Орал өңірі/Шуақты жан /Наталья Горохова/

Қазақ

28.08.2014

Орал өңірі/Шуақты жан /Наталья Горохова/

photo111.jpg

Шуақты жан

Біздің әңгімеміздің кейіпкері – қазіргі жастарға үлгі етуге тұрарлық жан. ТМД-ның, Қазақстанның еңбек сіңірген энерге­тигі, «Құрмет» орденінің иегері, «КЕGOC» Ақтөбе МЭЖ АҚ-ның Орал ЖЭС филиалының басшысы Жетібай Отарбаев 47 жыл ғұмырын сарп еткен өз ісінің кәсіби шебері ғана емес, отбасының тұтқасын мығым ұстаған отағасы.

Жетібай Отарбаев 1943 жылы Ақтө- бе облысының кіш- кене ғана Көкістек деген ауылында көп балалы отба- сының екінші перзенті болып дүние есігін ашты. 6-сыныпта оқып жүрген кезінде Жеті­бай қарапайым орта мек- тептен Ақтөбедегі мектеп-интернатқа (қазіргі таңда бұл – дарынды балаларға арналған интернат) ауысуға мәжбүр бо­лады. Сол жылдарды еске ала отырып, Жетібай Жолдасұлы өткен күндерден мол сабақ алғандығын айтады. Мысалы, айналасындағы жандармен тіл табысуды үйренді, кейін бұл қасиеттің өмір жолында көп пайдасы тиді. Сонымен қатар дәл осы интернатта ол өзінің болашақ жарын – Шалқыма Құрманәлинаны жолықтырды.

1960 жылы мектепті бітір- ген соң ол Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының электрлендіру фа­культетіне оқуға түседі.

– Дәл осы мамандықты таңдауым – кездейсоқтық емес. Сол жылдары, дәлірек айтқанда, 1965 жылы бүкіл Қазақстан бойынша ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын және өндірістік мекемелерді толықтай электрлендіру нау- қаны басталған болатын, - деп еске алады өзінің еңбек жолының бастауын Ж. Отарбаев.

1965 жылы жоғары оқу орнын тәмамдаған жас инженер жолдама бойынша «Казстрой- Электромонтаж» трестінің Орал жылжымалы механикаландырылған колоннасына өндіріс шебері лауазымына орналасады. Бірақ энергетик мамандығын бүге-шігесіне де- йін зерттеп, оның барлық қыр- сырын меңгеру үшін ОЖМК басшысының атына өзін электрмонтаждаушы етіп тағайындау туралы өтініш жазады. Жарты жылдан соң Жетібай Жолдасұлы бригадир, тағы біраз уақыттан кейін шебер, ал кейін бөлімше бастығы бола­ды. Оның еңбек жолындағы келесі саты бас инженер лауа­зымы болатын.

Ж. Отарбаевтың тікелей қатысуымен 1965-1976 жыл- дар аралығында біздің облысымызда түрлі қуаттылықтағы 27 мың шақырым электр желілері орнатылды.

Жылдар өткен сайын Жетібай өз кәсібін толықтай меңгеру арқылы мансап лауазы­мын сатылап бағындырды.

Жоғары санатты маман, тә- жірибелі өндіріс ұйымдастырушысы ретінде ол өз еңбек жолында түрлі лауазымда қыз- мет атқарды, соның ішінде «ЮжКазЭлектросетьстрой» ЖМК-ның бас инженері, Қаз- ССР энергетика Министрлігі электрлік желілерінің Орал кәсіпорнының директоры, «ЗапКазРЭК» АҚ президен­ті, ал 2002 жылы «КЕGOC» Ақтөбе МЭЖ АҚ-ның Орал ЖЭС филиалының (электр же- лілерін басқару бойынша жұмыстанатын қазақстандық ұлттық компания) басшысы лау­азымына тағайындалып, әлі күнге дейін осы қызметті ат- қарып келеді.

– Маған «КЕGOC» АҚ Ұлттық компаниясында еңбек ету бақыты бұйырды, – дейді өз жұмысы жөнінде Жетібай Жолдасұлы. – Біріншіден, сөз жоқ, басшылық тарапынан мұндай сенім артылғаны қуантады. Екіншіден, компа- ния тек жұмыс үшін ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік көңіл күй үшін барынша жақ- сы жағдай туғызу арқылы өз қызметкерлерінің жағдайына жанашырлық танытып келеді. Мысалы, мұндай ұжымдық келісімде бекітілген «Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау Ережесі» жасақталған және іске асырылып келеді. Ереже­де қызметкерлерге тоқсан са- йын сыйақы төлеу қарастырылған, еңбек демалысына шыққан кезде көңілге қонымды қаржы бөлінеді, компания ар- дагерлеріне материалдық кө- мек көрсетіледі. Сонымен қа- тар жыл сайын «КЕGOC» ком- паниясы қызметкерлер өмірін сақтандыруды рәсімдейді. Ком- панияның осындай қамқорлығы мен материалдық қолдауына орай біз келешекке жарқын көзбен қараймыз. «КЕGOC» АҚ компаниясындағы қызмет әлеуетті мүмкіндік- терді жүзеге асыру және қызметкерлердің кәсіби деңге- йін арттыру үшін барынша жағдай жасалғандығымен тар­тымды.

Мысалы, қызметкерлерге жыл сайынғы оқу демалысы төленеді, бұл игілік негізгі ма- мандығы бойынша оқып жүрген жас маманға да, кәсібилігін арттырғысы келетін бас- қа да қызметкерлерге де көр- сетіледі. Ж. Отарбаевтың ай- туынша, өндірісте жаңа білім- ге үздіксіз ұмтылмасаң, жетістікке жете алмайсың. Компанияда әрбір қызметкер білуі тиіс инновациялық техноло- гиялар, стандарттар менеджментінің: сапа, қоршаған ор- таны қорғау экологиясы, өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың біріктірілген жүйесі белсенді енгізілуде. Жалпы ұжымның жұмыс сапасы осы білімдерге байла­нысты.

Компанияның әлеум е тт і к - б а ғ ы т т а л- ған қызметінің, оның ұжымдық мәселелерді шешуге жүйелік қадам жасауы- ның нәтижесі ретінде «КЕ- GOC» АҚ былтыр «Парыз» сыйлығының лауреаты ата­нып, «Үздік әлеуметтік-жа­уапты кәсіпорын» аталымы бойынша алтын белгіні ие­ленді.

Сонымен қоса Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «КЕGOC» АҚ-ны Халықтық ІРО-ға қатыстыру туралы тапсырма бер- ді. Осылайша, қазақстандықтар акция алу жолымен және өткен жылдағы компанияның қаржылық-шаруашылық қыз- метінің нәтижесі бойынша сәйкесінше дивидендтер алу арқылы кәсіпорын активте- рін басқаруға қатыса алады.

Өз жұмысы туралы Жеті- бай Жолдасұлы тоқтаусыз айта алады, бірақ отбасы тура- лы бір минут та есінен шығарған емес. Сонау 1965 жылы некелі жары атанған сүйіктісі Шалқыма Құрманәлина ұзақ жылдар бойы жұбайына қолдау көрсетумен қатар, кәсіби шыңдарды да бағынды- рып, өз орнын иеленді. Бүгінде Ж. Отарбаевтың зайыбы Ш. Құрманәлина – педагогикалық ғылымдардың докто­ры, профессор, ал 1998 жылы оған «ҚР-ның еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағы берілді.

– Мені осындай керемет әйелмен жолықтырған тағдырға разымын. Өзінің екін- ші жартысы туралы осылай айта алатын жан бақытты деп есептеймін, - дейді Ж. Отарба­ев.

Осы бақытты жанұяда төрт қыз өсіп-өнді. Олардың барлығы ата-ананың мақтаны- шы болып мектептерін алтын медальмен аяқтады және жо- ғары білім алды. «Қызыл дип- ломмен бе?» деген сауалға, әкелері мақтанышпен: «Әрине!» деп жауап береді.

Тұңғыш қыздары М. Ломоносов атындағы ММУ-ды, екінші қызы Ақтөбе медици- налық университетін тәмамдады, ал үшінші қыздары Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің дипло­мын иеленді, кіші қыздары Салтанат КИМЕП-ті, Лондон- да магистратура бітірді. Жеті­бай Жолдасұлы мен Шалқыма Хайруллинаға қыздары сыйлаған алты жиендері атасы мен әжелерінен үлгі алып, жақсы оқып, жақсы білім алуға талпынады.

Биылғы жылы 19 тамызда Жетібай Жолдасұлы 71 жасқа толды. Ол бұрынғыша сым­батты, көрікті және ақылды, оның тұла бойынан әлдебір шуақ тарайды. Және бұл жай ғана теңеу емес: міне, 47 жыл бойы еңбек даңғылында ол бәрімізге тікелей мағынасында жарық сыйлап, бар жылу мен қамқорлығын аямайтын жақын-жуықтарына жан шуағын төгіп келеді.

Наталья ГОРОХОВА

 



..