ҚАЖИЕВ БАҚЫТЖАН ТӨЛЕУҚАЖЫҰЛЫ

Қазақ

 

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесіне 2011 жылғы 31 мамырда алғаш рет тағайындалды («Самұрық-Қазына» АҚ 2011 жылғы 31 мамырдағы № 224/11 хаттамасы). 

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2015 жылғы 30 сәуірдегі шешімімен (№ 1 хаттама) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайыдалды.

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2018 жылғы 27 сәуірдегі шешімімен (№ 8 хаттама) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. 

1964 жылғы 16 шілдеде Алматы облысында дүниеге келді.  

Қазақстан Республикасының азаматы, үйленген.

Білімі:

1986 ж.  – Алматы энергетикалық институты электр желілері мен жүйелері мамандығы бойынша, инженер-электрик;

2007 ж. – Қарағанды Мемлекеттік техникалық университеті, экономика бакалавры

Жұмыс тәжірибесі:

1986 жылы  Алматы энергетика институтын электр желілері мен жүйелері мамандығы бойынша бітірген. 

1986–1988жж. «Қазэлектроқұрылыс» ТСО Покровский ҚМУ электрмонтаждаушысы.

1989–1993жж. «Қазэлектроқұрылыс» ТСО Покровский ҚМУ электр жеткізу желілерінің құрылысы жөніндегі шебер, өндіріске даярлау тобының бастығы, бас инженер.

1993–2000жж. «Аманат» АҚ бас инженері.

2000–2003жж. «KEGOC» АҚ пайдалануды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, ЭЖЖ пайдалану бөлімінің бастығы, Пайдалану департаменті директорының орынбасары.

2003–2004жж. «KEGOC» АҚ Пайдалану департаментінің директоры.

2004–2007жж. «KEGOC» АҚ «Орталық ЖЭТ» филиалының директоры.

2007–2008жж. «KEGOC» АҚ Күрделі құрылыс департаментінің директоры.

2008–2009жж. «KEGOC» АҚ Атқарушы директоры. 

2009 ж. ақпаннан бастап 2011 ж. мамырға дейін «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ Вице-президенті.

2011 ж. 31мамырдан бастап — «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы.

Қосымша:

• Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен марапатталған (2010ж.)

• «KEGOC» ААҚ грамотасы (2001 ж.),

• ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің грамотасы (2003ж.),

• «ТМД Электр энергетикалық кеңесінің" грамотасы (2004ж., 2009ж.),

• Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сайлау кезеңінде кандидатураға қолдау көрсеткені үшін Алғыс хаты (2005ж.),

• «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» естелік белгісі (2005ж.),

• Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының грамотасы (2009ж.),

• Астана қ. ЕҚЫҰ Саммитін өткізуді ұйымдастыруға қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты (2010ж.),

• «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі (2011ж.),

• «Қазақстан Республикасында инженерлік істі дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісі (2011 ж.),

• «KAZENERGY» медалі  (2012 ж.),

• «Теңгеге 20 жыл» мерейтойлық медалі (2013 ж.), 

2006 ж. «ТМД еңбек сіңірген  энергетигі» құрметті атағы берілді, 

2009 ж.  «Еңбегі сіңген энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» атағы берілді.