«KEGOC» АҚ филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-сін қайта құру

Қазақ

    

Жобаның мақсаты: қызмет көрсету мерзімі жақын арада нормативтік мерзімге жететін қолданыстағы электр жеткізу желілерін қайта құру арқылы Қазақстан ҰЭТ-ның жұмыс істеу сенімділігін арттыру.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2018-2028 жж.

Жобаның құны: ҚҚС-ны есепке алғанда 140,682 млрд. теңге.

Болжамдалған жобаны қаржыландыру: қарыз қаражаты - 98 млрд. теңге, меншік қаражаты - 43 млрд. теңге.

Іске асырылатын жер: Қазақстан Республикасының аумағы.

Жобаның сипаты: Жоба 220-500 кВ ӘЖ-ні қайта құрудың 3 кезеңін болжамдайды, олардың әрқайсында «KEGOC» АҚ 3 ЖЭТ филиалы бар. «Ақтөбе ЖЭТ», «Сарыбай ЖЭТ» және «Батыс ЖЭТ» филиалдарында 1-кезең шеңберінде қайта құрылатын 220-500 кВ ӘЖ-нің ұзындығы - 2 029 км.

Ағымдағы дәрежесі: Жобаның І кезеңінің ТЭН-і әірленді және «Мемсараптама» РМК оң қорытындысы алынды (21.05.2018ж. № 04-0076/18).

«KEGOC» АҚ Басқармасы жобаның негізгі параметрлерін мақұлдады. (10.10.2018 № 24 хаттама). «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі «Ақтөбе ЖЭТ», «Сарыбай ЖЭТ», «Батыс ЖЭТ»  филиалдарында 220-500 кВ ӘЖ-ні қайта құру» жобасының техникалық параметрлері мен тиімділік көрсеткіштерін бекітті, соны-мен қатар жобаның «Анықтау» және «Іске асыру» кезеңдеріне өтуін бекітті.(28.02.2019 №2 хаттама). «Кілтпен тапсыру» құрылысын қоса алғанда кешенді жұмыстарға «Промстрой-Энерго» ЖШС-мен, «АСПМК-519» ЖШС-мен, «Карэлектроспецстрой» ЖШС-мен 3 шарт жасалды. Есептік кезеңде 24 ЭЖЖ объектілерінің 12 объектісінде құрылыс-монтаждау жұмыстары орындалды. Жо-баны іске асыру басталғаннан бастап 2029 км ӘЖ-нің 701,4 км қайта құрылды, соның ішінде 2020 жылы 476,4 км қайта құрылды. 

Қазіргі уақытта ӘЖ-ні қайта құрудың 24 объектісінің 14 объектісі бойынша мынадай жобалау-сметалық  құжаттама әзірленді: 13 ЖСҚ бойынша срапатаманың оң қорытындысы алынды және 1 ЖСҚ сараптамада жатыр. Қалған ӘЖ-ні қайта құрудың 10 объектісі бойынша ЖСҚ әзірлеу рәсімі жүргізілуде.

«KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ», «Сарыбай ЖЭТ», «Батыс ЖЭТ» филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-сін қайта құру» жобасының ІІ кезеңі бойынша ТЭН әзірленіп жатыр және 2021 жылы орындау жоспарланды. «RBM Sweko Producktions» ЖШС-мен ТЭН әзірлеуге 18.07.2019 жылғы шарт жасалды. 

«KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ», «Орталық ЖЭТ», «Оңтүстік ЖЭТ» филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-сін қайта құру» жобасының ІІІ кезеңі бойынша ТЭН әзірлеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланды.