Еншілес және бағынышты ұйымдар

Қазақ

«ЭНЕРГОИНФОРМ» АҚ

«Энергоинформ» АҚ-ы - «Энергоинформ» мекемесін қайта құру жолымен құрылған «KEGOC» АҚ-ның 100% еншілес компаниясы. «Энергоинформ» АҚ-ның мемлекеттік тіркеу күні – 2010 жылғы 29 қараша.

«Энергоинформ» АҚ-ы,  Қазақстан Республикасының ұлттық энергетика жүйесі қатысушыларының ақпараттық-телекоммуникациялық кешенінің сенімді жұмыс істеуін және тиімді дамуын қамтамасыз етеді.

Қоғам ҚР ҰЭЖ (Қазақстан Республикасының ұлттық электр желісі) құрылысы және жаңғырту жөнінде жобаларды іске асыруда, оның ішінде халықаралық компаниялар мен қаржы институттарына қатысуда айтарлықтай тәжірибесі бар.  

Мынадай міндеттерді жүзеге асырады: 

«KEGOC» АҚ АТК және ҚР БЭЖ субъектілерінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету. 

ҚР энергия нарығын басқару жүйесінде зияткерлік шешімдерді қамтамасыз ету.  

ҚР энергия нарығы субъектілерінің инфрақұрылымдық кешендерді даму. 

Компания құнының өсу көзін әртараптандыру. 

Басшылық:

Басқарма төрағасы: Бектеміров Қуаныш Әбдіғалиұлы

Байланыс:

Мекенжайы: Z00T2D0, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік даңғ., 59

Тел.: 690–101, факс: 690-451.

http://www.energoinform.kz 

 

ЖЭК жөніндегі «ҚЕАО» ЖШС

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 256 «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығын анықтау туралы» бұйрығын және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі № 357 «Бірыңғай сатып алушыны айқындау туралы» бұйрығын орындау мақсатында «KEGOС» АҚ Директорлар кеңесі «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы - есеп айырысу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік құру туралы шешім қабылдады («ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС).

Жалғыз құрылтайшы және жалғыз акционер - «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» акционерлік қоғамы, (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC», Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 59.

«ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС қызмет түрлері:

1) тұтынушыларға электр энергиясын сату;

2) электр қуатының жүктеме көтеруге дайындығын қамтамасыз ету, электр қуатын реттеу және резервтеу;

3) электр энергиясын желіге жеткізуді және тұтынуды техникалық диспетчерлеу, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру (Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының теңгерімсіздігін қаржылық реттеу).

Серіктестік Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тыйым салынбаған кез келген басқа қызметті жүзеге асыра алады.

ЖЭК жөніндегі «ҚЕАО» ЖШС орналасқан орны және мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 59.

Телефон: 8 (7172) 693-839.

Жетекшілік:

Бас директор - Нурмаганбетов Жандос  Демесинович

Бас директордың орынбасары - Жексембинов Серик Жомарткалиевич

 

«Батыс транзит» АҚ

«Батыс транзит» акционерлік қоғамы (бұдан әрі  –«Батыс транзит» АҚ) концессиондық келісім негізінде іске асырылатын және инфрақұрылымдық облигацияларды орналастыру есебінен қаржыландырылатын ұлттық маңыздылығы бар жобаларды жүзеге асыруда мемлекеттік-жеке меншік серіктестіктің алғашқы мысалдарының бірі болып табылады.

«Батыс транзит» АҚ 2005 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 қазандағы №1008 қаулысына сәйкес «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы өңіраралық электр жеткізу желілерін салу» жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асыру мақсатында құрылды.

Көрсетілген ЭМРМ, ТМРА жоспарына сәйкес «KEGOC» АҚ-ға концессионер -компанияның  «KEGOC» АҚ-ның  20% артық емес қатысумен жарғылық капиталын құру және құрылымдау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру тапсырылды. 

«Батыс транзит» АҚ Жобаны іске асыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен 2005 жылғы 28 желтоқсанда жасалған, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы   № 1217 қаулысымен мақұлданған концессиондық келісім негізінде жүзеге асырады.

«Батыс транзит» АҚ-ның жарғылық капиталы акцияны алдын ала төлеуді мына құрылтайшылар былайша: «Мехэнергострой» ЖШС — 80%, 

«KEGOC» АҚ -20% бөлуі арқылы қалыптастырылды.

«Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» өңіраралық электр жеткізу желілерін салу жобасы рекордтық мерзімдерде табысты іске асырылды. 2008 жылғы 14 желтоқсанда 500 «Өлке» ҚС қосу жүзеге асырылды, 2009 жылғы 22 ақпанда —ұзындығы шамамен 500 км ӘЖ пайдануға қабылданды.  

Жарғыға сәйкес, мыналар «Батыс транзит» АҚ қызметінің негізгі түрлері болып табылады: 

• электр энергиясын жеткізу және бөлу бойынша қызмет көрсету;

• электр желілерін және қосалқы станцияларын пайдалану;

• құрылыс-монтаждау жұмыстары;

• қызметтің қолданыстағы заңнамамен тыйым салынбаған басқа да түрлері. 

Елбасының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына жолдауында «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» өңіраралық электр жеткізу желілерін салу жобасы «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасына енген жедел жобалардың бірі ретінде атап өтілді.

Директорлар кеңесінің төрағасы Нұғыманов Бауыржан Табылдыұлы

Басқарма төрағасы - Ибрагимов Құрмангазы Бейсембайұлы

Мекенжайы: A05K2X1, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Шевченко көшесі,162-Ж 

Байланыс телефондары:  

Тел. 8 (727) 375 64 14, 375 65 14, 375 66 14,

Факс. 8 (727) 375 70 70