Қоғамдық қызмет

Қазақ

Электр энергетика саласындағы басқа да қызмет 

Энергия объектілерін, жекелеген энергия қондырғыларын салу және бағыттау бойынша қызметтерді және электр энергетика нарығының субъектілері үшін мамандандырылған жөндеу қызметін көрсетуді құрылыс-монтаждау ұйымдары мен мамандандырылған жөндеуші кәсіпорындар жүзеге асырады.

Өндіріс және тұтынушыларды энергиямен жабдықтау үшін жаңа тиімді энергия үнемдеуші және экологиялық таза технологияларды ендіру проблемаларын шешумен ҚазЭнергокәсіптік ҒЗЖИ, «Энергия» институты,  Алматыгидропроект, Қазсельэнергопроект, ҚазэнергетикаҒЗИ сияқты ғылыми-зерттеу және ғылыми-іздестіру институттары айналысады.

Қазақстандық Электр энергетикалық қауымдастығының энергия өндіруші ұйымдар да, Қазақстан Республикасы электр энергиясы және қуатының көтерме сауда нарығына қатысушы - тұтынушылар да мүшелері болып табылады.

Қауымдастықтың негізгі міндеттері:

• қызметі электр энергетикалық саламен тікелей немесе басқалай байланысты барлық ұйымдарға қолдау көрсету;

• электр энергетика саласына қатысты мемлекеттік бағдарламаларды, заңдар мен нормативтік актілерді әзірлеуге қатысу;

• сала мүдделері үкіметтің, сот және басқа органдардың шешімдеріне қатысты мәселелерде өз мүшелерінің ұстанымдарын қолдау және қорғау.

«KazEnergy» қауымдастығы Қазақстан Республикасы мұнай-газ және энергетика кешенінің қарқынды және тұрақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру мақсатында құрылған ерікті, коммерциялық емес бірлестік болып табылады.

Қауымдастықтың мақсаттары:

• Қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік органдарда қорғау, заңнамалық базаны үйлестіру;

• жер қойнауын пайдаланушылар, электр энергиясын өндірушілер, энергетика секторы өнімдері мен қызметтерін тасымалдаушылар мен тұтынушылар үшін бірыңғай ақпараттық алаң құру;

• салаішілік ынтымақтастық және кәсіпкерлік жобаларын жергілікті, өңірлік және халықаралық деңгейде дамыту және қолдау;

• қауымдастықтың, оның мүшелерінің және жалпы саланың оң имиджін өңірлік және жаһандық деңгейде тарату;

• Қазақстандық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және ғылыми-техникалық белсенділігін ынталандыру.

Қазақстан электр қуаттарының резервтер ПУЛЫ (ПУЛЭҚР) мекемесін  Қазақстан Республикасы электр энергиясы нарығы субъектілері құрды, оның негізгі мақсаты  құрылтайшы-тұтынушыларды Қазақстан Республикасындағы генерацияланатын қуаттар мен электр жеткізу желілері күтпеген жерден істен шыққан кезде энергиямен үздіксіз қамтамасыз ету үшін  шарттық негізде қуат резервтерін ұсыну болып табылады.

ЭҚРПУЛына қатысушылар болып мыналар табылады:

• өндіруші компаниялар;

• ТЭКтер;

• «KEGOC» АҚ;

• көтерме нарық тұтынушылары.