«KEGOC» компаниясы игі істерге атсалысып келеді

Қазақ

Дидар (Усть-Каменогорск): 16.06.2016

«Нұр Отан» партиясы Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Майраш Екібасованың айтуынша, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бастауыш партия ұйымдарының игі істер эстафетасы қарқын алуда. Белсенділер қатарында «KEGOC» акционерлік қоғамы «Шығыс жүйеаралық электр тораптары» филиалының партиялық тобын атап өткен жөн.

«Ардагерді ардақтайық» партиялық жобасының аясында «KEGOC» АҚ-ның партиялық тобы филиалдың қадірменді зейнеткерлеріне - тыл еңбеккерлеріне қонаққа барды. Кездесулер өте жылы әрі достық рәуіште өтті, Ардагерлерге гүл мен азық-түлік себеттері табысталды.

Кәсіпорын басшылығы және партиялық топ компанияда жұмыс істейтін интернационалист-жауынгерлерге де жіті көңіл бөлуде.

- Мұндай іс-шаралар - жастар үшін тәрбие үлгісі, олар өткен тарихты, соғыстан кейінгі жылдар туралы оқиғалар мен әңгімелерді ардагерлердің өз аузынан ести алады, - дейді партиялық топтың төрағасы А.Уатханов.