Солтүстіктің энергиясы шығыс пен оңтүстік өңірлерге жеткізіледі

Қазақ

egemen.kz: 07.12.2016 

Автор: АЙДАР ӨРІСБАЕВ 

Қазақстанда жоғарывольттық электр жеткізетін жаңа желілер іске қосылды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Энергетика министрлігінің электр энергетикасы департаментінің директоры Бауыржан Сәрсенов жаңа электр желілерінің құрылыс жұмыстары, қызметі мен маңызы жөнінде әңгімеледі.
Оның айтуынша, «KEGOC» акционерлік қоғамы жаңа желілерді «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік 500 кВ ӘЖ салу» ірі ауқымды инвестициялық жобасының бірінші кезеңі шеңберінде салып шыққан.
«500 кВ және 220 кВ электр жеткізетін 700 шақырым желілер, сондай-ақ 500 кВ «Семей», 500 кВ «Өскемен» және 1150 кВ «Екібастұз» қосалқы станциялары солтүстікте өндірілетін электр энергиясын Қазақстанның шығыс өңірлеріне жеткізететін болады», – деді департамент директоры.
Ол сондай-ақ жобаның ел экономикасын дамыту үшін аса маңызды екенін атап өтті.
«Шығыс Қазақстан облысының тұтынушылары осы уақытқа дейін қолданып келген Ресей БЭЖ желілері арқылы өтетін және өңірді энергия жүйесімен жалғайтын желілерге қарамастан жаңа желілер арқылы электр энергиясымен қамтамасыз ететілетін болады. Бұл еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағынан келгенде өте маңызды», – деді Б. Сәрсенов.
https://egemen.kz/2016/12/07/81591