АСКУЭ

Қазақ

АСКУЭ  ОРЭ субъектілері арасында өндірілген, жеткізілген, тарқатылған және тұтынылған электр энергиясы үшін өлшеулер деректерін жинау, деректерді өңдеу, сақтау, жеткізу және өзара есептесулерге деректер даярлауға арналған өлшеу құралдары мен аппараттық-бағдарламалық кешен жиынтығы.

АСКУЭ-ні құру мақсаттары

Электржелілік компаниялардың АСКУЭ-н құру мақсаттары:

  • Компания торпатарындағы электр энергиясы ысыраптары үшін есепке алу және есептесулерге арналған нарықсубъектілерімен бірге электр энергиясын алмастыру (тұтыну не беру) туралы, ақпаратпен дер кезінде сенімді қамтамасыз ету.
  • Ысыраптар ошақтарын оларды жою мақсатында анықтау.
  • Электр энергиясының теңгеріімдерін айқындау (электр энергиясының ысыраптарын дәл есепке алу).
  • ОРЭ субъектілерімен бірге электр энергиясын есепке алу жөнінде келісілген, ақпаратпен өзара алмасу.

Тұтынушылардың АСКУЭ-ні құру мақсаттары:

  • Сатып алынатын электр энергиясының құнын оңтайландыру.
  • Электрді тұтыну түзімдерін оңтайландыру.
  • Тұтынылған электр энергиясының нақты құнын тоғыспалы қаражаттандырусыз төлеу.
  • Электр энергиясы құнының жоспарлы мезгілге болжамдығы.
  • Сенімді электрмен жабдықтау.
  • Электр энергиясының теңгерімдерін айқындау (электр энергиясының ысыраптарын дәл есепке алу).
  • Электр энергиясының ОРЭ субъектілерімен есепке алу жөніндегі келісілген, ақпаратпен өзара алмасу.

АСКУЭ-ні энергия көздерінің құру мақсаттары:

  • Кірістердің болжамдылығы.
  • Электр энергиясының жеткізілімдерін төлеу кепілідіктері.
  • Электр энергиясының өндірісіне оралымды бақылау жасау.
  • Электр энергиясының теңгерімдерін айқындау (электр энергиясының ысыраптарын дәл есепке алу).
  • Кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін айқындау.
  • Электр энергиясының ОРЭ субъектілерімен есепке алу жөніндегі келісілген, ақпаратпен өзара алмасу. ОРЭ-нің АСКУЭ-нқұру мақсаттары:
  • Электр энергиясын шынайы, уақтылы және заңды өлшеулерінің деректер базасын оны өндіру, жеткізу, тарқату мен электр энергиясының көтерме және теңгермелі нарығында тұтыну кезінде құру.
  • Электр техникалық есептеулердің кешенін орындау.
  • Электр энергиясының көтерме және теңгермелі нарығында өзара есептесулер үшін бастапқы деректерді даярлау.
  • Электр энергиясының ОРЭ субъектілерімен есепке алу жөніндегі келісілген, ақпаратпен өзара алмасу.