерлеу бойынша қызметтері үшін төлейді. Компания табиғи монополистерге жатады және оның қызметтеріне тарифтер Табиғи монополияларды рет­-теу агенттігінің атынан мемлекетпен белгіленеді. Тұ­тынушыға ұсынылған соңғы бағадағы компания­ның үлесі – 10%, яғни егер сіз электр қуаты үшін 1000 теңге төлесеңіз, KEGOC компаниясына оның 100 теңгесі ғана тиесілі.

Компанияның болашағы мемлекеттің болашағымен тікелей байланысты. Егер елімізде экономикалық өсім орын алса, онда мұның электр қуатын тұтынудың да артуына әкелетіні сөзсіз. Демек, KEGOC жұмысының да көлемі артады. Ең соңында оны табысына әсерін тигізеді. Осылайша Қазақстанның тұрақты эко­номикалық дамуы соңғы үш жыл бойы KEGOC қызметінің нәтижелеріне де ықпал етіп келеді. 2012 жылы операциялық табыс 2011 жылмен салыстырғанда 9,6%-ға – 10,6 млрд. теңгеге дейін өсті. Ал 2011 жылғы өсім 2010 жылмен салыстырғанда 13,2%-ды құрады. 
Көбіне бұл нәтижелерге 2000 жылдан бастап компанияның өндірістік активтерді жаңғыртуға және жаңартуға 1 млрд АҚШ долларын инвестициялағаны септігін тигізді. Бұл Ұлттық электр желісі жұ­мысының тиімділігі мен сенімділігін арттырды. KEGOC өзінің перспективалық дамуын айқын белгіледі. 2025 жылға дейін Компания бірқатар инвестициялық жобаларды, соның ішінде, электр қуатын таратудың жаңа магистральдық әуе желілерін және ірі шағын станциялар құрылысын жүзеге асырады. 

Әлемнің барлық рейтингтік агенттіктері компанияға «тұрақты» болжам жасауда: Moody's: Baa3, болжам «тұрақты», Standard & Poor's: BB+, болжам «тұрақты», Fitch Ratings: BBB+, болжам «тұрақты».  KEGOC акцияларын сатып ала ма, жоқ па, бұл шешімді әр қазақстандық өзі қабылдайды және бұл ойланған шешім болуы тиіс. Ал біз әлеуетті халық акционерлерінің бәріне қандайда болсын компа­ния туралы ақпаратты мұқият зерттеуге кеңес береміз.

http://old.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=19748