Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу

Қазақ

    

Жоба мақсаты: Республиканың батыс облыстары арасында 220 кВ электр желілерін күшейтумен Қазақстан БЭЖ Батыс аймағы тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін және өткізу қабілетін арттыру.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2017-2023 жж.

Жобаның құны: ҚҚС-ны есепке алғанда 49,812 млрд. теңге.

Жобаны болжамды қаржыландыру: қарыз қаражаты - 39,850 млрд. теңге, меншік қаражаты - 9,962 млрд. теңге.

Іске асырылатын жер: ҚР Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстары.

Жобаның сипаты: Жоба қолданыстағы 220 кВ қосалқы станцияларға және жаңа «Қарабатан» ТП-ға жалғаумен жұмыс істеп тұрған 220 кВ Орал – Правобережная – Индер – Қарабатан – Құлсары – Теңіз транзитінің екінші тізбегінің электр желілік объектілерін салуды жобалайды және мына объектілерді қамтиды:

1.220 кВ «Орал» ҚС 220 кВ қайта құру;

2.220 кВ 220 кВ «Правобережная» ҚС 220 кВ АТҚ кеңейту;

3.220 кВ «Индер» ҚС екі 220 кВ-БШР орнатып, 220кВ АТҚ кеңейту;

4.220 кВ «Құлсары» ҚС кеңейту;

5.220 кВ «Теңіз» ҚС кеңейту;

6.220 кВ «Қарабатан» ТП салу;

7.220 кВ Орал ҚС – 220 кВ Правобережная ҚС 220 кВ ӘЖ салу;

8.220 кВ Правобережная ҚС – 220 кВ Индер ҚС 220 кВ  ӘЖ салу;

9.220 кВ Индер ҚС– 220 кВ Қарабатан ТП 220 кВ ӘЖ салу;

10.220 кВ Қарабатан ТП – 220 кВ Құлсары ҚС 220 кВ ӘЖ салу;

11.220 кВ Құлсары ҚС – 220 кВ Теңіз ҚС 220 кВ ӘЖ салу.

Ағымдағы дәрежесі: Жоба ТЭН-і әзірленді, «Мемсараптама» РМК оң қорытындысы алынды (04.01.2019 № 01-0006/19).

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен жоба ТЭН-інің жобалау көрсеткіштері бекітілді (28.02.2019 № 2 хаттама). 2019 жылы мына жобалу институттарымен ӘЖ және ҚС объектілері бойынша жобалау-іздестіру жұмыстарына 11 шарт жасалды:

2019 ж. ӘЖ және ҚС объектілері бойынша жобалау-іздестіру жұмыстарына мына жобалау институттарымен: «Мангистауэнеромонтажналадка» ЖШС, «Сит-Строй» ЖШС, «Ешимкулов Н.Т.»ЖК 11 шарт жасалды.

Есептік кезеңде мына ЖСҚ-лар әзірленді:

 

-6 ҚС-ның 5 ҚС бойынша жобалардың кешенді ведомстводан тыс сараптамасын жүргізу үшін сараптама порталына жүктелген;

-5 ҚС-ның 2 ӘЖ-ден жобалардың кешенді ведомстводан тыс сараптамасын жүргізу үшін сараптама порталына жүктелген. Қалған объектілер бойынша жұмыс жобалары ағымдағы жылғы қараша айында сараптамаға жіберілуге жоспарланып отыр.