София-Антиполис Технопаркі Директорлар кеңесінің мүшесі, «РТФ» ЖШҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор.
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына алғаш рет 2015 жылғы 30 сәуірде сайланған. («KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының № 1 хаттамасы).
«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2018 жылғы 27 сәуірдегі шешімімен (№ 8 хаттама) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.
1950 жылғы 22 наурызда туған, Гранд-Вант, Франция
Француз Республикасының азаматы, үйленген, үш баласы бар
Үлестес тұлға болып табылмайды
БІЛІМІ:
1968 - 1972 Инженер дипломы
Сорбонна университеті, Париж, Франция
ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ:
1972-1987 жж. - Инженер, содан кейін София-Антиполис технопаркі директорының орынбасары, Ницца, Франция/
1988-1992 жж. - Бас директор, TSD & Stratech / international science park consulting.
1993-2003 жж. - Вице-президент, Ресей мен ТМД бойынша Өңірлік директор, SchlumbergerGroup, Санкт-Петербург, Ресей
2003-2005 жж. - Тәуелсіз консультант, Ресейлік техникалық мұнай-газ
конференциясы мен Мұнайшы инженерлер қоғамы көрмесінің кеңесшісі
2006-2007 жж. - СУЭК– Сібір Көмір Энергетикалық Компаниясы Директорлар кеңесінің мүшесі, Москва қ., Ресей
2007-2008жж. - Ресей мен ТМД бойынша Басдиректор, Enel
2008-2013 жж. - Директорлар кеңесінің төрағасы, Президент, EnelОГК-5
2013 – осы уақытқа дейін - София-Антиполис технопаркі Директорлар кеңесінің мүшесі, Ницца, Франция
2016 (сәуір) – осы уақытқа дейін – «РТФ» жауапкершілігі шектеулі қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы
Басқа да лауазымдары:
2008-2013жж. - «Нарық кеңесі» РФ энергетикалық компаниялары кәсіби қауымдастығының мүшесі.
2008-2013 жж. – Энергия өндірушілер кеңесінің мүшесі
2011ж. - Еуропа бизнес-қауымдастығы Директорлар кеңесінің мүшесі.
2006-2007 жж. - СУЭК корпоративтік университетінің Қамқоршылық Кеңесінің Төрағасы.
2001 ж. – Европалық Энергетикалық Форумын өткізетін Club de Nice – ұйымының негізін қалаушы. Sophia Antipolis технопаркі шеңберіндегі бірқатар ғылыми және инновациялық іс-шаралардың, конференциялар мен фестивальдердің негізін қалаушы.
Қосымша білімі (1967-1973):
CorneilleRouen лицейі, Руан, Франция.
М.В. Ломоносов атындағы Москва Мемлекеттік Университеті, Ресей, CNRS Ұлттық ғылыми зерттеулер орталығы, Париж, Франция
Электрика және Механик Жоғарғы мектебімен бірлескен Сорбонна Университеті.
Тілдерді меңгеруі:
Француз тілі – ана тілі Ағылшын тілі – еркін
Орыс тілі – еркін
Испанша – ауызекі
Итальянша - ауызекі