Трансформациялау бағдарламасы

Қазақ

 

 

 

 

БИЗНЕСТІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

«Біздің бүгінгі қол жеткізген жетістіктеріміз –  перспективалық даму үшін берік негіз. Қазіргі таңда әлемде болып жатқан оқиғалар көз ілеспейтін жылдамдықпен өзгеріп жатыр,  еліміздегі және әлемдегі өзгерістердің, шапшаң және үздіксіз дамып келе жатқан технологиялардың, ұрпақтардың алмасуы мен жұмыс күшінің жас кадрлармен белсенді түрде толыға түсуінің куәсі болып жүрміз. Мұның барлығы  өзіміздің компанияны қоса алғанда, кәсіпорындардың дамуына айтарлықтай ықпалын тигізеді. Бизнесті трансформациялау бағдарламасы біздің мықты жақтарымызды көрсетуге, сондай-ақ өз саламызда алдыңғы

                                                        қатардағылардың бірі болып қалуымыз үшін бұдан әрі жетілу салаларын анықтап

                                                        алуға көмектеседі.»

 

Б.Т. Қажиев

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы – Бағдарлама демеушісі

 

Трансформациялау бағдарламасы не үшін қажет?

 

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің алдына 2050 жылға қарай әлемнің 30 дамыған елдерінің қатарына кіру туралы міндет қойған болатын.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (Қор) Қазақстан Республикасының бірқатар ірі активтерін иеленген және Стратегияның мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті жағдайларда қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Қордың және оның бақыланатын портфельдік компанияларының инвестициялық және операциялық қызметі тиімділігінің көрсеткіштері мемлекеттік Стратегия мақсаттарына  қол жеткізу бойынша жағдайларды жасау үшін  жеткіліксіз. Қордың инвестициялық және операциялық қызметінің тиімділігін арттыру қажеттілігін қамтамасыз ету үшін Қор  өз қызметін және портфельдік компанияларының қызметін кең көлемде түрлендіру бағдарламасын әзірледі. Аталған бағдарлама Қордың барлық тобын трансформациялау үшін іргетасты және жалпы қағидаттарды қалыптастырады.

 

Бизнесті трансформациялау дегеніміз не?

 

Бизнесті трансформациялау бағдарламасы – бұл қызметтің тиімділігін арттыру, біртұтас ақпараттық кеңістік пен біріктірілген басқару жүйесін құру және сондай-ақ үнемі жетілдіріліп отырылатын корпоративтік  мәдениетті құру мақсатында  қалыптасқан және  іске асырылатын «KEGOC» АҚ операциялық қызметі жобаларының жинағы.

Трансформациялау бағдарламасының мақсаттары

Бизнес-процестер мен құрылымдарды стандарттау және оңтайландыру.         Қызметтің тиімділігін арттыру. Біртұтас ақпараттық кеңістік пен біріктірілген басқару жүйесін құру. Үнемі жетілдіріліп отырылатын корпоративтік  мәдениетті қалыптастыру.

Трансформациялау бағдарламасын іске асыру кезеңдері

Трансформациялау бағдарламасын енгізудің барлық процесі және оны іске асыру нақты кезеңдерге бөлінген:

 

0-кезеңі: Дайындық – негізгі құжаттар дайындалады және бекітіледі, команда жасақталады, консультантты тарту процесі басталады.

1-кезеңі: Диагностика және дизайн – мүдделі адамдардың тізімі және өзара іс-қимыл жасау әдістері,  Қоғамды трансформациялау үшін  бағыттар тізбесі, құндылықтар тізбесін талдау, жоғарғы деңгейдегі процестер картасы, автоматтандыруды басым ету және т.б. белгіленетін болады.

2-кезеңі: Жоспарлау – трансформациялау жобаларын іске асыру графигі бекітіледі.

3-кезеңі: Іске асыру – іске асыруға бекітілген жобаларды  графикке сәйкес іске қосу.

 

Трансформациялаудың негізгі бағыттары

 

Процестер

Ішкі процестерді  олардың тиімділігін арттыру және процестер иелерінің жауапкершілігін арттыру мақсатында  қайта қарау. Жетекші техникалық және жүйелік операторлармен бэнчмаркинг. Энергия тиімділік пен өндірістің экологиялығын арттыру. Бюрократияны азайту. Ұйымдық құрылымның тиімділігін арттыру.

 

Адамдар

Бірегей арнайы білімді сақтау мен беру және  жоғары білікті кадрлардың жоғары біліктілігін қолдау жүйесін жетілдіру. Барлық қызметкерлері қосылатын компаниялар құндылықтары жүйесін нысандандыру. Инновацияларды ынталандыруға бағытталған  басқарушылық дағдыларды дамыту. Жалпы мақсаттар шеңберіндегі  бірлік мәдениетін күшейту және жалпы өзекті мәселелерді шешу. Қызметкерлердің  жалпы іске  өз үлесін қоса білу саналылығын арттыру.

 

Технологиялар

Процестерді  заманауи үрдістерге сәйкес автоматтандыру. Біртұтас ақпараттық кеңістікті құру. Белсенді-бейімделген ҰЭТ-ты құру.

 

Деректер

Компанияның бизнес процестерін қол жетімді, заманауи және шынайы деректермен жедел және тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қамтамасыз ету. Құндылықты арттыру және ақпараттық ресурстарды қорғау. Алдыңғы қатарлы техникалық шешімдерді ендіру.

 

Трансформациялау бағдарламасы компанияның барлық еңбеккерлерін қалайша қамтиды?

 

Адамдар – бұл компанияның басты ресурстарының бірі, сондықтан Трансформациялау бағдарламасы персоналмен жұмыс істеуге басты көңіл бөледі. Компанияның барлық қызметкерлерінде Бағдарлама мақсаттарына сәйкес жаңа білімдер мен дағдылардың дамуына ықпал етеді. Трансформациялау процесіне тарту қызметкерлерге  кәсіби шеберлігін арттыруға,  құнды іс-тәжірибе алуға, өзінің барлық әлеуетін көрсетуге,  көшбасшылық қасиетін дамытуға және бастамашыл болуға  мүмкіндік береді.Компанияның  мамандары Трансформациялау бағдарламасын іске асыру қажеттілігін сезінулері және  командадағы күрделі де  қызық және танымдық жұмысқа бет бұрулары тиіс.

 

Компания қызметкерлері үшін негізгі пайда:

Жоғары кәсіби шеберлік пен  құзыреттілікті бағалайтын  заманауи және прогрессивті компаниядағы жұмыс. Өнімсіз жұмысты азайту. Қызметкерлерді өз еңбегінің нәтижелерін жақсартуға жұмылдыру. Біріктіретін және сенімді жұмыс істейтін орта. Бағдарламаны іске асыру үшін кәсіби шебер және компания тағдырына немқұрайлы қарамайтын адамдардан арнайы команда жасақталады.